«ШЫМКЕНТ КЕЛЕШЕКТЕ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ТАНЫМАЛ ҚАЛАЛАР ҚАТАРЫНДА БОЛАДЫ»

Саясат Қоғам
704 Views

Елімнің патриоты ретінде кешегі батыр бабаларымыз дүбірлеп өткен дархан даланың бүгінгі қожайын ұрпағы болғанымды мақтан етемін.

Салт-дәстүрге бай, кеңпейілді қазақ халқының қызы болғаныма қуанамын. Туған жеріме деген шексіз сүйіспеншіліктің арқасында елімнің үшінші қаласы ретінде ойып тұрып орын алатын Шымкенттің бүгінгі келбетін дамытуға қосып жатқан үлесімді ойласам, өзімді бақытты сезінемін.

Шымкент қаласы – әлемдегі ең үздік қалалардың бірі болуға лайықты. Дүниежүзінде үздік қалалар рейтингін шығарарда басты 6 қағиданы ұстанады. Қаланың орны, инфрақұрылымы, мәдениеті, халқы, даму деңгейі және танымалдылығы сынға түседі екен. Шымкент – ежелден тоғыз жолдың торабында орналасқан, инфрақұрылымы сауда-саттыққа ыңғайлы, демографиясы жағынан еліміздегі көш бастап тұрған, мәдениеті озық қала екеніне дау жоқ. Тек қаламыздың әрбір тұрғыны шаһарды өз шаңырағындай көріп, оның тазалығына, дамуына, көркеюіне шынайы жүрекпен атсалыса білсе болды, біздің алмайтын қамалымыз жоқ.

Шымқаланың келешектегі келбетін бүгіннен бастап ойластырған басты құрылымдар ретінде «Nur Otan» партиясын айта аламын. «Nur Otan» партиясын биліктің партиясы деп сыңаржақ қараудың керегі жоқ. Қазір халық көз ашық, көкірегі ояу, шынайылық пен жалған ұранды ажырата білетін, саяси тұрғыдан сараптай алатын қабілетке ие. Билік пен бұқараның арасындағы алтын көпірге айналған «Nur Otan» партиясының азаматтық қоғамда атқарып жатқан жұмыстарының орны бөлек. Тәуелсіздіктің бастапқы даму сатысынан күні бүгінге дейін ұдайы халықтың ортасынан табылып, сенімін ақтауға тырысқан партия ілкімді істің нақты нәтижесін көрсетті. Мемлекет басшысы тапсырған әлеуметтік экономикалық жобалар мен бағдарламалардың орындалу барысында ел ішінде халықпен етене араласып, көптің көңілінен шыға білді. Елімізді әлемнің ең қуатты 30 елінің қатарына қосу – партияның болашаққа бағыт алған түпкі мақсаты және темірқазығы.

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ: ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!» атты бағдарламасы – осыған дейін қолға алған реформалардың жалғасы. Біз бұл бағдарлама арқылы қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартып қоймай, жаһандану дәуірінде бәсекеге қабілетті ел ретінде мемлекетімізді алға шығарудың бірден-бір жолын көздейміз.

Мен өзім жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, сонымен қатар бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі ретінде көптеген мәселелерді ашып айтқым келеді. Шымкент мегаполис статусын иеленгелі республикалық деңгейдегі ірі жобаларды қолға алды. Қалада инфрақұрылым өркендей түсті, қала бюджеті екі есе артты. Міне, елдік тұрғыда Қазақстандағы үшінші қала ретінде Шымкент әлемдік деңгейде дамудың бастапқы баспалдағында тұр. Сондықтан Шымкент республиканың үшінші қаласы ретінде ғана емес, болашақта әлемдегі ең танымал қалалардың қатарына кіруі тиіс. Ол үшін қазірден бастап тиімді қадамдар жасау керекпіз.

Осы орайда партия және партияның тұрақты комиссиясы қала тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалайды. Сонымен қатар, депутаттық сауалдар жүргізу, халық қалаулысы ретінде зерттеу жүргізу, халық пен биліктің ара қатынасын зерделеу арқылы алдағы уақытта Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ілкімді тетіктерді, жобаларды ұсына да біледі. Тұрақты комиссия өз жұмысын Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, қала мәслихаты регламентіне, мәслихаттың және тұрақты комиссияның бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізеді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алып, өз құзыреті шегінде экономика және бюджетті жоспарлау, қаржы, мемлекеттік сатып алу басқармасы мен тексеру комиссиясымен тығыз байланыса отырып, атқарған жұмыстарды саралауға негізі бар.

Комиссияның бес депутаты “Nur Otan” партиясы фракциясының мүшелері.

Осыған дейін қала мәслихатының және тұрақты комиссияның жұмыс жоспарларына сәйкес 12 сессия өтті, оның ішінде 6 кезекті және 6 кезектен тыс сессиясы өткізілді.

Сессияда қандай мәселелер қаралды, соған келейік. Алдымен сессияға енгізілетін мәселелерді алдын ала қарау және шешім жобаларын дайындау бойынша тұрақты комиссиялардың 50-ден астам мәжілісі өткізілді.

Өз құзырына сәйкес, бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясы қала мәслихаты сессиясында қаралған келесі мәселелерді алдын-ала талқылап, шешім жобаларын бірлескен тұрақты комиссияның қарауына ұсынады. Ең басты талқыланатын мәселе: қала әкімдігінің және тексеру комиссиясының 2020 жылғы Шымкент қаласының бюджетінің атқарылуы жөніндегі есебі туралы болды. Бүгінгі күні қала бюджеті бекітілген жоспарға сәйкес тындырымды тірліктер атқарған.

2021 жылдың І жартыжылдығында қала бюджеті әкімдіктің ұсынысымен 2 рет нақтыланды. Яғни, жыл басында қала бюджеті 387,6 млрд. теңге болса, І тоқсанда өткен бюджетті нақтылауда 60,9 млрд. теңгеге ұлғайып, 448,6 млрд. теңгені құраған. ІІ тоқсанда өткен бюджетті нақтылауда 33,0 млрд. теңгеге ұлғайып, 481,6 млрд. теңгені құраған. Жалпы жыл басында бекітілген қала бюджеті 94,0 млрд. теңгеге ұлғайып отыр.

Сонымен қатар, депутаттық сауалдардың нәтижесінде 20,5 млрд. теңге түрлі өзекті мәселелерге бағытталған. Оның ішінде, 2021 жылдың І тоқсанында қала бюджетін нақтылау барысында 12 784,8 млн. теңге, ІІ тоқсанында 7 559,1 млн. теңге бағытталған. Ағымдағы жылды қорытындылай келе, қаланың бюджеті 497,2 млрд. теңгеге ұлғайып қаланың түрлі салаларының барлығын қамтыды.

Тұрақты комиссия атап өтілгендерден басқа қала мәслихатының жұмыс жоспарындағы өзге де мәселелерін қарайды және де сессияда қаралатын мәселелердің барлығын алдын-ала тұрақты комиссияларда қарап және оларды түбегейлі зерделеу мақсатында, мәслихат депутаттарымен мониторингтік жұмысшы топтар құрып, қаламызды аралап, өзекті мәселелермен танысады. Бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссия өз өкілеттігін жүзеге асыру үшін жұмыс жоспарына сәйкес қаралатын мәселелерге тұжырымдамалар дайындады.

Бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссия бюджет мәселелерін қарауға тікелей қатысады, бюджетті нақтылау кезінде сайлаушылардың өтініштерінде айтылған мәселелерді көтереді.

Тұрақты комиссияның депутаттары қала әкімдігінің әртүрлі комиссияларының құрамдарына кіреді.

Сондай-ақ тұрақты комиссия мүшелері қала аумағындағы мекемелерде құрылған әр түрлі комиссиялар мен жұмысшы топтардың құрамдарында көпшілік мақсатта жұмыстар атқаруда.

Ай сайын тұрақты комиссия төрағасы мен комиссия мүшелері белгіленген кесте бойынша өз округтерінде азаматтарды қабылдау жүргізеді.

Тұрақты комиссия депутаттары қала тұрғындарымен кездесу барысында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» ҚР Президентінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы қала және аудан әкімдікпен, қала тұрғындарымен бірге өткізілген жиындарда қызу талқыланып, халыққа түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізуде.

Комиссия төрағасы бекітілген кестеге сәйкес азаматтарға мәслихатта айына 2 рет қабылдау жүргізуді жүзеге асырады.

Жыл бойында тұрақты комиссияның мүшелері бүгінгі күнге өз сайлаушыларымен 108 рет кездесу және 58 жеке қабылдау өткізді, депутаттар қаланы әлеуметтік-экономикалық дамытуға қала мәслихатымен жүргізілген барлық жұмыстарды, сондай-ақ өздерінің қосқан үлестері жайлы оларға толық мағлұмат беруге тырысады. Депутаттар бұл кездесулерде және жеке қабылдауларда сайлаушылардың мәселелерін жинақтауға және мүмкіндігінше оларды қалай шешу керектігін жоспарлайды.

Бұл бойынша құзырлы органдарға 36 мәселе бойынша депутаттық сауал жолдап, оң шешімін тауып, 89 мәселе бойынша Заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстарды ашық көрсету мақсатында комиссия төрағасы мен мүшелері әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, атқарылып жатқан жұмыстарын жариялап тұрады және БАҚ өкілдері мен тығыз байланыста, соның нәтижесінде бір қатар сұқбаттар мен мақалалар жарық көруде.

Комиссия мүшелері қалада атқарылып жатқан қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысады, одан тыс балалар үйіне, аз қамтылған отбасы балаларына мүмкіндігінше қолдау көрсетіп, қалада ұйымдастырылған қайырымдылық акцияларына қатысады.

Қала мәслихатының бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының депутаттары қаланың әлеуметтік-экономикасын және халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында бюджетке кіріс көзін табу бойынша жұмысты күшейтіп, Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыра түспек.

Азаматтарды жеке қабылдау кестесіне сәйкес комиссия төрайымы әр айдың бірінші және үшінші сейсенбісінде сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін Шымкент қаласы, N.Nazarbaev даңғылы, №10, Шымкент қаласы мәслихат аппаратында және әр айдың екінші және төртінші сәрсенбі күні сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін Шымкент қаласы, Бейбітшілік 3, «Нұр Отан» партиясының Шымкент қаласы Еңбекші аудандық филиалында» жеке қабылдау өткізеді.

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасы – қаладағы туристік нысандарды жаңарту, тұрғындарға қолайлы орта құру мақсатында әзірленген нақты іс-әрекет жоспары. Соның нәтижесінде, «Шымкент қаласының дендросабағын абаттандыру, велосипед және жаяу жүргіншілер жолағын орнату және жарықтандыру» нысанының құрылысы аяқталып, қала қонақтары мен тұрғындарға пайдалануға берілді. Партиялық бағдарламаны іске асыру бойынша әзірленген Жол картасындағы іс-шаралардың жылдық орындалуы үнемі фракция назарында.Біздің елімізбен туған қаламыздың одан әрі гүлденуіне, өзіміз үшін қолайлы болуына, әл-ауқатымыздың артуына қол жеткізуге мүмкіндігіміз зор деп білемін.

Альбина ЕЛШИЕВА,

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *