ТҮРКІСТАННЫҢ АЖАРЫН АША ТҮСЕТІН ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Экономика Қоғам
226 Views

Түркістан қаласын көркейту жұмыстары облыс басшысы Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауында. Аймақбасшысы қаланы абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды тексеріп, мердігер мекеме басшыларына сын-ескертпелер жасады. Облысәкімі жауапты басшыларға жобалардың сапасына аса мән беруді ескертті.

– Саябақтар мен гүлзарлар жалпы қолданыстағы нысандар болғандықтан, сыртқы көрінісімен қатар, сапасына да аса көңіл бөлген дұрыс. Ондағы әрбір орнатылған нысан, ойын алаңшасы халыққа ұзақ мерзім бойы қызметету керек. Жобаны алып, жұмысты бастаған соң, соңына дейін абыройменатқарыңыздар, – деді Дархан Сатыбалды.

Түркістанды одан әрі дамыту бағытындағы жұмыстар үздіксіз жүргізіліп жатыр. Әкімшілік-іскерлік орталығындағы мектеп аумағындағы 1,75гектар жерге түрлі ағаштар отырғызылып, орындықтар мен қоқыс жәшіктеріорнатылған. 1072,0 м2 жерге ойын және спорт алаңшалары салынып жатыр. Сонымен қатар Б.Саттарханов даңғылынан әуежай бағытындағы 10,15 гектар аумаққа жайғасқан желілік саябақтың абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Аумаққа 836ағаш егіліп, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылуда. Мұнда арка, субұрқақжәне шатырлар қарастырылған. Ал 159 м2 аумаққа ойын алаңдары салынады.

«Отырар» мөлтек ауданын абаттандыру жұмыстарының басым бөлігі аяқталды. Мұнда 2,34 гектар аумақты алып жатқан субұрқағы бар гүлзар мен Яссы көшесі бойын жағалай орналасқан гүлзар құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Қазіргі таңда тұрғын үй аулаларын абаттандыру жұмыстары қарқын алды. Жоспар бойынша мөлтек аудандағы 3 аулаға ойын алаңшалары, 3 аулаға спорт алаңшалары салынады. Қозғалмалы орындықтар мен түрлі дизайндағы мафтар аула ажарын аша түспек.

КҮЛТӨБЕ ҚАЛАШЫҒЫ ТАҢДАУЛЫ ТУРИСТІК ОРЫННЫҢ БІРІНЕ АЙНАЛМАҚ

Түркістан қаласының «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының аумағын абаттандыру, Күлтөбе қалашығына күмбез орнату жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Аталған жұмыстарды жүзеге асыру 2021 жылы басталған. Жоба бойынша түзету жұмыстары жүргізіліп, сараптама қорытындысы алынған. 2022 жылғы республикалық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, толық игерілген.

Бұл нысан биыл қыркүйек айында тапсырылады деп жоспарланып отыр. Алдағы уақытта Күлтөбе қалашығы туристік орындардың біріне айналмақ.

2022 жылғы республикалық бюджеттен бөлінген 4 млрд. теңге толық игерілген. Осы арқылы күмбез шатырлары орналасатын жобада қаралған 27 тірек және 303 дана бетон қадаларының бетон жұмыстары толық аяқталған. Күмбездің шет мемлекеттен жеткізілетін металл конструкциялары толық нысанға жеткізіліп, нығайтылған қадалар құрастырылған.

Қалашықтың барлық жағынан Ясауи кесенесі көрінеді. Мұнда биіктігі 17 метр болатын шаңырақ іспеттес қондырғыларды орнату жұмыстары жүргізілген. Қондырғылар жергілікті климатқа төзімді. Болашақта археологиялық парктің қонақтары үшін сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасау мүмкіндігі туады. Күлтөбе қалашығы ежелгі Яссы қаласының бір бөлігі болған.

Жоба мемлекетпен айрықша қорғалатын аумақта, ЮНЕСКО ұйымының Дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасында іске асырылатындықтан, қазіргі археологиялық зерттеулер ЮНЕСКО мен ИКОМОС ұйымдарының дүниежүзілік мұра саласындағы халықаралық сарапшылар қауымдастығымен ынтымақтастықта жүзеге асып жатыр.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУ БОЙЫНША ТАЛҚЫЛАУ ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала елі» орталығында облыс аумағында туризм саласының дамуы туралы талқылау жиыны өтті. Еркін форматтағы мәжіліске Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық туризм және мәдениет басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Әділ Қонысбеков, жауапты сала мамандары мен оңтүстіктің туризм саласы өкілдері қатысты. Атап айтқанда, жиынға ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жауапты басшылар, қонақ үй мен мейрамханалардың негізін қалаушылар, гидтер, туроператорлар, қоғам белсенділері шақыртылды.

Бейсен Дәулетұлы биыл күзде Түркі мемлекеттері ұйымдарына мүше елдердің туризм министрлерінің қатысуымен маңызды жиын өткізу көзделіп отырғанын хабарлады. Ауқымды шарада 2024 жылы Түркістан қаласына түркі әлемінің туристік астанасы статусын беру қарастырылады.

Алдымен туризм саласында облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар мен жобалар таныстырылды. Түркістан өңірінде тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризм бағыттары бойынша жұмыстар атқарылады. Облыстық мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы Нұрдәулет Медеуовтің мәлімдеуінше, облысқа 2022 жылы 470 мың турист келген. 2023 жылдың 5 айында көрсеткіш 100 мыңды құрап отыр. Статистика EQONAQ туристерді есепке алатын бірыңғай ақпараттық жүйесіне тұрақты түрде енгізіледі. Туристік компания мен қонақ үйлердің мәліметі бойынша наурыз, мамыр және тамыз айларында сұраныс жоғары.

Туризм саласына тартылған инвестиция өткен жылмен салыстырғанда артқан. Бұл тұста жеке инвесторлардың белсене атсалысқаны байқалады. Жыл соңына дейін 16 жоба және 20 оқиғалық туристік іс-шара өткізу жоспарлануда. Әуе рейстерінің аясын кеңейту қолға алынды. Өзбекстан Республикасымен туризмді дамыту келіссөздері жүргізілуде. Қазақстанның өзге де аймақтарымен ынтымақтастық орнатылады.

Басқосуда инфрақұрылымды жүйелеу, экологиялық белсенді және балалар туризмін дамыту, гидтермен тығыз байланыста жұмыс жүргізу және оларды оқыту, ақпараттық-танымдық кітаптар шығару, жобаларды туризм саласының өкілдерімен кеңесе жүзеге асыру жөнінде ұсыныс-пікірлер ортаға салынып, алаңдатқан сауалдарға жауаптар берілді.

Жиынды ұйымдастырушылар барлық айтылған сындар, көтерілген мәселелер ескерусіз қалмайтынын және облыстың туризм саласын дамытуда бірлесіп нәтижелі іс атқарылатынын жеткізді.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙДЫҢ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Түркістандағы халықаралық әуежайды дамыту, жұмысын жандандыру мәселесі талқыланды. Өңір басшысы заманауи әуежайдың мүмкіндігі мен әлеуеті толық қолданылмай отырғанына тоқталып, жауапты басқарма басшысына тапсырма беріп, әуежай басшылығына ескертпе мен ұсыныстарын жеткізді.

– Халықаралық және ішкі бағыттарды көбейту керек. Шетелдің ірі әуе компанияларымен байланыс нашар. Әуежай жұмысын туризм саласымен байланыстыра дамытуды ұсынамын. Жауапты басқармамен бірлесе жұмыс атқарып, туристер санын арттырған жөн. Малайзия, Түркия, Ресей, Қытайға әуе рейстерін көбейтіп, саяхатшыларды тарту қажет. Әсіресе, Түркістанға зияратшылар шоғырын арттыруға мүмкіндік мол. Шетелдіктерге Түркістан тарихы, Қожа Ахмет Ясауи туралы насихаттау жұмыстары қолға алынсын. Екіншіден, Түркістан халықаралық әуежайының логистикалық әлеуетін де арттырып, жүк тасымалын ұлғайту маңызды. Жұмысты жандандыру керек, былай құр отыруға болмайды. Осы бағыттар бойынша нақты жоспар, ұсыныстар әзірленсін. Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуы тиіс. Әуежайдың даму жоспары, стратегиясы болуы қажет, – деді Дархан Сатыбалды.

Мәжілісте Түркістан халықаралық әуежайы өкілдерінің ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды. Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов әуежайдың қазіргі жай-күйі, атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Бүгінгі таңда Түркістан әуежайынан Ыстамбұл және Эль-Кувейт қалаларына халықаралық бағыт жұмыс істеп тұр. Сонымен бірге Астана, Алматы, Ақтау, Қарағанды, Ақтөбе және Орал қалаларына да тұрақты рейстер бар. «Turkish Airlines», «Jazeera Airways», «FlyArystan», «Scat», «Qazaq Air» және «Южное небо» әуе компаниялары қызмет көрсетуде.

Алдағы уақытта Түркістан қаласынан халықаралық әуе рейстерін ашу, Өскемен, Павлодар, Атырау, Көкшетау, Үшарал қалаларына субсидияланатын әуе рейстерін ұйымдастыру жоспарланған. Астана және Астана қалаларына қолданыстағы рейстер саны ұлғайтылды. Биыл қазан айында «Түркістан-Абу-Даби» бағытын ашу бойынша келіссөздер жүріп жатыр.

Түркістан әуежайының жолаушылар ағыны 2022 жылы 373,8 мың жолаушыны құрады. Оның ішінде 81,3 мың адам халықаралық рейспен ұшса, ел ішінде 292,5 мың жолаушы тасымалданған. Көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 24%-ға артқан. Жолаушылар тасымалы бойынша Түркістан әуежайы республикада 7-орында тұр.

«ТҮРКІСТАН-АБУ-ДАБИ» БАҒЫТЫНДА ӘУЕ РЕЙСІН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Биыл «Түркістан-Абу-Даби» бағытында әуе рейсі ашылады. Бұл туралы Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов мәлімдеді.

Түркістандағы халықаралық әуежайды дамыту, жұмысын жандандыру мәселесі талқыланды. Онда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов әуежайдың қазіргі жай-күйі мен атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы баяндады.

Бүгінгі таңда Түркістан әуежайынан Ыстанбұл және Эль-Кувейт қалаларына халықаралық бағыт жұмыс істеп тұр. Сонымен бірге Астана, Алматы, Ақтау, Қарағанды, Ақтөбе және Орал қалаларына да тұрақты рейстер бар. «Turkish Airlines», «Jazeera Airways», «FlyArystan», «Scat», «Qazaq Air» және «Южное небо» әуе компаниялары қызмет көрсетуде.

Алдағы уақытта Түркістан қаласынан халықаралық әуе рейстерін ашу, Өскемен, Павлодар, Атырау, Көкшетау, Үшарал қалаларына субсидияланатын әуе рейстерін ұйымдастыру жоспарланған. Астана және Астана қалаларына қолданыстағы рейстер саны ұлғайтылды. Биыл қазан айында «Түркістан-Абу-Даби» бағытын ашу бойынша келіссөздер жүріп жатыр.

Басқосуда облыс әкімі Дархан Сатыбалды заманауи әуежайдың мүмкіндігі мен әлеуеті толық қолданылмай отырғандығына тоқталды.

«Халықаралық және ішкі бағыттарды көбейту керек. Шетелдің ірі әуе компанияларымен байланыс нашар. Әуежай жұмысын туризм саласымен байланыстыра дамытуды ұсынамын. Жауапты басқармамен бірлесе жұмыс атқарып, туристер санын арттырған жөн. Түркістан халықаралық әуежайының логистикалық әлеуетін де арттырып, жүк тасымалын ұлғайту маңызды. Әуежайдың даму жоспары, стратегиясы болуы қажет, – деді Дархан Сатыбалды.

Айта кетейік, Түркістан әуежайының жолаушылар ағыны 2022 жылы 373,8 мың жолаушыны құраған. Оның ішінде 81,3 мың адам халықаралық рейспен ұшса, ел ішінде 292,5 мың жолаушы тасымалданған. Көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 24%-ға артқан. Жолаушылар тасымалы бойынша Түркістан әуежайы республикада 7-орында тұр.

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША ӨТІНІШ КӨБІРЕК

Түркістан облысы әкімдігінде тапсырмалардың орындалуы мен тәртібі жөнінде мәжіліс өтті. Күн тәртібінде құжат айналымы және облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының жүзеге асуы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралу жағдайы, орындаушылық тәртібінің жай-күйі, облыс әкімінің халықпен кездесу барысында көтерілген мәселелердің орындалуы барысы талқыланды. Жиынға Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Облыс әкімі аппаратының бөлім басшыларының есебі тыңдалды.

Өз салалары бойынша Құжат айналымын қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Камелия Дүйсебекова, Өтініштердің қаралуын бақылау бөлімінің басшысы Шамшия Қыстаубаева, Персоналды басқару қызметінің басшысы Бақыт Ералиев, Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұркен Аралбеков баяндама жасады.

Жиында тапсырмаларды кешіктіріп орындаған басқарма басшыларының уәждері тыңдалды, оларға тәртіптік шара көру жөнінде ұсынысберілді. Аудан, қала әкімдеріне де жұмысқа жауапкершілікпен қарау тапсырылды.Аудан, қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша берілген тапсырмалардыңорындалу барысы да сараланып, әкімдерге тиісті ескертпелер айтылды.

2023 жылдың 6 айында жалпы облыс көлемінде 32 854 өтініш, ұсыныс, шағым түсіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3%-ға көбейген. Түскен өтініштердің 28 127-і қаралды, 2 274 өтініш қаралуда, басқа өтініштер де бақылауға алынған. Әсіресе, жер және ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша өтініш көбірек. Түркістан облысы бойынша 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 1208 азамат сенім телефонына хабарласқан. Оның ішінде 892 азаматтың мәселесі қанағаттандырылды, 200 азаматтың мәселесі бойынша оларға заңға сәйкес түсіндірме беріліп, 116-сы орындалу барысында.

2022-2023 жылдары бекітілген кестеге сәйкес облыс әкімінің барлық аудан, қала тұрғындарымен жалпы 51 кездесуі өтті. Жалпы 51 кездесудің қорытындысымен халық тарапынан 473 мәселе көтеріліп, олардың 37-не заңнама аясында түсіндірме беріліп, қалған 436 мәселенің орындалуы бойынша іс-шара жоспары бекітілді. Оның 102 жобасы 2022 жылы, 166-сы 2023 жылы, қалған 168-і 2024-25 жылдары жүзеге асырылады деп межеленген. 2022 жылы жоспарланған 102 жобаның 85-і (83%) шешімін тапқан. Бұл бағытта жұмыс жалғасады.

Мәжілісті түйіндеген аппарат басшысы тәртіпті күшейтуді және ел өтініштеріне жауап беру және өңірді дамыту бағытындағы тапсырмаларды сапалы атқаруды тапсырды.

– Тұрғындар тарпынан «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне, кездесулер барысында түсетін өтініштерге уақтылы жауап беру керек. Ай сайын өтініштердің барысын талдай отырып, өтініштердің мерзімінде және сапалы жолдануын қатаң бақылауға алу қажет. Шешімі табылмай жүрген мәселелерге талдау жасалып, арыз иесін жеке қабылдап, нақты шешілу жолдары бойынша заңға сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілсін. Әр басқарма өз салалары бойынша аудандағы тұрғындар тарапынан көтеріліп отырған мәселелерге талдау жүргізіп, шешу бойынша жол картасын әзірлеп, облыс әкімінің салаға жауапты орынбасарымен келісіп, бекітуі тиіс. Кемшіліктерге жол берген басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері мен аппарат басшыларының тәртіптік жауапкершіліктерін қарау жөнінде ұсыныс беріліп, мәжілісте айтылған ұсыныстар хаттамаға енгізілсін, – деген Еркеғали Әлімқұлов хаттамалық тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауда екенін жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *