ҚАЗАҚСТАНДА ГЕОПАРК НЕГЕ ЖОҚ?

Мәселе
222 Views

Геомұра нысандарын сақтау бағыттарының біріретінде 1990 жылдары басталған Геопарк құру қозғалысы Қазақстанға әлі жетеалмай жүр. БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымында (UNESCO) 2002 жылдан Бүкіләлемдік геопарктер желісін құруды қолдайтын арнайы бағдарлама жұмыс істейді. Геологиялық парк – бұл көркем, заманауи жабдықталған табиғи аумақ,оның шегінде геологиялық ескерткіштер, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық түрде жарнамаланған және туризм, ғылыми зерттеулер мен демалыс орны ретінде қызмет ететін жалпыұлттық немесе жалпыәлемдік маңызы бар өзге денысандар бар.

Геопарктердің негізгі мақсаттарының бірі – аймақтың табиғи және мәдени мұрасын сақтау, жергілікті бірегейлік пен білім беруді нығайту, тұрақты туризмді ілгерілету.Сондықтан 2015 жылдың қарашасында ұйымға мүше мемлекеттер оны ратификациялады. Қазіргі уақытта Бүкіләлемдік геопарк желісіне 48 елдегі 195 нысан кіреді. Оныңішінде әзірге Қазақстан жоқ, көршілерімізден тек Қытай мен Ресей ғана бар. Осыарада 1924 жылы Қаратау тауларында КСРО-дағы тұңғыш «Юра дәуіріндегі Қаратаукөлі» палеонтологиялық қорығы ұйымдастырылғанын да айта кеткен жөн шығар.UNESCO-ның геопарктер жөніндегі ұлттық комитетінің төрағасы,геология-минералогия ғылымдарының докторы Саида Нығматованың айтуынша,кезкелген мемлекеттің ұлттық қазынасын, басқалармен қатар, ең алдымен әртүрлітарихи, мәдени, археологиялық, табиғи ескерткіштер құрайды. Соңғыларыныңарасында ғылыми, оқу-ағартушылық, тарихи-мемориалдық немесе эстетикалық маңызызор болғандықтан мемлекет те, жергілікті тұрғындар да ұрпақтан-ұрпаққа таза,сол қалпында жеткізу үшін олардың сақталуына алаңдайтын тірі және жансызтабиғаттың жеке объектілері бар. Жансыз табиғат ескерткіштеріне геологиялықнысандар жатады. – Қазір бүкіл әлемде геотуризмнің дамуына, яғни геологиялықжәне ландшафттық құндылығы бар табиғи ескерткіштерге маңыз берілуде. Оныңүстіне, бұл Қазақстан үшін өзекті мәселе, оның жер қойнауы «Менделеевкестесіндегі» элементтерге толы, сонымен қатар елімізді протерозойдан қазіргізаманға дейінгі планета тарихының көрнекі дәлелдері ұсынылған ашық аспанастындағы бірегей геологиялық-палеонтологиялық мұражай деп сипаттауға болады.Бізде қазба-кен орындарының мол көзі бар, әлемдік масштабтағы геологиялықтарихи ескерткіштер мен ең қуатты тектоникалық құбылыстардың іздері, ежелгіжанартаулардың қалдықтары, метеориттердің кратерлері, ежелгі теңіздердіңшөгінділері, оларды мекен еткендердің іздері бар. Іс жүзінде әрбір өңірдіңөзінің геологиялық нысандары бар, олардың жаһандық ауқымда түрлі эстетикалықжәне ғылыми құндылығы бар. Осының барлығы әлемнің түкпір-түкпіріндегі ғалымдармен туристердің назарын аударып отыр, – деген Саида Арапқызының сөзінеқарағанда КСРОдағы алғашқы палеонтологиялық және геологиялық қорықтарҚазақстанда құрылды. Елімізде геомұраны сақтау және геопарктер құру мәселелері1920 жылдардан бастап көтеріліп келе жатқанына қарамастан, геомұра объектілерінсақтау және геопарктер желісін дамыту туралы мәселе ашық және бұрынғыдан даөзекті болып отыр. Қазіргі уақытта республиканың геомұрасын сақтау проблемасыбірінші орынға шығып отыр: табиғи ресурстарды қарқынды, ұтымсыз игерусалдарынан Қазақстан жыл сайын туристерді тарту нүктесі бола алатынмүмкіндігінен айырылуда. Өңірлерде индустриялық емес, шикізаттық емесэкономиканы дамытуға жол ашып, бірегей табиғи геологиялық объектілергебағдарлану маңызды. Тек осылайша жаңа ұрпақ үшін бірегей табиғи объектілердісақтап, олардың денсаулығы үшін таза қоршаған орта қалыптастыруға болады.Геопарктер мемлекеттің қолдауымен құрылады, бірақ бастама «төменнен» бастауалады: жергілікті халықтың немесе жергілікті әкімшіліктің белсенділері мәдениетжәне геомұра объектілерін ұйымдастырады, қорғайды және кірістерді бөліп,бюджетке қажетті салықтарды аударады, геопарктерді дамыту стратегияларынәзірлейді, бекітеді. Қонақ үйлер, халық қолөнері, тамақтану орындары, жылқылармен көліктерді жалға алу және т. б. дамып келеді. Осыған байланысты Ұлттықгеопарктер желісінің дамуы өңірлердің өмірін айтарлықтай өзгертуге және олардыңэкономикалық тұрақтылығын да, инвестициялық тартымдылығын да күшейтугемүмкіндік береді. Қазақстан геопарктерді құруда зор әлеуетке ие: әсемдігіжағынан керемет ландшафттар бар, бай, жақсы зерделенген және егжей-тегжейлізерттелген геологиялық тарихы (қазіргі заманға дейін 600 млн жыл бұрын) біртөбе, инфрақұрылым дамуда: жолдардың саны мен сапасы, әуежайлар желісі ұлғаюда,қонақ үйлер және т. б. дамуда. Әрине, мұндай маңызды мәселені мемлекеттіңқатысуынсыз шешу мүмкін емес. Бұл бағыттағы алғашқы қадамдар жасалды. Мәселен,2023 жылғы 4 сәуірде Алматыда өткен UNESCO және Білім, ғылым, мәдениетжөніндегі ислам ұйымы (ICESCO) істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысындаоның төрағасы – ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Индустрия жәнеинфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитетіне геопарктер жөніндегіҰлттық комитетпен бірлесіп Қазақстанда алғашқы геопарк құру жөнінде және ҚРҰлттық геопарктер желісін ұйымдастыру процесі бойынша (болашақта UNESCO-ныңжаһандық геопарктер желісіне кіру перспективасымен) ұсыныс енгізу тапсырылды. Осыжылдың мамыр айында Геология комитеті, Орман шаруашылығы комитеті, Туризминдустриясы комитеті, Қазақтуризм АҚ басшылығының кездесуі өтті, ондагеопарктерді заңнамалық реттеу мәселелері, ұлттық геопарктер желісін құруқажеттілігі және басқа да мәселелер талқыланды. Бұл Қазақстанда геопарктер құруүшін өте маңызды қадам, өйткені бұл процесті жеке ынта-жігер үрдісіненөңірлерді тұрақты дамыту жөніндегі мемлекеттік жобаға аударады. Мәселен қазірҚытайда 180-нен астам ұлттық маңызы бар геопарктердің 41-і әлемдік мәртебеге иеболып үлгерді. Ресейдегі 3 геопарктің біреуі UNESCO Бүкіләлемдік геопарктержелісіне енді. Қырғызстанда қазір 3 геопарк құру жоспарлануда. Бұл үшін ҚырғызРеспубликасы Президентінің Әкімшілігіне заңнамаға «геопарк» ұғымын енгізу жәнеҚырғыз Республикасының аумағындағы геопарктерді одан әрі дамыту жөнінде ұсынысенгізілді. Қазақстан геопарк құруды бүкіл елден бұрын бастағанмен, әзірге көшсоңында жүр. Бұл олқылықты түзету енді Ұлт жоспары аясында қолдау тауып жатса,қанеки.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,

журналист

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *