ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – БАЯНДЫ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Қоғам Құқық
1 441 Views

Сыбайлас жемқорлық кез келген елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына кері әсерін тигізеді. Сыбайлас жемқорлық (латын тілінен аударғанда бұзу деген мағынаны білдіреді) – лауазымды тұлғаның өзінің биліктік өкілеттіліктерін, өзіне жүктелген құқықты жеке мүддесі үшін пайдаланып, бекітілген ережеге қарсы әрекет етуінен туындайды. Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік қызметтегі адамдардың сеніміне, тазалығына күмән туғызады, сенімсіздік оларға ғана емес, жалпы мемлекет беделіне нұқсан келтіреді, конституциялық құқықтар тапталады, заңдылық принциптері бұзылады. Сыбайлас жемқорлық көлеңкелі экономиканы кеңейтеді, бәсекелестікке кері әсерін тигізеді, себебі пара бәсекелестік емес мүмкіндіктер жасайды. Сыбайлас жемқорлық қоғамдық адамгершілікке де қауіп төндіреді, себебі азаматтар санасында, әсіресе, жас ұрпақтарда, өмірдің жоғары деңгейіне жетудің негізгі әдісі заңға қайшы қызметпен байланысты екен деген терең өнегесіз сенім қалыптасуы мүмкін.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайдылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі және жеке басының қамын ойлауы парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде.

Сыбайлас жемқорлық – індет, оны жеңу міндет! Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

Осы заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық пен жаза – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру жұмыстарын кеңінен өрістету керек.

Бақытнұр ҚАЛДИЕВА,

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті заң басқармасының бас маманы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *