ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТҰҒЫРЫ БИІК БОЛСЫН!

Қоғам
1 062 Views

– Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері егемен елімізде білім және тәлім-тәрбие саласына баса назар аударылып келеді. Жоғары және арнаулы орта оқу орындары, мектептер мен балабақшалардың саны күн санап арта түсуде. Олардың арасында мемлекеттік және жекеменшік секторға қатыстылары да бар. Бірақ, бәрінің мақсат-мүддесі бір, қойылатын талап ортақ.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдаулары, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры», тағы басқа да бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру жолында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда. 2019 жылы «Педагогтардың мәртебесі туралы» арнайы заң қабылдау көзделген. Мұның үстіне келесі жыл Жастар жылы деп жарияланған. Осы орайда, біздің колледжімізде жас ұрпаққа терең де сапалы білім, тәлімді тәрбие беру жолында бірқатар ізгілікті де игілікті шаралардың жүзеге асырылып отырғанын мақтаныш сезімімен жеткізе аламыз.

Ауыл шаруашылығы – Түркістан облысындағы басты салалардың бірі болып саналады. Сол себепті, ауыл және мал шаруашылығы үшін білімді де білікті мамандар даярлау – аграрлы колледжіміз үшін қазіргі күннің басты талабына айналып отырғанын терең сезінген ұстаздар қауымы өздерінің сабақтарын жоғары деңгейде өткізуге белсене атсалысуда. Теориялық білім мен тәжірибені ұтымды ұштастыра білген ұстаздарымыз сабақтас тыс сан түрлі мәдени-көпшілік шараларын да асқан белсенділікпен атқаруда.

Қымбатты ұстаздар қауымы, Отандастар! Сіздердің баршаңызды егемен еліміздің ең басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шынайы құттықтаймыз! Жас ұрпақ тәрбиелеу жолындағы жұмыстарыңызға шығармашылық табыс, елімізге тыныштық тілейміз!

Майя ТАСПОЛАТ,

Түркістан жоғары аграрлық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *