ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КӘСІПКЕРЛІКТЕН КӨШ БАСТАП ТҰР

Экономика Қоғам
281 Views

Түркістан облысы кәсіпкерліктің саны бойынша елімізде алдыңғы қатарда. Әсіресе шағын және орта бизнес қарқынды дамып, олардың саны 147 мыңнан асқан. Пандемияға қарамастан былтыр жалпы кәсіпкерліктің саны 6,8 мыңға жетіп отыр. Өндірілген өнім көлемі де аз емес. Өнім 47%-ға ұлғайып, жалпы құны 1,2 трлн. теңгеге жеткен. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық отырыста баяндалды.

Өткен жылдың қорытындысымен шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 26% құраған. Алдағы төрт жылдық көрсеткіш жоспардан асыра орындалды деуге болады. «Қарапайым заттар экономикасы» арқылы бүгінгі күнге 42,9 млрд. теңгеге 315 жоба қаржыланған. Айта кетерлігі, бағдарламаны жүзеге асыру бойынша Түркістан облысы алдыңғы қатарда. Бұдан өзге «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы да белсенді орындалуда. Бағдарлама бюджеті биыл 43%-ға артып жалпы соммасы 11,6 млрд. теңгеге жетіп отыр. Қазіргі таңда осыған орай несиелеу жұмыстары басталып та кеткен.

Биылдан бастап бюджеттен бөлінген қаражат шеңберінде несиелерді субсидиялаудың жаңа мүмкіндіктері қарастырылған. Яғни кәсіпкерлерге жеңілдетілген 6 пайызбен 40 млрд. теңгеге дейін несие беру мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда аталған несиелерді кәсіпкерлерге барынша бағыттау үшін, аудан және қала әкімдіктерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Өйткені кәсіпкерлерге жеңілдетілген несиенің пайдасы орасан. Жұмыс күшін азайтуға да әсер етінін анық.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен жергілікті деңгейде бірқатар жобалар іске қосылып, сәтті жүзеге асырылуда. Бұдан өзге ірі кәсіпкерлердің көмегімен микробизнесті, стартаптарды қолдау мақсатында өңірімізде тағы бір жоба бастау алған. «Кәсіпкерлік Қырандары» деп аталатын жобаның арқасында 16 стартапменторлар қолдау білдірген. Айта кетейік алдағы уақытта жоба жалғасын табады.

Осыған дейін «Бастау Бизнес» түлектерін қаржыландыру мақсатында «Атамекен – Түркістан» микроқаржы ұйымы құрылған болатын. «Бастау Бизнес» түлектері бүгінгі таңға 1,4 млрд. теңгеге несиеленді, қосымша 1,1 млрд. теңгеге несиелеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ «Керуен Сарай» және «Эко Базар» саудагерлеріне арналған «YassyBusiness» бағдарламасы да өз жұмысын жалғастырады. Қазіргі таңда 180 млн. теңгеге 10 жоба қаралу үстінде. Бағдарламаның жалпы қаржысы 1 млрд. теңге. Нақтырақ айтатын болсақ, 330 млн. теңге жергілікті бюджет, 670 млн. теңге Даму қорының қаржысы. Осы бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлер үшін 25 млн. теңгеге дейін 7 жылға берілетін, 4 пайыздық несиелер де қарастырылған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *