ӨЛМЕЙТҰҒЫН АРТЫНДА СӨЗ ҚАЛДЫРҒАН…

мәдениет
2 014 Views

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсе-тетін келелі ой,салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат екендігі белгілі.

Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам жасауымыз бен бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алыстан болжайтын көзқарастарымен бөліседі.

Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталды. «Жаңғыру» ұлттық дәстүрлерге теріс қарамауы тиіс. Керісінше замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғы шаттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан бастау алмаса, ол адасуға бастайды»

Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүр-лерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шымкент аграр-лық колледжі «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасында талап етілген «Саналы азамат» базалық бағытының «Сөз — тілдің көркі» кіші жобасы аясында «Абайдың қара сөздері» тақырыбында I-II курс студенттеріне тәлімгерлік сағаты өткі-зілді. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың қара сөздерін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» тәлімгерлік сағатының мақсаты оқушыларға данышпан ақын Абайдың өнер-білім туралы өсиеттерін, өлеңдерін, қара сөздерінен, еңбектерінен жан-жақты мағлұмат беру, рухани құндылықтарын дамыту, рухани жаңғыру және білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Іс-шара барысында сахна «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма» бейнетаспасымен ашылып, колледжіміздің «Ұлы-тау» би тобы өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқытушысы М.Байырбековтің «Абай Құнанбаевтың өмір жолы» баяндамасы оқылды. ТК9-171 оқу тобының студенттері Перизат Рүстем мен Назерке Кичке-баева «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Студенттер Абай өлеңдерінен үзінді оқып, өскелең ұрпаққа насихаттау барысында қара сөздері айтылды. М9-171 оқу тобының студенттері Алтай Телжан мен Әбделі Еркебұлан «Абайға арнау» өлеңдерімен өз туындыларын паш етті. ТК-172 оқу тобының студенті Балнұр Абден А.Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқады.

Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынды: Бәсекелестік қабілет. Прагматизм. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Білімнің салтанат құруы. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы. Барлығы да, Елбасымыздың ұтымды қағидасы, халқына деген үндеу өсиеті деп білемін. Ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағы-нан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге көшбасшымыз дара жол көрсетті. Ендеше, көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа меңзеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық.

Балнұр ӘЛІБЕКҚЫЗЫ,

Шымкент аграрлық колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқытушысы.

Зере АРЫСТАНОВА,

кітапханашы.

АБАЙҒА АРНАУЛАР

Танымайтын адам жоқ-ау Абайды,

Ой – санамен таң қалдырды талайды.

Абайды оқып, біліп зерттеген,

Жақсылыққа бұрылуды қалайды.

 

Ақын Абай ақындардың патшасы ма,

Дана ақын ізгіліктің тақтасы ма?

Өз басын әрең сүйреп жүргендерің,

Татымайды-ау, ақынның ақ шашына.

 

Қазағым-ау, Абай деген нағыз ақын,

Қазақ мұңын қара сөзбен ағызатын.

Жақсылық пен жамандықты ажыратып,

Саусағынан параққа жыр тамызатын.

 

Көңіл қалса, бар адам өкпелеген,

Өкпелесе одан әрі сөкпе деген.

Дана ақын, дара ақын, бұл Абайды,

Аты мәлім, қай ғалым зерттемеген.

 

Ақын Абай жамандыққа қыстамаған,

Қаламы емес оның қысқа қалам.

Ұлжан ана Абайды ешуақытта,

Дәрет алмай қолына ұстамаған.

 

Көкейімде небір ойлар туындайды,

Ақыл айтты ұлың мен қызың жайлы.

Құнанбай мен Ұлжандай тұлғамыздан,

Қалайша «Ұлы ақын» туылмайды?!

 

Бұл өмір, қарап тұрсаң, асқар белес,

Шындықтан Абай ақын қашқан емес.

«Абай жолы» кітабы Әуезовтің,

Қара сөзбен жазылған дастан емес.

 

Сөзім еді менің бұл көңілдегі,

Абайдың ақыл-ойы жеңіл ме еді?

Жеңіл емес, ойы да, санасы да,

Қайталанбас ұлы ақын ғой өмірдегі.

 

Бұл өмір әділдікті жақтайды ма,

Жаманды сөгіп, жақсыны мақтайды ма?

Әрбір сөзі Абайдың бізге жазған,

Рухани жаңғыруға жатпайды ма?

 

Жақсы болсаң биіктегі ай боласың,

Жаман болсаң жердегі сай боласың.

Абайды жан дүниеңмен оқып өтсең,

Рухани байлыққа, сен, бай боласың!

                 Әбделі ЕРКЕБҰЛАН.

 

                 *   *   *

О, Абайым, арысы қазағымның,

Жырларыңның әрбірін таза ұғындым.

Бала ақын боп бір арнау жаза алмасам,

Үлкен күнә, үлкен қылмыс, жаза мұным.

 

Сайтан арбап басыңды шоққа тығар,

Құлатып әзірейіл отқа жығар.

Қара сөзі тазалайды күнәдан,

Мұндай ақын қайталанбас, жоқ та шығар!

 

Өлең бізге терең судың сазаны емес,

Ұлы Абай бағындырған таза белес.

Қазақтың маңдайына бақ боп біткен,

Абайды танымаған қазақ емес.

 

Қара сөз оқитындай құстар маған,

Өлеңінің әрбіріне құштарланам.

«Ақ киімді, денелі, ақ сақалды»,

Осы өлеңі ұнайды қысқа арнаған.

 

Жаза бассам жағымнан жақ қалмаған,

Бісмілләсіз ұзақ жолға аттанбаған.

Даралаған, саралаған сөз сарасын,

Ұлы ақын ғылым таппай мақтанбаған.

 

Адамсыз сіз де дара, біз де дара,

Ұлы Абай бұйырғандай бізге ғана.

Өлмейтұғын артына сөз қалдырды,

Тек жасы жетпей қалды жүзге ғана.

 

Сезбесем де сезгендеймін бақыт күшін,

Өлеңдерін ауызымнан ағыт тісім.

Құнанбаев Абайдай ақыны бар,

О, Қазағым, сен не деген бақыттысың!

                          Алтай ТЕЛЖАН.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *