ЭЛЕКТРОНДЫ САУДА ЖАСАУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Экономика
1 012 Views

ҚР Салық кодексінде интернет арқылы тауарлармен электрондық сауда жасайтын салық төлеушілер үшін корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығына жаңа жеңілдіктер қарастырылған. Бұл үшін мынадай шарттарды сақтаған кезде:

— тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;

— тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;

— тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса немесе жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік немесе пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен келісім-шарттары болған жағдайда;

Аталған жеңілдіктер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90 пайызын құраған жағдайда қолданылады. Осы шарттар сақталмаған кезде салық төлеуші аталған жеңілдіктерді қолдануға құқылы емес. Жеңілдіктерді пайдалану үшін тауарлармен электрондық сауда жасайтын тұлға, бірінші кезекте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркеу есебіне тұруы қажет және жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны мемлекеттік кірістер органдарына жолдауы тиіс. Тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар салық органының сұрау салуы бойынша мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мерзімдерде және нысан бойынша ұсынады.

Ләйлә СЕЙСЕКОВА,

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыс басқармасының бас маманы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *