«МЕН ЖАЗБАЙМЫН ӨЛЕҢДІ ЕРМЕК ҮШІН»

Әдебиет
1 812 Views

Шымкенттегі Хакім Абай музейінде «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген тақырыпта Абай өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқу бойынша сайыс өтті. Оған келгендер алдымен музейді аралап, онда құнды жәдігерлермен танысты. Мәжіліс залында «Абай» атты деректі фильмін тамашалады.

Іс-шараны №1 оқу-өндірістік комбинатына қарасты Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының мұғалімі Марғуба Мұхтарқызы қысқаша кіріспе сөз сөйлеп ашты. Аталмыш орталықтың ересек, орта, кіші жастағы топтарындағы отызшақты оқушы жарыса өлең оқыды. Олардың арасынан Гүлжан Тәженова, Мақсат Рахымбердіні бөле-жара атауға болады. Соңында сайысқа қатысушыларға Мадақтама және Алғыс хаттар табыс етілді. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, абайтанушы М.Әліпханұлы, журналист, ақын, аудармашы Әбдісаттар Әліп, республикалық «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Әбдірахман Сартаев сөз сөйлеп, оқушы жастарға шығармашылық табыс тіледі.

Гүлжан БЕРКІНБАЕВА,

Шымкенттегі Хакім Абай музейінің қызметкері.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *