ӘСЕМ ӘУЕЗДІ ШЫҒАРМАЛАР ШЫРҚАЛДЫ

Білім Қоғам
26 Views

Дархан дауысты әнші, композитор, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, композитор Ескендір Хасанғалиевтің әсем әуезді туындылары қазақ өнерінің алтын хорында мәңгілікке сақталмақ. Бұл әндер тыңдармандардың жүрегінде ұзақ уақыт жатталып қала бермек.

Шымкент университетінде Әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдық мерейтойына арналған «Атамекен « атты композиторды еске алу мерекелік ән кеші өтті. Кеште оқытушылар мен студенттер композитордың «Асыл арман», «Әдемі-ау», «Жанарым», «Бозторғай», «Атамекен», «Гүлсезім», «Есіңе ал», «Айналайын», «Аңсағаным», «Сағындым сені», «Анаға сәлем», «Айналдым елім» әндерін құйқылжыта шырқап шықты. Биылғы бітіруші түлектеріміз «Студенттердің қоштасу әнін» нақышына келтіріп орындады.
Қазақстанның халық әртісі, композитор, әнші Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Жас толқын – 2025» аймақтық ән байқауына бірнеше өнерпаздардан оза шауып, өзі білім алып жүрген жоғары оқу орнының абыройын асқақтатқан Шымкент университеті, «Педагогика” кафедрасы, 6В01402-Музыкалық білім БББ ІІ курс МБ-123 тобының білім алушысы Алидар Есбаев «Көрермендер көзайымы” аталымына ие болды. Оған қашанда ән әлемінің қыранына айналып, биіктерден көріне бер дегіміз келеді. Ән қазанында қайнап, додаларда дес бермей, ендігі кезекте «Қазақстан дауысы” сияқты республикалық байқауларға жолдама алып, абыройың асқақтап, беделің биіктеп, мерейіңнің үстем болсын деген ізгі тілек білдіреміз.

Гүлмара ОСПАНОВА,
Шымкент университетінің
Әлеуметтік және тәрбие істері
жөніндегі проректоры.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *