13 МЫҢНАН АСТАМ АНА ЖӘРДЕМАҚЫНЫ ОНЛАЙН РЕСІМДЕДІ

Билік
380 Views

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері бала тууына және оның бір жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақыны Halyk Homebank немесе Kaspi.kz қосымшалары арқылы қалай өтініш беріп, рәсімдеу керектігін айтып берді. Осының арқасында жас аналарға ХҚО-ға барудың қажеті жоқ. Бүгінгі таңда шымкенттік 13 104 жас аналар SMS арқылы және мобильді қосымшасы арқылы бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы ресімдеді.

Жәрдемақыны рәсімдеу үшін Halyk Homebank немесе Kaspi.kz мобильді қосымшасына кіру қажет. «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөліміне өтіп, баланың тууы немесе оның күтімі бойынша жәрдемақыны тағайындау қызметін таңдайсыз. Ары қарай дербес деректердің дұрыс жазылғанын тексеріп, өтінішті растау қажет. Өтінімді жібергеннен кейін сізге көрсетілетін қызметтің нәтижесі және тағайындалған төлем сомасы туралы PUSH-хабарлама және SMS жіберіледі.

«Бұрын жәрдемақыға өтінімді ХҚО, eGov.kz порталы немесе проактив тәсілімен жолданған смс-ке жауап беру арқылы ғана алуға болатын. Жақында жәрдемақыны банктердің қосымшасы арқылы алу мүмкіндігі туды. Сондай-ақ бізде экстерриторриялды қағидат енгізілген болатын. Баланың туылуына байланысты жәремақыны жас аналар тұрғылықты жеріне қарамастан, кезкелген ХҚО арқылы рәсімдеу алды. Бұл жас аналар үшін жақсы мүмкіндік, олар жәрдемақыны артық уайымсыз рәсімдей алады», — деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.

Қызмет тегін және оған бала туылғаннан кейін 1 жыл ішінде кез келген уақытта тапсырыс беруге болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *