ШАРДАРА ХАЛҚЫ ЖАҢА КӘСІП ТҮРЛЕРІМЕН АЙНАЛЫСПАҚ

Қоғам
261 Views

“Ауыл аманаты” партиялық жобасымен таныстыру мақсатында кезекті кездесулер Шардара ауданында жалғасты. Сүткент және Шардара ауылытұрғындарын ауыл шаруашылығын кеңейту жайы қызықтырды. Жоба сарапшыларыұйымдасып кооператив құру, техниканы лизингке алу, жалпы аталған жобаныңмақсаты мен ерекшеліктеріне түсіндірмелер берді.

Жоба аясында 18 жастан бастап зейнет жасына дейінгіазаматтар несиеге қол жеткізе алады. Жоба-ның негізгі мақсаты – аграрлық бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау, жергіліктітұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға байланысты мәселелердің түйінін шешу.

Тұрғындардың басым бөлігі кепіл мәселесін қозғады. Айтуларынша жылжымайтын мүлік оның ішінде, баспана төмен бағаланады. Сондай-ақ тұрғын үйлердің сапасы да алаңдатады. Себебі бұған дейін банктер белгілпнген талап бойынша жұмыс істейді. Дегенмен аталған жаңа жобада мұның шешімі бар.

— Бұл жобада ауылдардағы қамыс, сабан, кірпіш, тағы да басқа салынған үйлердің кез келген түрі қабылданады. Баспананы лицензиясы бар бағалау компаниялары арқылы жүргізіледі. Ал Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тәуелді бағаға сүйеніп, шешім шығарады — деді жоба сарапшысы Гүлмира Бағжаева.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *