ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР ҮШ АЙ ІШІНДЕ ҮЙЛІ БОЛАДЫ

Қоғам
505 Views

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына сапары барысында айтты.

– Расында, бұл – үлкен шаруа. Зардап шеккен азаматтардың бәрі үш айдың ішінде баспаналы болады деп уәдемді бердім. Оған күмәнім жоқ. Ол – бір. Екіншіден, Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына қатысты. Ең алдымен, осы мәселені шешейік. Содан кейін амандық болса, осы бір қасиетті жерге келіп, Ахмет Байтұрсынұлы бабамыздың рухына тағзым етіп, тойды өткіземіз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент тиісті көмек көрсетілетінін айтты.

– Барлық көмек болады. Ел болып, тұтасып, тату болып, бір-біріне көмектесіп, осы күрделі жағдайдан абыроймен шығамыз. Ең алдымен бірлік болсын!, — деді Президент.

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің баяндамасын тыңдап, өртті толық әрі жылдам ауыздықтау үшін шұғыл әрекет ету штабына бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ ведомство қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешіп, кәсіби кадрлардың дайындығын арттыру қажет екенін айтты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *