ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАР БАЗАСЫНДА ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҰСЫНУ МҮМКІНДІГІН КЕҢЕЙТУ – БАСЫМ БАҒЫТТАРДЫҢ БІРІ

Қоғам
114 Views

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасовамен кездесті. Кездесу барысында Ұлттық пошта операторының қызметі, даму стратегиясы және басым бағыттары талқыланды. Компанияның Түркістан облысында газет-журнал жеткізу бойынша қызмет көрсету сапасын жақсарту, оның ішінде пошта байланысы операторының қызметтерін автоматтандыру жөніндегі жоспарлары айтылды. Сондай-ақ тараптар Түркістан облысындағы Ұлттық пошта операторының жобаларын цифрландыруды дамыту бағытындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Компанияның дамустратегиясымен таныстырған Басқарма төрағасы Әсел Жанасованың айтуынша,«Қазпошта» жаңа бағытқа бет бұрып, сандық технологияларды енгізумен, онлайнқызмет түрлерін дамытумен айналысуда. Ол қаржылық жағдайды оңалту, әлеуметтік банкті дамыту және қаржылық қызметтердің рөлін күшейту – «Қазпошта» жұмысыныңбасым бағыттары екенін атап өтті. Сонымен бірге инфрақұрылымдар базасында мемлекеттік қызметтерді ұсыну мүмкіндігін кеңейту, электронды коммерция менхалықаралық сәлемдемелерге баса мән бере отырып, дәстүрлі пошта бизнесінің тиімділігін арттыруға күш салынған. Аймақтардағы пошта операторы жұмысының әлеуметтікмаңыздылығына тоқталған Басқарма басшысы, бұл бағытта Түркістан облысының мүмкіндіктеріне тоқталды.

Өз кезегінде өңір басшысы ұлттық пошта байланысының операторының аймақтағы даму мүмкіндіктері мен пошта байланысы саласындағы инновациялық және цифрлық технологияларды енгізу бастамаларына қолдау болатынын атап өтті. «Қазпошта» АҚ логистика, пошта, қаржы және агенттік бағытында халыққа қызмет түрін көрсетеді. Түркістан облыстық филиалында 1173 қызметкер жұмыс атқарады. Оның ішінде 326 қызметкер – пошташы.

Сонымен қатарауылдық елді мекендерде зейнетақылар мен жәрдемақыларды, жалақыны төлеу,төлемдерді қабылдау, бойынша үздіксіз жұмысты қамтамасыз етіп, «Азаматтарғаарналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы мемлекеттік қызметтерін ауылдық пошта бөлімшелерінде ұсынады. Осы ретте,Түркістан облысында «Қазпошта» тарапынан салынатын заманауи ХАБ әріинновациялық пошта терминалы әлемдік стандарттарға сәйкес болады депжоспарлануда. Кездесуде осы бағытта да келіссөздер жүргізілді.

ШАРДАРАДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Шардара ауданындағы Жаушықұм ауылдық округінде «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан мәдениет үйінің құрылысы аяқталуға жақын.

Нысан құрылысы мердігер мекеме «Өмірзақ» ЖШС тарапынан жүргізіліп, 2023 жылдың 31 қазанына дейін аяқтау жоспарланған. 200 орындықты мәдени нысанда түрлі үйірмелерге қатысуға арналған секциялар да қарастырылған.

Сонымен қатар, аудандағы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында биыл жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Ауданда 2023 жылы аудандық маңызы бар және ішкі жолдарды жөндеуге жергілікті бюджеттен жалпы ұзындығы 35,53 шақырымды құрайтын 57 көшеге тиісті қаржы бөлініп, тас төсеу және орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын.

Қазіргі таңда асфальт жабынын төсеу жұмыстары Шардара қаласында және Көксу, Алатау батыр ауылдық округтерінде жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Шардара қаласы мен ауылдық округтердегі 25 көшеге, тас төсеу мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары ұйымдастырылып жатыр. Қоссейіт елдімекеніне кіреберіс 1,6 шақырымдық аудандық маңыздағы жолға орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталуға жақын қалды.

Сонымен қатар, «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында Жаушықұм, Қ.Тұрысбеков және Достық ауылдық округтеріндегі 17 көшеге асфальт жабыны төсеу жоспарланып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2023 жылға жолдарды күтіп ұстау жұмыстарына аудандық бюджет есебінен тиісті қаржы қаралып, Шардара қаласындағы 75 көшенің бұзылған жерлеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

КЕНТАУҒА ҚАРАСТЫ АУЫЛДАР АЖАРЛАНЫП КЕЛЕДІ

Кентау қаласына қарасты ауылдарда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Ащысай ауылында бағдарлама аясында Б.Момышұлы көшесіне аяқ жол салу жұмыстары жүргізіліп, 150 м суағар орнатылған. Сондай-ақ 6 дана жарық бағаналарын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталмыш көшенің жүріс бөлігіне нығыздау және тас төсеу жұмыстары жүргізілген. Асфальт салу жұмыстары атқарылмақ.

Ауылдағы Жангелді көшесінің 1180 м құрайтын аяқ жолына асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп, 290 м суағар орнатылды. Аяқжолдың қауіпті аймақтарына 18 м темір шарбақ орнату жұмыстары жасалды. Дәл осындай құрылыстар А.Құнанбаев, Т. Досжанова, Т. Рысқұлов, Торлан көшелерінде жүргізілді. Енді аталған көшелерге асфальт жабындысын төсеу жұмыстары атқарылмақ.

Желеу ақын көшесінің бойына 150 м суағар орнатылып, Нышанбаев, Құлымбетов, С.Мұқанов көшелеріне жоғарыда аталған құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясындағы жұмыстар қалаға қарасты Хантағы ауылында да жүзеге асып жатыр. Ауылдың 3 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары енгізілген. Қазіргі таңда, Хантағы көшесінің 1,1 шақырымына асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үсенбаев, Н.Төреқұлов, Достық, Қаратау, Иманов көшелерінде нығыздау және тас төсеу жұмыстары жүзеге асырылып жатыр.

Өткен жылы бағдарлама аясында Қарнақ ауылының 10 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселген болатын.

АУДАНДА 28,5 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

Келес ауданындағы жолдар жыл өткен сайын жаңарып, қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың пайыздық үлесі артып келеді. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 7 көшеге асфальт төселеді.

Олар ұзындығы 5,5 шақырымды құрайтын Қошқарата ауылдық округінің Бәйтерек елді мекеніндегі Алтыбаев және Жеңіс көшелері, Ақтөбе ауылдық округіндегі Бозсу елді мекенінің 4 көшесі, Денсаулық, Жаңа ғасыр, Жаңа ғасыр 1 және Жаңалық көшелері жөнделеді. Сонымен қатар аталған бағдарлама аясында Алпамыс батыр ауылдық округіне қарасты Қауыншы елді мекенінің Б.Тәжібаев көшесі де жаңаланады. Қазіргі таңда мердігерлер бойынша 7 көшенің де жеңімпазы анықталған. Келісім шартқа тұру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол жөндеу жұмыстары тамыз айында басталады деп жоспарланған.

Жолы жаңаратын ауылдардың қатарында Абай ауылындағы 8 көше, Алпамыс батыр ауылдық округінің орталығы Ақжол ауылындағы 12 көшеге қаржы қаралды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу веб порталына жариялау жұмыстары атқарылып жатыр. Жоспарлы жұмыстар жүзеге асқан соң Ақжол ауылы мен Бәйтерек ауылдарының ішкі көшелері 100 пайыз асфальтталса, аудан орталығының 99 пайызы орта жөндеуден өткен көшелер болмақ.

Жол жөндеу жұмыстары аудан аумағының өзге де нүктелерінде жүзеге асады. Бүгінгі таңда аудандық маңызы бар Жамбыл ауылдық округінің Бекбота және Ащыкөл ауылдарын жалғайтын «KXSG-31 Бекбота-Ащыкөл» жолының 9,9 шақырымын орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.

МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

Мемлекет басшысының тапсырмасымен республикалық бюджет қаражаты есебінен Сарыағашта бой көтеретін перинаталдық орталығы бар көпсалалы медициналық кешеннің құрылысына қатысты дайындық жұмыстары пысықталды. Облыс үшін маңызды нысанның жүзеге асырылу барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауында.

Президент тапсырмасын орындау мақсатында Сарыағаш ауданында қуаттылығы 150 төсек — орындық перинаталдық орталық пен 150 төсек — орынға арналған көпбейінді аурухананың жобасын әзірлеуге облыстық бюджеттен қаржы қаралып, жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Жалпы ғимараттың ауданы – 57 576 м2. Жауаптылардың басын қосқан облыс басшысы маңызды әлеуметтік нысан құрылысының әр кезеңін егжей-тегжейлі пысықтап, тиісті тапсырмалар берді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан өңіріне сапарында демографиялық өсімі жоғары аудандардың бірі Сарыағаш ауданынан перзентханасы бар медициналық кешен салуды тапсырған болатын. Жоба бойынша денсаулық сақтау саласындағы бірегей оператор «Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен 3 кезеңі бойынша, яғни, жер телімін орналасуы мен медициналық құрал-жабдықтар тізбесі, эскиздік жоба мен технологиялық бөлімдерін келісу бойынша келісім шарттар түзілді.

Құрылысы жоспарланған аурухананың жер телімі 10,5 гектарды құрайды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен отырыста медициналық кешеннің инфрақұрылымы, электр желісімен қамту, су, табиғи газ, кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Медициналық кешенде перзентхана, көпсалалы аурухана, емхана және әкімшілік ғимарат орналасады. Сонымен қатар арнайы шақырту бойынша келген дәрігерлерге арналған 50 орындық жатақхана салынады.

Түркістан облысының оңтүстік аудандарында 1 миллионға жуық халық тұрады. Демографиялық өсім бойынша Сарыағаш ауданы көш бастап тұр. Сарыағаш ауданында көпсалалы кешен ашу Келес, Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарының халқына білікті медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» АЯСЫНДА 18 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың кезекті кездесуі жоспарға сай Бірінші Мамыр ауылдық округінде өтті. Жиында аудан басшысы ауданның әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштері мен ІІ тоқсанда өткен басқосуда тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар барысын баяндады.

Ауылдық округ бойынша автомобиль жолының жалпы ұзындығы – 163,3 шақырымды құрайды. Оның ішінде: облыстық маңызы бар жолдар – 20 шақырымды құраса, оның қанағаттанарлық жағдайы – 95,6 %, аудандық маңызы бар жолдар – 24,5 шақырым, қанағаттанарлық жағдайы – 90,4 %, елді мекеннің ішкі көшелері – 143,7 шақырымды құрайды.

2023 жылға өтпелі «Облыстық маңызы бар 8,6 шақырым КХ-29 «Шарапхана-Жаңабазар -1 Мамыр» автомобиль жолы» орта жөндеуден өткізілуде, бүгінге бір қабат асфальт төселіп, жарықтандыру бағаналары орнатылды.

Биылғы жылы «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында Бірінші Мамыр ауылдық округі бойынша жалпы 14,7 шақырым 18 көше жөндеуден өтетін болады. Бүгінге:

1. Зағамбар е/м жалпы ұзындығы 4,8 шқ Шапағат, Отан, Самал, Алмалы, Ақбидай, Байлық көшелерін жөндеуге 116,6 млн теңге бөлініп, мердігер «Адаларна» ЖШС тарапынан тас төсеу жұмыстары басталды.

2. Зағамбар е/м жалпы ұзындығы 4,99 шқ Бірлік, Достық, Жас қыран, Астана, Адыраспан көшелерін жөндеуге 114,6 млн теңге бөлініп, мердігер «Бірлік» ЖШС анықталды, жұмыстар тамыз айында басталатын болады.

3. Зағамбар е/м жалпы ұзындығы 4,98 шқ Үшқоңыр, Алатау, Мереке, Көктем, Ақ отау, Н.Миралиев, Әль-Фараби көшелерін жөндеуге 106,9 млн теңге бөлініп, қазіргі кезде мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

Ауыз су саласында 2023 жылға өтпелі — Бейнеткеш елді мекенінде 24,4 шақырым ауыз су құбырлары жаңартылып, ішкі құбырларға су берілді. Бұлақ басы каптаждалды. Қазір нысанды қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Жаңажол елді мекенінде 37,7 шақырым ауыз су құбырлары жаңарту жұмыстары басталған. Нысан құрылысы 2024 жылға өтпелі.

2023 жылға өтпелі Тағайна елді мекенінде 11 көшеге (Айбын, Байлық, Береке, Бәйтерек, Бірлік, Ақжол, Ақпейіл, Аққайнар, Сазды және №1,2,3) және Жаңажол елді мекенінде жаңа массивке 183,0 млн.теңгеге мердігер «Шаңырақ ХХІ» ЖШС тарапынан жалпы 20,7 шақырым электр жүйесін тартып, 574 бағана, 6 дана трансформатор орнатылды. Тамыз айында іске қосылады.

Округтегі елді мекендерде орнатылған түнгі жарық – 15,8 шақырымды құрайды. 2023 жылы Ынтымақ елді мекеніндегі 1,6 шақырым орталық көшесіне түнгі жарық орнатылды. «Жарық жол» МКК тарапынан Алғабас елді 3,4 шақырым Бірлік көшесіне түнгі жарық орнатылады. Жұмыстар тамыз айында басталады. Сонымен қатар Тағайна елді мекенінде 2,4 шақырым Абырай көшесіне түнгі жарық орнатылуда.

Еркін форматта өткен жиын барысында аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндіріп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

АПАТТЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ КӨПІРЛЕР ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Аудан аумағында ағымдағы жылы апатты жағдайдағы 3 көпір ағымдағы жөндеуден өткізілетін болады.

Атап айтсақ, Жемісті ауылдық округіне қарасты аудандық маңызы бар Жемісті-А2 автомобиль жолының бойында орналасқан көпірді ағымдағы жөндеуден өткізу үшін бюджеттен қаржы бөлініп, бүгінгі таңда мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың қазан айына дейін аяқтап, тұрғындар игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың тамыз айында 2 көпір ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Атап айтсақ:

— Сарыағаш қаласы, Созақ көшесінде орналасқан Кескент каналының үстінен өтетін көпір;

— Әлімтау ауылдық округіне қарасты аудандық маңызы бар Әлімтау-Тасқұдық автомобиль жолының бойында орналасқан көпір.

Бүгінгі таңда көпірлерді жөндеуден өткізу үшін бюджеттен қаржы бөлініп, жеңімпаз мердігер мекеме анықталды.

ТАПСЫРМАНЫҢ ОРЫНДАЛУ КӨРСЕТКІШІ 85% ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің алты сектор тұрғындарымен соңғы кездесуінде жалпы 653 тапсырма берілген болатын. Тапсырмалардың орындалу көрсеткіші 85% пайызға жетті.

Нақтырақ айтсақ, Яссы секторының Тұран және Оралман мөлтек аудандарындағы 17 көшеге асфальт төсеуге жол негізі дайындалуда, жаяу жүргінші жолы құрылысы басталып, қарқын алды.

Кентау тас жолы бойына жоспарға сай 6 дана аялдама орнатылуда.

Тұрғындар сұранысына сәйкес, 2а бағытындағы қоғамдық көліктер жаңартылып, №17, №18, №2 бағыттарының бекітілген сызбасы ұзартылды.

Одан бөлек, секторда Қазтуған жырау, Шалкиіз жырау, Доспанбет жырау, Жиенбет жырау көшелерінен бастап тағы 7 көшедегі кәріз жүйесіне абоненттер қосылуда.

Бекзаттық тұрғындармен кездесуде көтерілген мәселелер жоспарлы жүзеге асырылып келеді.

Атап айтсақ, Самал көшесіне асфальт төселіп, Қалаби және О. Жандосов көшелері қиылысындағы ойын алаңшаларының аумағы абаттандырылуда.

Құлан және Самал 2 көшелерінде спорт алаңшасы мен балалар ойын алаңшалары бой көтерді.

Шауғар секторындағы Меркі көшесіне асфальт төселіп, А.Сабырханов көшесінде жаяу жүргінші жолының құрылысы басталды.

Ал, Отырар секторындағы Қорқыт ата көшесіне жаяу жүргіншілерге арналған жол салынып, А.Рысбеков көшесіне тас төселді.

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Отырар ауданында жалпы 39 көшеге ағымдағы және орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Аталған игі істер «Ауыл — ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде және жергілікті бюджет есебінен атқарылуда.

Бұған дейін Шәуілдір ауылындағы А.Маханбетұлы, С.Өтебеков көшелеріне асфальт төселген. Қазіргі таңда елді мекендердегі ішкі көшелерді жөндеу жұмыстары жалғасын тауып жатыр. Атап айтқанда Арыс ауылындағы П.Қалыбеков, Б.Қабылов, Ә.Смайлов көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Мұнан бөлек Темір ауылындағы Н.Құлымбетов, Қарғалы елді мекеніндегі Қарғалы-2, Талапты елді мекеніндегі Ж.Смайлов көшелерін асфальттау жұмыстары жүргізілуде.

Жол жөндеу жұмыстары аудан әкімдігі тарапынан бақылауға алынған. Аудан әкімі Сәкен Сұлтанхановтың тапсырмасына сәйкес жауапты мекемелер және аудандық мәслихаттың жанынан арнайы құрылған комиссия мүшелері бірлесе отырып жол сапасына қадағалау жүргізіп келеді.

Айта кету керек, 2023 жылға республикалық бюджет есебінен «Ауыл — ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 19,6 шақырым ішкі көшелерге және жергілікті бюджет қаржысы есебінен ұзындығы – 24,3 шақырым көшеге орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған.

КӨШЕ КӨРІКТІ, САЯБАҚ АЖАРЛЫ БОЛМАҚ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов ауданға әкім болып келгелі аудан орталығының абаттануы, көркеюіне және көшелердің кеңеюіне назар аударып жатқандығы баршаға аян. Аудан басшысы аудан орталығын жаяу аралап шықты. Жауапты сала қызметкерлері мен жоба жасап жатқан мекеме басшыларымен бірлесе қайта құрылыс жұмыстары жүргізілетін орындарға барып, атқарылатын жұмыстарды пысықтады.

— Аудан орталығындағы жүргізілетін құрылыс жұмыстарының нәтижесі – тұрғындар үшін тиімді болу керек. Әрбір істі, әрбір жобаны, әрбір идеяны тиянақты ойланып, жан-жақты қарастыру қажет. Одан бөлек, ағаштарды мүмкіндігінше кеспей, бос орындарды пайдаланған жөн. Тұрғындардың ұсыныстары да ескерілетін болады. Және барлық іс сапалы, әрі заман талабына сай болғаны абзал, — деді А.Сәбитов.

КЕЛЕС АУДАНЫНДА 28,5 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

Келес ауданындағы жолдар жыл өткен сайын жаңарып, қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың пайыздық үлесі артып келеді. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 7 көшеге асфальт төселеді.

Олар ұзындығы 5,5 шақырымды құрайтын Қошқарата ауылдық округінің Бәйтерек елді мекеніндегі Алтыбаев және Жеңіс көшелері, Ақтөбе ауылдық округіндегі Бозсу елді мекенінің 4 көшесі олар, Денсаулық, Жаңа ғасыр, Жаңа ғасыр 1 және Жаңалық көшелері жөнделеді. Сонымен қатар аталған бағдарлама аясында Алпамыс батыр ауылдық округіне қарасты Қауыншы елді мекенінің Б.Тәжібаев көшесі де жаңаланады. Қазіргі таңда 7 көшенің де жеңімпазы анықталған. Келісім шартқа тұру жұмыстары жүргізілуде. Жол жөндеу жұмыстары тамыз айында басталуы жоспарланған.

Жолы жаңаратын ауылдардың қатарында Абай ауылындағы 8 көше, Алпамыс батыр ауылдық округінің орталығы Ақжол ауылындағы 12 көшеге қаржы қаралды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу веб порталына жариялау жұмыстары атқарылуда. Жоспарлы жұмыстар жүзеге асқан соң Ақжол ауылы мен Бәйтерек ауылдарының ішкі көшелері 100 пайыз асфальттанса, аудан орталығының 99 пайызы орта жөндеуден өткен көшелер болмақ.

Жол жөндеу жұмыстар аудан аумағының өзге де нүктелерінде жүзеге асады. Бүгінгі таңда аудандық маңызы бар Жамбыл ауылдық округінің Бекбота және Ащыкөл ауылдарын жалғайтын «KXSG-31 Бекбота-Ащыкөл» жолының 9,9 шақырымын орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *