ТУБЕРКУЛЕЗ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК?

Денсаулық
72 Views

Туберкулез – бұлөкпе және лимфа түйіндерінде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Туберкулез бұл тек өкпе ауруы ғана емес, соныменқатар адамның барлық ағзаларының, сүйектердің, бүйректердің, мидың және миқабықтарының, терінің, көздің басқада ағзалардың да зақымдануы. Алайда өкпетуберкулезі жиі кездеседі. Жұқтырудың негізгі көзі – туберкулездің ашық түріменауыратын, яғни, сыртқы ортаға микобактерияны бөлетін адам.

Туберкулезадамнан адамға ауамен таралады. Жөтелгенде, түшкіргенде өкпе туберкулезі барадамдар ауаға туберкулез бактерияларын жаяды. Туберкулез қоздырғышының сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталу қабілеті бар, мысалы, микробактериялар тозаңдаған, көгерген үй жайларда адам үшін қауіпті, жылдар бойы өмір сүруге қабілетті.

Туберкулезауруына тек адамдар ғана емес, сонымен қатар малдарда шалдығады, сиыр, ешкі, бұғы, түйелер. Ауру жануардың сүті немесе еті адам үшін жұқтыру көзі болуымүмкін.

Науқастар өмір сүретін жерде санитарлық жағдайлар мен сақтық шараларын сақтау өте маңызды.

Егер өкпетуберкулезімен ауыратын науқас барлық гигиеналық талаптарды сақтаса, онда олайналадағыларға қауіпсіз. Өкпе туберкулезі тұқым қуаламайды. Туберкулезауруымен ауыратын ата-аналардың балалары сау болып туады. Алайда, барлық сақтық шараларын сақтамаған жағдайда бала туберкулезді жұқтырып, ауырып қалуы мүмкін.

Туберкулезмикробактериялары адам ағзасына түскен кезде ауру жұғады, бірақ туберкулезауруының дамуы әр жағдайда болмайды. Өкпе туберкулезінің ауруы иммунитеттөмендеген, жеткіліксіз тамақтану, қанағаттанарлықсыз санитарлық-гигиеналық жағдайларда орын алады. Негізінен иммунитеті нашар жас балалар, жыныстық жетілу кезеңіндегі жасөспірімдер және иммунитеті төмен қарт адамдар ауырады.

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ:

1. Салауатты өмір салты. Таза ауада серуендеу, күн және су процедуралары, дене шынықтырумен айналысу, демалыс пен еңбек жүктемесінің дұрыс үйлесімі толыққанды дәруменге бай тамақтану, жеткілікті және уақытылы ұйқы.

2. Жыл мезгіліне қарамастан, таза ауада мүмкіндігінше көбірек болу.

3. Жеке гигиена ережелерін сақтау, жуу құралдарын және ағынды суды пайдалана отырып, қолды, ыдыстарды жуу, тұрғын үй жайларды ылғалды жинау және желдету.

4. Жөтел этикасын сақтау.

5. Туған кезде БЦЖ-мен міндетті түрде вакциналау және 6-7 жаста қайта вакциналау.

6. Туберкулезді дер кезінде диагностикалау.

Шолпан СЕРІКОВА,

«Облыстық фтизиопульмонология орталығы»

Оңалту бөлімінің аға медбикесі.

Ақжарқын БАЙБАКОВА,

медбике

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *