ҚАЗАҚ ЕЛІ

мәдениет Руханият
4 227 Views

Тәуелсіздік нұрымен

Елім менің гүлденген.

Ақындардың жырымен,

Қуат алып тербелген.

 

Тәуелсізбіз еркінбіз,

Алға қадам басатын.

Қуаттанып енді біз

Берекеміз тасатын.

 

Қазақ елі данасың,

Бағалаймын асылға.

Дархан байтақ даласың,

Дамып жатқан ғасырда.

 

 

ҚАЗАҚ ЖЕРІ

Ертеден ата-бабам қорғап өткен,

Біздерге аманат қып тастап кеткен.

Қадірлісің, көріктісің Қазақ жері,

Сарқылмас мұра болып бізге жеткен.

 

Қазақ елі ешкімге қызықпаған,

Керісінше басқалар кеп қызықтаған.

Бізде қайсар қазақтың ұланымыз,

Жерімізді құрметтеу ұранымыз.

 

Ұлан байтақ тамаша жеріміз бар,

Тап-таза мөлдіреген көліміз бар.

Қырынан қырмызы гүл жайнайтұғын,

Ғажайып көкорайлы беліміз бар.

 

 

ЖАРЫЛҒАМЫС ШЕШЕННІҢ СӨЗІ

1880 жылдарда Жарылғамыс шешеннің бір топта жиылған халыққа насихат етіп айтқан сөзі.

Сыйласқанмен сыйлас,

барың болса аямай,

Қинасқанмен қинас, әлің болса аянбай.

Кеңшілікте жараспаған, таршылықта

Бастырмайды маңайын.

Сараң байдан сұрасаңыз ат майын,

Бермес үшін айта берер жоқ жайын.

Ер жігіттен сұрасаңыз ат майын,

Ерлік қылып түсіп берер бір тайын.

 

Әділ төре мен Өтеген батыр арасындағы даулы мәселеге Асанқайғы деген қария мына сөзді айтқан екен:

 

Қырың ауыл Қасқарау,

Сөзімді төре басқарау.

Бір әйелге қызығып

Түбінде болма масқарау.

Мен қорқамын …

Сонау Шымкент Ташкентте

Жатқан шешен Сары ұлдан.

 

Мұнда Сары ұл дегені Төле би бабамыз екен.

 

 

АНАШЫМ

Анашым алтыннан да қымбатсың,

Талай рет сен ертегі тыңдаттың.

Әніңменен аяладың тербеттің,

Тәлім алып ізетті боп бойжеттім.

 

Анашым мөп-мөлдір бұлағымсың,

Шаршасам саялайтын шырағымсың.

Мұңайсам жұбанышым серігімсің,

Жаныма қуат берет әрбір ісің.

Ақжарқын БАЙБОЛАЕВА

№ 1 мектеп-гимназиясының 7 «Б» сынып оқушысы,

Ленгір қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *