908 Views
Өлең сөздің ұстасы Абай дер ем,
Ұлы ақының кім десе Абай дер ем.
Жырлары жете-тұғын ғасырларға,
Мәңгілік ұлы тұлға Абай дер ем.
Көкейге түйіп келем сөзіңізді,
Қане, жырға қосайыншы өзіңізді.
Адамдарды, табиғатты, даналықты
Жырға қосқан керемет кезіңізді.
Сақталасың мәңгі біздің жадымызда,
Айналдың-ау құдірет боп бағымызға.
Ғажайып мұраңыз бар өлмейтұғын,
Сіз боласыз қол жетпес тағымыз да.
Гүлжан ТӘЖЕНОВА,
№68 жалпы орта мектебінің
11 ә сынып оқушысы.
Шымкент қаласы.