ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР: ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, АР-ҰЯТ, ТАЛАП

Білім Қоғам
1 686 Views

Өскелең ұрпақты адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – барлық кезеңдеөзекті. Біздің келешегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы.Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланыста, бір-бірінен бөліп алуға болмайтынбіртұтас процесс. Мектептегі тәрбие пән мазмұны, сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады.

ҚР Президенті Қ.Тоқаев қасиетті Түркістан қаласы, Түркі елінің шаңырағында өткізілген «Әділетті Қазақстан – адал азамат» атты ІІ Ұлттық Құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі» дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін, бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін – ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажеттігін – әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап өтті.

Біртұтас тәрбие бағдарламасы – адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатмектептердегі тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардыңбойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеті айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімдіигерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

Мақсаты: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы азаматты тәрбиелеу.

МІНДЕТТЕРІ:

1) ата-ананың өсиеттерін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу;

2) ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға тәрбиелеу;

3) жақсылыққа, игілікке бой түзеу, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу;

4) денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығы және эмоционалды тұрақтылыққа баулу;

5) табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға, табиғи ресурстарды үнемді қолдануға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

1) ата-анасын сыйлайды.перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды;

2) Отаншыл, намысшыл. Халқына адал қызмет етуді, елін қорғауды борышым деп санайды;

3) әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзіне берік, ісіне адал, кішіге ізет,үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды;

4) жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді;

5) тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық ортаға ұқыптылықпен қарайды.

ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ:

— Қазақстан мемлекетін нығайтуға атсалысу

— Қазақстанның оңтайлы имиджін қалыптастыру

— Ұлттық мұраға ұқыпты қарау

— Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту

— Қоғам игілігі үшін қызмет ету

— Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу

— Ұлттық мәдениетті дәріптеу

Күтілетін нәтиже:

— Отаншыл, мемлекетшіл

— Мемлекеттік рәміздерді қадірлейді

АР-ҰЯТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ:

— академиялық адалдық қағидатын қолдау

— адал еңбекті құрметтеу

— сөзіне берік, ісіне адал болу

— халқына адал қызмет ету

— әдеп нормаларын ұстану

— шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну

— достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік таныту

— өз отбасының, сыныптың, қоғамның бір мүшесі екенін сезіну

Күтілетін нәтиже:

— ар-ұят, адалдықты жоғары бағалайды

— сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытады

— ата-анасына сүйіспеншілікпен қарайды

— достарын, сыныптастарын сыйлайды

— кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді

ТАЛАП ҚҰНДЫЛЫҒЫ:

— сыни және креативті ойлау

— жеке және командамен жұмыс істей білу

— білуге, жаңаны тануға құштар болу

— физикалық белсенді болу

— салауатты өмір салтын ұстану

— технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерілету

— дұрыс қарым – қатынас орната білу

— уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау

Күтілетін нәтиже:

— жан мен тән тазалығын сақтайды

— дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді

— қоршаған орта тазалығын сақтайды

— ақпараттық, медиа және қаржылық сауаттылық-ізденімпаз жасампаз тұлға.

«Мектеп – оқушы – ата-ана» осы үштік одақ негізінде түсінушілікпен жұмыс істеу керек, баланың қазіргі күнгі жағдайы, оның психологиялық, әлеуметтік күйі, оқу үлгерімі талаптарын қарастыра отыра жүзеге асырылады.

Тәрбиенің негізгі мақсаты – баланың сауатты, сапалы білім алып тәрбиелі азамат болып шығуы. Мектеп психологтарының жұмыс бағыттары бар. Оның ішінде диагностикалық, дамыту, алдын алу, кеңес беру бағыттары бойынша жұмыс істейді. Бұл жерде ең маңыздысы – ағартушылық жұмыстары мен алдын алу жұмыстары. Ағартушылық жұмыстарына оқушыларға психологиялық денсаулық бойынша ақпаратты дұрыс беру, көңіл-күйді қалай көтеруге болады. Достық қарым-қатынас, сыныптастарымен байланысты қалай орнату керек, өзін қалай ұстауы керек, жан дүниесіндегі айтылмаған жағдайлар туралы сенімге кіре отырып психолог жұмыс істеуі керек. Өз-өзіне қалай дұрыс көмектесудің тетіктерін ағартушылық тұрғыда жеткізу керек.

Баланың тәрбиесі мен оқу үлгеріміне, көңіл-күйі мен отбасылық жағдайына байланысты дүниелерді оқушыларға ғана емес, ата-аналарға да жүйелі түсіндіріп берген абзал. Кейбір жағдайда балалар өздерінің ата-аналарының тәрбиесіне, айтқан кеңестерін қабылдай алмай жатады. Ата-аналар да өз заманымен қазіргі заманды салыстырып жатады. Сондықтан да балаларға қазіргі заманғы тетіктерді ескере отырып ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін айтып қана қоймай, көрсету керек. Тәрбиелік іс-шаралар өз алдына, мектепте мерекелік іс-шаралар, тәрбиенің жоспары негізінде атқарылатын сынып сағаттары, сабақтан тыс шаралар өткізіледі. Ал соның негізінде балалар өздерінің қызығушылықтары мен ізденістерінің нәтижесінде өз ынта-жігерімен қатысуы керек. Ата-аналармен байланыста көмек ретінде пайдаланып, шараға қатыстыру керек. Бұл жағдайда тәрбиелік кеңес пен ата-ананың ұрысынан кейін мұндай жағдай орын алып отыр. Кәсіби тұрғыдан балаға берілетін кеңес тыңдалғаннан кейін ата-ана жасайтын жұмыстар өз алдына жеке жасалуы керек. Ұрыс-керістің, не себепті кикілжің туғанын баланың көзінше ата-анамен талқыламау керек. Әр оқушы,ата-анамен жеке жұмыс істелуі керек.

Психолог алдымен маман ретінде ата-ананың мұң-зарын, ұсынысын, уәжін тыңдау керек. Ата-ана соның барлығын айтуға мүмкіндік беруі тиіс. Оның барлығын тыңдағаннан кейін ата-ананы қалыпты жағдайға шақыра білу де маңызды. Ата-ананың айтқаны дұрыс, орынды. Бірақ осы жағдайда нені ескеру керек. Осы орайда ата-анаға ағарту, профилактикалық жұмыстар жүргізген абзал. Баланың жағдайы қалай, осындай жағдай қалай орын алды екен деп түсінушілікпен, сеніммен, үйлесілімділікпен жұмыс істей отыра соңында белгілі бір мәмілеге келу қажет. Ата-ана өзінің іс-әрекетіне есеп бере алатындай, баласының жағдайын түсіне алатындай күйге келу керек. Ынтымақтастыққа, үйлесімді, сенімді ақпарат бере отырып, ата-ананың басты құндылығы – баласының амандығы, өмірінің қауіпсіздігі екенін жеткізуі тиіс. Сондықтан қандай жағдай болмасын, бала өмірінің қауіпсіздігіне көп көңіл бөлуіміз керек.

Ата-ана мен баланың арасындағы мәселені байыппен, байсалмен тыңдай отырып белгілі бір шешемге келу арқылы анық басатын қадамды ұсынуға болады. Ақыл-кеңес берілмейді бұл жерде тек бағыттап, өздері дұрыс шешім қабылдай алатын жағдайға жеткізу керек. Өмірінің мәні мен сәні баласының болашағы екенін түсінген кезде кикілжіңдер мен ашуға бой алдырмайды.

АТА-АНАМЕН БАЛА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ: ТӘЖІРИБЕ МЕН ДАҒДЫ

Мектеп психологының айтуынша, ата-ана арасында қиын жағдайды еңсеру үшін тәжірибе мен дағды қажет. Ұрыс-керістің нағыз себебін білу керек.сенім артатын адаммен талқылап, кеңесу керек. Кейде ең жақын адаммен де ой бөлісу қиынға соғып жатады. Сол кезде мектеп психологына келіп, дұрыс бағыт-бағдар жасауға болады. Осы сенімділікті орнатқан кезде бала өзі осы деңгейге жеткен кезде кеңес алуға келеді. «Мектеп психологына бар, психологқа апарамын» деп қинамау керек. Бала өзі қадам жасауы тиіс.

Психологтан кеңес алуға өз санасына жеткен кезде «мен қиналып тұрмын, ұрыс-керіс жиіледі, кімнен көмек ала аламын» деген кезде, мектеп психологына жүгінген кезде маман дұрыс жұмыс істей алуы маңызды.

ДЕР КЕЗІНДЕГІ ЖӘРДЕМ

Психолог көмек сұрап келген оқушыға дер кезінде жәрдем беру керек. Ең дұрыс әрекет мамандардан келіп бағыт алғанын түсіндіріп, қолдау керек. Үнемі шаршап жүрсе, не істеген дұрыс? «Қандай қадам жасауым керек?» деп сұрауы мүмкін. Психологқа балалар өз еркімен келуі үшін көптеген тренинг ұйымдастырылуы қажет. Сыныптарға барып, арнайы, белгілі бір тақырыптарда тренинг өткізу керек.

«Сыныптағы қарым-қатынас», «нағыз дос», «мен 5 сыныптамын» деген тақырыптық тренингтер өткізген кезде жаттығулар мен диагностикалар, сергіту сәттерінде бала мектеп психологына жеке барсам ба деген ой туындауы мүмкін. Тренинг барысындағы әрекетін саралай отырып, оқушылар тренингтен кейін психологқа келе бастайды. Осылайша дер кезінде көмек көрсетуге болады. Оқу үдерісі кезінде сынып жетекшісі немесе пән мұғалімі баланың тәртіп бұзуы немесе оқу үлгерімінің төмендеуі, сондай-ақ мінез құлқындағы өзгерістерді байқаған жағдайда тәрбие жұмысы орынбасарларына жүгінген абзал. Содан соң психолог, әлеуметтік педагог, инспектор, ата-анасына кешенді жұмыс жүргізіледі.

Сәуле Оралханқызы ДӘУРЕНБЕКОВА,

директордың І санаттағы тәрбие орынбасары, педагог-зерттеуші.

«М.Жұмабаев атындағы №15 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *