ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫН МҰРАҒА ҚАЛДЫРУҒА БОЛА МА?

Қоғам
446 Views

Өкінішке қарай, індет біздің отбасымызды айналып өтпеді, әкемізден айырылдық. Енді оның зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыра аламын ба?

Б. ҚОЖАХМЕТ,

Шымкент қаласы

Жеке зейнетақы шоттарында жинақталған ақша салымшының (алушының) меншігі болып табылады және ол қайтыс болған жағдайда да Қорда мерзімсіз уақытқа сақталады.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 32, 33-баптарына сәйкес міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

Зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыру өсиет бойынша немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет болмаған не ол бүкіл мұраның тағдырын айқындай алмаған кезде, сондай-ақ, азаматтық заңдарда белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлікке алу заң бойынша іске асырылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес мұраны алу үшін мұрагер мұраны ашу орны бойынша нотариусқа немесе заңға сәйкес мұраға құқық туралы куәлік беруге уәкілетті лауазымды адамға мұраны қабылдау туралы өтініш не мұраға құқық туралы куәлік беру туралы өтініш беру арқылы оны қабылдауы тиіс. Мұра ашылған күннен бастап алты ай ішінде, яғни мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде қабылдануға тиіс.

Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген Заңның 50-бабы 5-тармағының ережелеріне сәйкес, алушы, сондай-ақ, зейнетақы жинақтары бар және жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға БЖЗҚ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотындағы қаражаттан аспайтын мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді.

Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде беріледі.

Қолданыстағы заңнамада жерлеуге арналған біржолғы төлем үшін БЖЗҚ-ға жүгіну мерзімі бойынша шектеу көзделмегенін атап өткен жөн. Осыған байланысты заңнамада көзделген құжаттарды ұсынған кезде жерлеуге арналған төлем БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болғаннан кейін бірнеше жыл өткен соң да жүзеге асырылуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *