ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯН СҰЛУ КҮНІ КӨЛЕҢКЕДЕ ҚАЛА БЕРМЕК ПЕ?

Қоғам
2 603 Views

Деректерде «Әулие Валентин күнін» Батыс Еуропа ХІІІ ғасырдан бері, АҚШ 1777 жылдан бастапмерекелеуде. Оның Қазақстанға және жалпы ТМД-ға өткен ХХ ғасырдың тоқсаныншыжылдарының басында келген деседі. Христиан діндарларының аңыздарында үшВалентин туралы айтылады. Біріншісі — Рим императоры Юлий Клавдийдіңсарбаздардың үйленуіне тыйым салған заңды бұзып, некелескені үшін өлім жазасынакесілген адам. Осы оқиғадан 200 жыл өткеннен кейін екінші император Геласиустіңшешімімен «Әулие Валентин» күні мерекеленген. Екінші бір діни аңыздаВалентиннің дін қызметкері екені, христиандарға көмектескені үшін түрмегеқамалғаны, сонда жатып оның түрме қызметкеріне ғашық болғаны, оның жазағатартылып, басының шабылғаны айтылады. Ал енді үшінші Валентин ешкімге ғашықболмаған. Христиан дінінің қызметкері болған оның не үшін жазаланғаны белгісіз.Тек ол өлім жазасына кесілгеннен кейін «Әулие» деп жарияланған.

Иә, аңыздар бірнеше болғанымен қазақ қоғамының дүйім бөлігі мойындап жүрген ақиқат біреу – «Бұл біздің мейрам емес!»

Мемлекеттік деңгейде бұл мейрам бекітілмесе де халық арасында таралуын әлі тоқтатпаған. Әсіресе жастардың арасында ерекше атап өтетіндері бар. «Әулие Валентин күні» мерекесін жарты қоғам тойлап, жартысы қаралаған соң, олардың арасында шындыққа талас туады. Әртүрлі пікірлердің болуы қалыпты жағдай дерсіз. Дегенмен, ұлттық деңгейде діні мен ұлты бөлек мейрамдарды тойлау қаншалықты дұрыс?

Осы орайда мерекенің шығу тарихына қаншалықты назар аударатынын және өзгенің Әулие Валентині қазақтың Қозы Көрпеш-Баян Сұлуы күнін көлеңкесінде қалдырмай ма екен деген оймен жастар пікірін біліп қайттық.

Әсем, 21 жаста:

– Бұл мейрамға өз басым бейтарап көзқарас ұстанамын. Егер бұл ғашықтардың бір-біріне қуаныш сыйлау себепшісі болса, онда оның тарихы маңызды деп ойламаймын.

Айдын, 21 жаста:

– Бөтен мерекелердің қазақстандықтар үшін зияны жоқ . Тікелей зияны жоқ. Мүмкін, кейде көзқарастардың қарама-қайшылығынан эмоционалды зардап кешетіндер бар шығар (Әулие Валентин натурал емес қой, Жаңа жыл қазақтарда тойланбау керек дейтіндер үшін).

Қозы Көрпеш – Баян сұлу мерекесі көлеңкеде қалмайды. Ұлттық меремізге назар азырақ болуы жәй ғана, оны тойлайтындар саны да сәйкесінше аз болғандықтан ғана деп ойлаймын. (Жаңа жыл-қазақ, орыс, украин, қырғыз, өзбек// Наурыз-қазақ, қырғыз, өзбек// Пасха – орыс, украин)

Еркебұлан, 23 жаста:

– Мереке тарихына көңіл бөлемін. Әдетте ондай мерекелерді тойламаймын. Иә, Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күніне аз көңіл бөлінетіні анық. Себебі адамдарға әлемдік деңгейдегі мерекелердің жарнамасы әсер етеді. Негізі кез келген мереке өзіне бір құндылықтарды алып жүреді ғой. Жана жылды жақын адамдармен, отбасымен байланыстырады. Наурыз да өзінің шын деңгейіне көтерілсе «Бірлік» деген құндылық алға шығар ма еді. Бұны көтеру үшін мемлекет тарапынан Ұлттық мерекелерге көп қолдау жасалуы керек.

Тұрсынбай, 19 жаста:

– Мереке тарихына мән бермеймін. Ол маңызды емес деп ойлаймын. Ал Қозы Көрпеш-Баян сұлу мейрамы тым дәстүрлі сипат алған. Оны заманға сай өзгертсек, тойлану ауқымы да кеңейетін шығар.

Гүлбарам, 20 жаста:

– Мереке тойлау кезінде оның тарихына көп назар аудармаймын. Мен үшін көңіл көтеретін болса болғаны. Шет ел мерекесінің Қазақстанға әкелетін зияны жоқ. Ұлтының рухы биік болса, ұлттық мереке ешқашан көлеңкеде қалмайды

Шынар, 21 жаста:

– Мерекенің тарихына көңіл бөле бермеймін. Оның шығу себебі маңызды емес. Оны қалай тойлайтыны маңызды.

Мысалы, американдық досым бар, ол өзінің ұлттық мейрамдарын Қазақстанда тойлайды. Ал өзім оны құрметтегендіктен мейрамына қатысамын. Келесіде мен оны біздің ұлттық мейрамымызға шақырғанда ол да құрметпен қарап келеді.

Ал 14 ақпанды тойлайтын адамдар таныстарымның арасында жоқ. Бірақ бұл мейрам католиктік діннен шықса да қазіргі кезде оны сол кездерге табынып емес, бір-біріне деген сезімді жеткізуге арналған ғана мейрам ретінде көретін жастар бар.

Немесе жаңа жылды алайықшы. Бұл мейрам жай ғана біздің отбасымызбен бір дастарқан басында жиналып өткен жылға разылығымызды білдіруге бір себеп қана. Бұл жалпы пікірім.

Жаңа жылды кәпірдің мейрамы дейтіндер де бар, ол оны атап өтуіне байланысты.

Гүлнұр БАЙДУЛЛАЕВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *