ХАЛЫҚТЫ ЗАҢГЕРЛІК ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – БАСТЫ МІНДЕТ!

Заң Құқық
352 Views

Түркістан облысының Әдiлет департаменті – мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтiкқұқықтық актiлерге мониторинг жүргізеді, әділет органдарынан және өзге демемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарғаапостиль қоюды, азаматтық хал актiлердi тіркеуді бақылауды, коммерциялық емес ұйымдарға жататын заңды тұлғаларды және филиалдар мен өкілдіктерді есептіктіркеуді, құқықтық көмек пен заңгерлік қызмет көрсетуді, сот актілерінің орындалуын қамтамасыз етуді, зияткерлік меншiк құқықтарын қорғау мен сақтаусаласы бойынша міндеттерді жүзеге асырады.

Сондай-ақ,«Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттауданөткізу», «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларғааттестаттау жүргізу», «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.

Әділеторгандарына қатысты мәселелер бойынша және адвокаттардың, нотариустардың жәнежеке сот орындаушылардың іс-әрекеттеріне қатысты барлық құқықтық сұрақтарбойынша азаматтар Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметіне 119 нөмірі бойынша жүгіне алады. 2022 жылы Түркістан облысының Әділетдепартаментімен халықтың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында 2000-нанаса іс-шаралар ұйымдастырылды.

Түркістаноблысының Әділет департаментімен 2022 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің11 түрі бойынша жалпы саны 2939 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 5 қызметкер (Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Түркістан облысы бойынша филиалы) өтті.

2022 жылғы 20 маусымда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Бұл заң авторлық құқық объектілеріне құқықтарды қорғаудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғауды күшейтуге бағытталған салалық заңдардың нормаларына өзгерістер енгізуді көздейді. Осы орайда Түркістан облысының Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтарды қорғау бөлімімен өткен жылы жалпы саны 300-ге жуық құқықтық насихат жұмыстары жүргізіліп, жеке кәсіпкерлер және сауда орындарында авторлық құқықты қорғау және тауар таңбаларының тіркелуіне қатысты түсіндіру шараларын өткізу мақсатында кездесулер өтті.

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының баптарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, қазіргі таңда саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеу, қайта ұйымдастыру арқылы құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу, заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайтын тәртіппен «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүргізілуде. Жалпы өткен жылы облыс көлемінде 121 заңды тұлғалар, 46 филиалдар мен өкілдіктері мемлекеттік тіркеуден, ал 109, заңды тұлғалар, 24 филиалдар мен өкілдіктер қайта тіркеуден өтті.

Азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша:

Облыс бойынша 81627 (2021ж.-90046) азаматтық хал актілері тіркелді, соның ішінде:

-тууды тіркеу – 58949 (2021 ж.-61981);

-қайтыс болуды тіркеу – 9618 (2021ж.-13093);

-некеге тұруды тіркеу – 11986 (2021 ж.-13883);

-некенің бұзылуын тіркеу – 651 (2021 ж.-729);

-тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеу – 423 (2021ж.-360).

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласы бойынша:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалымен 2022 жылы жылжымайтын мүлікті тіркеу саласы бойынша 163552 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның 56583-і, яғни, 48,2 % электронды түрде орындалды.

Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша 197 нотариус, 172 адвокат, 201 заң кеңесшілері қызмет атқаруда. Нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығына және нотариаттық іс жүргізу ережелерінің сақталуына 8 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 2022 жылы әр түрлі негіздер бойынша 1 нотариустың лицензиясы тоқтатылды. Сонымен қатар әр түрлі негіздер бойынша 3 адвокаттың лицензиялары тоқтатылды. Облыстағы барлық аудан, қалалар адвокаттық қызметпен қамтылған. «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған Даму жоспарына сәйкес мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысатын адвокаттардың саны — 119, ол жоспарлы кезеңге бекітілген үлестің 64,3% құрап, жоспарда көрсетілген нысаналы индикаторға қол жеткізілді. 2022 жылы Республика көлемінде 170 мыңға жуық азамат мемлекет кепілдік берген заң көмегін алды.

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік сот орындаушылар саны – 15, жеке сот орындаушылары саны –151. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған Даму жоспарындағы Сот актілерін орындау тиімділігін арттыру бойынша нысаналы индикаторлардағы межелі көрсеткішке 45,0% (2021ж.-44,5%) қол жеткізілді.

Жалпы орындауда болғаны атқару құжаттарының жалпы саны — 652 135 , оның ішінде жалпы аяқталған атқару құжаттары – 287 100.

2022 жылы алимент өндіру санаты бойынша 24 203 атқарушылық құжат орындауда болған. Оның ішінде 4337-і аяқталған, қалған 19 866 құжат қазіргі таңда орындалу барысында.   Алимент төлеуден жалтарған және басқада атқарушылық өндірістері бойынша 361 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сонымен қатар 134 борышкерлердің мүлкі тәркіленді. Мемлекет пайдасына сома өндіру бойынша 169 023 атқару құжаты орындалып толығымен аяқталған.

Түркістан облысының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының тәртіптік комиссиясымен 2022 жылы 134 жеке сот орындаушының жұмысына жоспарлы тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 102 жеке сот орындаушының тәртіптік жауапкершілігі қаралды, 1 сот орындаушы лицензиясынан айырылды, 30 жеке сот орындаушының тәртіптік жауапкершілігі қаралу барысында.

Ал, ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаментіне 1 жеке сот орындаушысының лицензиясынан айыру туралы ұсыныс енгізіліп, нәтижесінде ұсыныс қанағаттандырылып, сотта қаралуда.

Жыл көлемінде Сот үкімімен мүлік тәркілеу бойынша 253 атқару өндірісі орындауға түсті. Оның ішінде 194 атқару өндірісі орындалып, атқару құжаттарының орындалуы 76,6%-ды құрады. Мемлекет пайдасына тәркіленген негізгі айғақты заттар: автокөліктер, автокөлік дөңгелектері, жанар-жағар майлар, мотокөліктер, алкоголь және темекі өнімдері, теледидарлар, компьютерлер және оның құрылғылары, терминал аппараттары, ұялы телефондар, қайықтар және қайық моторлары, балықтар, сексеуіл және жыңғыл ағаштары, яғни Қазақстан Республикасы Үкіметінің №404 Қаулысы негізінде жергілікті атқарушы органға және Түркістан облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне айғақ заттар өткізілді және ақша-қаражаттары бойынша 1 706 670 теңге және 300 АҚШ доллары мемлекет пайдасына тәркіленді.

Жалпы Түркістан облысының Әділет департаменті 2023 жылы бірқатар басым бағыттарға қол жеткізуді көздейді. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған Даму жоспарының орындалуы бойынша нысаналы индикаторлардағы межелі көрсеткішке жетуді, 005 бюджеттік бағдарламасы бойынша адвокаттар мен заң консультанттары тарапынан мемлекеттік кепілдік берген заң көмегін көрсету шеңберінде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңды тұлғаларды тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, АХАТ салалары бойынша мемлекеттік қызметтерді электрондық тәртіппен тіркеуді жандандыру, атқару өндірістері бойынша Түркістан облысының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасымен және аудандағы жеке сот орындаушылармен жұмыстар жандандыру, мемлекет кірісіне сомаларды өндіріп алу бойынша мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың сот актілерін орындау тиімділігін арттыру, зияткерлік саласы бойынша насихат жұмыстарын жандандыру болып табылады.

Мұхит Бекетұлы ТҰРҒАРАЕВ,

Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *