ТҮРКІСТАННЫҢ ТЕКТІ ТАРЛАНЫ

Білім Қоғам
1 062 Views

«Адам өмірі – қамшының сабындай ғана қысқа екен, досыкөп, ұрпақ тәрбиелеген ұтады екен» – деп Қорқыт атамыз адамзатқа қатысты данасөзін болашақ ұрпағына бағдарлағандай. Біздің бүгінгі «Әділет» газетінің – «Бұл қазақта жігіттер бар нарқасқа»… айдарымен шыққалы отырған кейіпкеріміз деөзінің жас та, қайратты ғұмырын ұрпақ тәрбиесімен ұштастырып, туған жерінің болашағы үшін ерен еңбек етіп, елдің алғысына бөленіп жүрген азамат, бауырмалдос, үлкенге ізетті іні, кішіге құрметті аға – Айдос Кенжеханұлы Абпазов туралы болмақ.

Дүниеде мамандық көп. Сан түрлі, саласы көп. Көз майыңды тауысып, көңіліңе жаққан оқуды бітіргесін, оң жамбасыңа келетін оңтайлы мамандықты игеруге құлаш ұрып, құлшынасың, икемделесің, бейімделесің. Бұл – өмір заңдылығы. Осы қағиданы қатаң сақтап күш-жігерін адал еңбекке бағыштаған Абпаздың немересі, Кенжеханның ұлы Айдос та қасиетті Түркістан қаласында педагогтар отбасында дүниеге келген. 1994 жылы Түркістан қаласындағы қазіргі Ататүрік атындағы мектепті үздік бітіріп, қос қанатымен алып ұшып Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің тарих-филология мамандығына оқуға түседі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»,– демекші әкесі де, анасы да жоғары білімді, ұстаз азаматтар ретінде ұл-қыз тәрбиелеп, олардың білім алуына жағдай жасап, үкілеп тәрбиелеп өсірген ұлдарының бірі Айдос университетті қызыл дипломға бітіріп, ғылым жолын қуады. Тарих мамандығы бойынша магистратураға түсіп, әрмен қарай аспирантураны тәмәмдайды. Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін сәтті қорғайды. Алғашқы еңбек жолын Түркістан қаласындағы №9 Некрасов атындағы мектепте тарих пәні оқытушысы ретінде қызметін бастап, осы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне дейін көтеріледі. Осы орайда әкесі Кенжекең де кезінде Қазақстанға танымал болған 80 жылдық тарихы бар педагогикалық училищеде жастарға білім беріп, талай шәкірт тәрбиелеген. Бүгінде құрметті зейнеткерлікте. Немерелерінің алдында ардақты ата болып отырса, аяулы анасы – Ұлбосын апамыз да биология пәнінің ұлағатты ұстазы болып С.Сейфуллин атындағы мектепте ұзақ жылдар еңбек етіп, көптеген шәкірттер тәрбиелеп зейнеткерлікке шығады. Бұл туралы ардагер ұстаз, Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек аға Құлбайымбетов те өз сөзінде: Абпазовтар отбасы жайында айта келе, Айдостың өте еңбекқор,ізденімпаз ғылымға жаны құмар азамат болып қалыптасқаны, спорт саласына да ықыласы ерекше екенін сондай-ақ, Түркістанның дамуына, елдің ынтымағына бөленіп, әлеуметтік мәселелердің шешімін табуда белсенділік танытып жүрген патриот азамат болғанын ерекше ықыласпен баяндап берді. Тектілігін танытты. Мұның бәрі ненің белгісі –әрине ата-ана тәрбиесі!

Бүгінде Айдос Кенжеханұлы Түркістан қаласындағы 80 жылдық тарихы бар киелі оқу орны болып саналатын Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжініңдиректоры қызметін абыроймен атқарып келеді. «Әке көрген оқ жонар», – дейдіқазақ. Бұл – өмірдің өзінен ойып алынған, еш қоспасыз пәлсапалық ұғым екеніайдан анық. Ұлды – әке, қызды – ана тәрбиелесе, одан ешкім ұтылмасы сөзсіз.Расында, ұлдың нағыз ер азаматқа тән өр мінезді қайсар, батыл, намысшыл,елжанды болып ержетуі үшін әкенің үлгісінің, өнегелі тәрбиесінің рөлі зор. Осытұрғыда ата-анасынан тәлімді тәрбие алып, әке жолын жалғаған Абпазов Айдостың –сегіз қырлы, бір сырлы тұлға екенін айта кету керек. Ордалы оқу орнын, біліммен өмір жолына тәрбиелейтін құтты орынды басқару бақытына ие болған ол өзініңбілгірлігі мен танымының кеңдігінің арқасында бұл күндері «Nur Otan» бастауышпартиясының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты болып жүрген бесаспап азамат.Басшылық қызмет атқарып, халықпен етене араласқан, үлкен-кішінің құрметінебөленген жан, елінің мәртебелі марапаттарына ие болған халық қалаулысы.Мектепті – білімнің тірегі десек, ал тәрбиеші мен мұғалім – сол мектептіңжүрегі, яғни бұл мамандық иелерінің қолында адам тағдыры, болашақ ұрпақтыңтәрбиесі тұр. Сондықтан да ұстаздардың, жалпы педагогтардың әлеуметтік жағдайынкөтеріп, денсаулықтарына ерекше көңіл бөлуді қолдап, олардың тым төмен күйдікешпеуіне атсалысып, тұжырымды пікірлерін ортаға салып жүрген Айдос Кенжеханұлы»Ұстаздық – ұлы кұрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтыңбасшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстазөсіреді…Өмірге ұрпақ әкелген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақтытәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз» дегенБ.Момышұлының сөзін ұстаным ете білген ерен ер десек артық айтпаймыз. Қызметінеадал бола білген оның еңбегі еленіп, Қазақстан Республикасы Президентінің,Түркістан қаласы әкімінің, облыстық білім басқармасының, ҚР білім және ғылымминистрінің алғыс хаттары, Құрмет грамоталары және дипломдарымен, мемлекеттікорден, медалдармен марапатталған. Өмір жолы – еңбексүйгіштіктің, қоғамға адалқызмет етудің, адамгершілік асыл қасиеттердің жарқын үлгісі болып табылады. Өзісінің білгір маманы болумен қатар ішкі дүниесі де бай, аса бір мәдениетті жан.

Белдеудегі тұлпардай бебеулеп, спорт десе, бүйрегі бұрып тұратын оның және бір артықшылығы жастарды, яғни болашақ ұрпақты салауатты өмір сүре білуге, адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі дерттерден сақ болуға, одан қорғана білуге, қоғамға, адам ағзасына теріс әсері бар заттардан аулақ болуға шақырып, спортқа қызығушылықтарын оятып, соның ішінде футболға назарларын аударып үлкен алаң салдырды. Қазіргі таңда мұндағы жас командалар республика көлемінде жүлделі орындарды иеленіп жүр. Бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет екені даусыз және мақтауға тұрарлық дүние. Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын дегендей Айдос Кенжеханұлын мақтап отырғанымыз жоқ, біз тек оның елге, жерге деген махаббатының бір қырын ғана жеткізудеміз.

Шығыстың ойшылы Жүсіп Баласағұн: «Адамның мәңгі болмағы, оның ары мен ел үшін еткен еңбегінде» дейді. Саналы ғұмырын елінің болашағына арнаған тұлғалар аз емес қазақта. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де осындай арлы азаматтар қатарынан орын алып, шоқтығы биік тұр. Ал енді туған елінің, халқының азаматына деген ықыласы соншалықты кешегі өткен «Nur Otan» партиясы ішіндегі сайлауында праймеризге қатысқан Айдос Түркістандықтардың ең көп басым дауысын иеленді. Яғни, бұл да халықтың оған деген сенімінің, үкілі үмітінің айғағы болар. Халық өз азаматынан әлі де көптеген ізгі, игі әрекеттердің жемісін көрсетуді қалайды.

Қазақ жақсы көрген адамына: «Нұр жаусын!» деп тілейді. Мұның астарында Тәңірім игілікке жұмсалатын күш-қуат берсін деген ниет жатыр. Біз де өз кезегінде Айдос Абпазовқа алдағы уақытта бар жақсылықпен қоса, ел үшін етер еңбегіне береке тілеп, халқына адал қызмет көрсетуде қанаты талмасын дейміз!

Қуаныш БОТАБЕКОВ,

журналист.

Шымкент – Түркістан – Шымкент

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *