ТҮРКІСТАНДАҒЫ ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІК, ІЛКІМДІ ІСТЕР

Билік
651 Views

Жалпы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қаланы сипаттайтын басты көрсеткіш жалпы өңірлік өнім көлемі 68,1 млрд.теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда НКИ 103,1 пайызға артқан. Соның ішінде өнеркәсіп саласына 16,6 пайыз (11,3 млрд.теңге), ауылшаруашылық саласына 7,7 пайыз (5,3 млрд.теңге), орындалған құрылыс жұмыстары 16,6 пайыз (11,3 млрд. теңге), тауар айналымы және қызметтерді өткізу көлеміне 59,1 пайызы (40,2 млрд.теңге) тиесілі. Ал халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 412,6 мың теңгені құрады (2017 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 411,2 мың теңге).

Өнеркәсіп саласында өнім көлемі 11309,9 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 106,0 пайызды құрады. өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 6269,5 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 105,8 пайызға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемi 1120,1 млн. теңгенi құрап, өсім 115,4 пайызға, сумен жабдықтау 437 млн. теңгенi құрап, өсім 104,4 пайызға жеткен.

Инвестиция. Негізгі капиталға тартылған инвестиция 23 624,5 млн. теңгені құрап отыр, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 124,7 пайызға орындалды.

Шағын және орта бизнес 2018 жылдың қаңтар-қазан айында шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын 10 564 субъект тiркелiп, соның iшiнде жұмыс iстеп тұрған белсендi субъектiлерiнiң саны 10222 немесе 96,8 пайызды құрады. Жұмыспен қамтылған адам саны 25605 және өнiм көлемi (жұмыс, қызмет) 68140,5 млн. теңге, бюджетке төленген салық көлемі 648,3 млн.теңгені құрады.

Сауда-логистикалық орталығы мен индустриалды аймақ

«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Түркістан қаласында 2020 жылға дейін Балтакөл трассаның бойынан орналасқан индустриалды аймақты қосымша 250 га кеңейту, 400 га Арнайы экономикалық аймақ құру, 60 га жер телімінде агроиндустриалды аймақты дамыту және қойма қызметін көрсететін 20 га жер телімінде сауда-логистикалық орталықты дамыту көзделіп отыр. «Түркістан» индустриалды аймақтан 30 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ететін, жоба құны 176,4 млн.теңге құрайтын жобаның ашылуы күтілуде.

Осы мақсатта сауда-логистикалық орталығын салуға жалпы алаңы 20 гектар жер телімі бөлініп, инфрақұрылым құрылысына 237 млн.теңге бөлінген. Онда жобалық құны 4792 млн.теңгені құрайтын 10 жоба орналастыру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда Аймақтық Үйлестіру кеңесінің ұсынуымен логистикалық орталығына жоба құны 162 млн.теңге құрайтын «Ер-Аман» шаруа қожалығы орналасты.

Құрылыс саласында: Тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша. «Отырар» шағынауданында осыдан екі жыл бұрын 4 гектарға 10 үй тұрғызудан басталған болса, биыл тағы да 10 гектарға ұлғайып, таяуда құрылысы басталған 26 үйді келер жылы сәуір айынан бастап ел игілігіне беру жоспарланып отыр. Аталған аймақтағы тұрғындардың мектеп, балабақша мәселелерін шешу үшін 900 орындық мектеп құрылысы бой көтерсе, 280 орындық балабақша жеке және мемлекеттік әріптестік бойынша салынып, жуырда пайдалануға берілген болатын. Сондай-ақ, Тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыратын жаңа ауқымдағы 7-20-25 бағдарламасы аясында да тұрғын үйлер салу қолға алынуда.

Ауыл шаруашылығы

Есепті мерзімде ауыл шаруашылығы саласында 5 261,5 млн.теңгенiң өнiмi өндiрiлiп, өткен жылмен салыстырғанда 105,3 пайызға орындалды.

Соның iшiнде, мал шаруашылығы 2643 млн. теңгенi құрап, 103,9 пайыз, егін шаруашылығында 2 615,3 млн. тенге болып, жалпы нақты көлем индексі 107,1 пайызды құрады.

Жылыжай

Қала аумағында бүгінгі таңда жалпы көлемі 8,72 гектарды құрайтын 108 бірлік жылыжайлар бар. Жылыжайдан І айналымда 277,2 тн өнім алынды, соның ішінде қызанақ 108,6 тн, қияр 147,2 тн, тәтті бұрыш 21,4 тн. Алдағы уақытта «Индустриалды аймақ» аумағынан «Олжа и К» ЖШС-гі 1 гектар жылыжай кешенін салуды жоспарлауда.

Қайта өңдеу

Қалада бірнеше қайта өндеу цехтары жұмыс істейді. Атап айтқанда, ″Ақ жол″ шұжық өңдеу цехында 11 айында 205 тонна ет өңделді. Индустриалды аумағындағы түйе сүтінен құрғақ таблеткалар дайындау цехы қазан айында іске қосылады. «Мұзды тау» ЖШС-інде 11 айында 300 тн сүт өңделді.

Мал өнімдері

Есепті кезеңде ет 1235,1 тн өндіріліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 100,2 пайызға, сүт 10188,4 тн болып 106,3 пайызға, жұмыртқа 3 202 мың дана болып, 102,5 пайызға артты.

Бiлiм саласы

Қалалық білім бөліміне қарасты 35 мектеп, соның ішінде 33 мемлекеттік, 2 жекеменшік білім беру мекемесі жұмыс атқаруда. Жалпы оқушы саны – 39052, өткен оқу жылымен салыстырғанда 105,9 пайызға (2165 бала) өсті.

2017-2018 оқу жылы 1486 мектеп бiтiрушiлердiң 1109-ы қазақ, орыс, 377-i өзбек сыныбын бiтiрдi. Соның ішінде 1027 оқушы ҰБТ тапсыруға өтiнiш берiп, 1019-ы тест тапсырды. 2017 жылы 1529 оқушының 1055-i ҰБТ-ға қатысқан. Орташа балы – 78,8 болды (2017 жылы орташа балы – 75,81 құраған).

«Алтын белгi» иегерлерiнiң саны 124-і құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 35 оқушыға артты.

Жастар саясаты

Бүгінгі таңда қаламызда 14-29 жас аралығындағы жастар саны — 39768, яғни қала тұрғындарының 24,4 пайызын құрайды.

Түркістан қаласында 1 жоғары, 11 орта арнаулы оқу орындары бар. Соның ішінде: жоғары оқу орнында 7947 студент, орта арнаулы оқу орындарында 8148 студент, соның ішінде кәсіптік біліммен қамтылғаны – 3348 жас, ағымдағы жылы 1119-ы оқуды аяқтап, 877 жұмыспен қамтылған (78,4 пайыз).

Денсаулық сақтау

Бүгінгі таңда қала халқына медициналық көмекті облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты 16 медициналық мекеме, соның ішінде 6 емхана, 2 амбулатория, 1 жедел жәрдем стансасы, 7 аурухана көрсетеді.

Түркiстан қаласында 417 дәрiгер, 1490 орта медицина қызметкерi жұмыс жасайды, дәрiгерлермен қамтамасыз етiлу көрсеткiшi 10 мың адамға шаққанда 15,8 (облыс көрсеткiшi — 25,4), орта буын медицина қызметкерлерiмен қамтамасыз етiлу көрсеткiшi 10 мың адамға шаққанда 56,3 пайызды (облыс көрсеткiшi – 90,4) құрады.

Нәресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 37 бала шетінеп, көрсеткіш – 8 болды. Түркістан қаласы бойынша 4626 сәби дүниеге келген. Ана өлімі орын алған жоқ.

Әлеуметтiк қамсыздандыру

Қала халқының саны 165144 адамды құрады, соның iшiнде экономикалық тұрғыдан белсендi халық 53 946 мың адам.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 19677 адамды құрайды.

Жұмыссыздар саны 2837 адамды құрап, жұмыссыздық деңгейi 5,2 пайызды құрады.

2018 жылы Кешенді жоспар бойынша қамтылатын адам саны 3990, соның ішінен 1019 адам жұмыссыздар, 1621 адам нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар, 928 адам жұмыс іздеушілер қатарындағы санаттары белгіленген.

Кешенді жоспарды іске асыру аясында 2018 жылғы 1 желтоқсанға дейін нақты 3990 адам қамтылды, орындалуы 111,8 пайызды құрап отыр.

«Атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша 2018 жылдың 11 айында 3936 отбасының 22432 адамы қамтылды. Соның ішінде шартсыз түріндегі 588 отбасының 3629 адамы, шартты түріндегі 3348 отбасының 18803 адамы.

Мүгедектерді әлеуметтік шаралармен қамту мәселелері бойынша жалпы 6551 мүгедектің 4904 мүгедек азаматы қамтылған.

Атап айтқанда, протез-ортопедиялық құралымен 587, міндетті гигиеналық құралмен 3105, жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсетуге 635, ымдау тіл маманының әлеуметтік қызметін көрсетумен 58, санаторий-курорттық емдеумен қамтылған 463, сурдо-тифло техникалық құралдарымен 36, тағы басқалармен қамтылды.

Туризм саласы

Есепті мерзімде қаламызға келген зияратшылар мен туристер саны 1136,5 мың адам, соның ішінде алыс-жақын шетелден 37,9 мың турист келді. 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда келген туристер мен зияратшылар саны 3,6 пайызға немесе 39,2 мың (2017 жылдың қаңтар-қараша айында келген туристер саны 1097,3 мың адам) адамға артып отыр.

Келген туристер мен зияратшыларға көрсетілген түрлі қызметтер көлемі 5143,4 млн.теңгені құрап, қаладағы ЖӨӨ-нің 7,5 пайызды құрап отыр.

Қалада қазіргі таңда 22 қонақ үй жұмыс жасауда, төсекорын саны 978.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі, Абаттандыру бойынша. Биылғы жылы «Түркі бағы» мен «Рәміздер алаңы» әуелгі кейіпінен ерекше өзгеріп, түрлі түске енсе, қаланың Кентау бағытынан кіре берісінен 14 гектар жерге орналасқан «Парасат» бауы (сметалық құны 316643,713 мың тенге) абаттанып, заманауи демалыс кешеніне айналды. Бұл саябақ облыс көлемінде архитектуралық құрылысы жағынан алдыңғы қатарлы демалыс орындарының бірі болды.

Сонымен қатар көпшілік жастар мен қала тұрғындарының үйреніскен демалыс аймағы «Жеңіс» саябағына 162 288,26 мың тенге қаржы бөлініп, көпшілік көкейінде жүргендей кейіпте қайта күрделі жөндеуден өткізілді.

Ағымдағы жылы қаладағы көлік қозғалысы жиі қатынайтын Октябрь Жарылқапов, Саттар Ерубаев көшелері мен Тәуке хан даңғылының және Қызылорда тас жолы мен Төле би көшесінің бойындағы иригациялық арықшалар мен жарықтандыру жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Жалпы алғанда, соңғы 5-6 айда қала ішіндегі 20-ға жуық көшенің бойына аяқжолдар жасалып, абаттандырылды.

Қаладағы шағынаудан тұрғындары үшін 16 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына балалар алаңшасы, демалыс шатырлары, футбол алаңдары, аула тренажорлары мен воркауттар орналастырылды. Мәселен, Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында қаладағы Гаухар ана, Ш.Ниязов, Мыңбасы, Сайрам және Хандәулет көшелеріне орналастырылған 130-ға жуық күн сәулесінен қуат алатын көше жарық көздері бүгінде қоршаған ортаға зиянсыз деп танылып, экономикалық жағынан да тиімділігін көрсетіп отыр.Осы аталған бағдарлама аясында атқарылған жұмыстардың қатарында «Отырар» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауыз су, электр қуаты және жылу жүйелеріне автоматтандырылған есептеу құрылғыларын орнату жұмыстарын да атап өту жөн.

Таза ауыз сумен қамту

Бүгінгі таңда қала тұрғындарының (163,6 мың адам) таза ауыз сумен 94,1% қамтамасыз етілген.

2018 жылы төмендегі нысандарға құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге республикалық және облыстық бюджеттерден қаржы бөлінді, атап айтқанда, «Түркістан қаласы, Балтакөл тас жолы бойындағы тұрғын үй массивін сумен қамтамасыз ету». Жалпы сметалық құны – 88 828 мың теңге.

«Түркістан қаласы, Түркістан-Қызылорда тас жолы бойындағы тұрғын үй массивін сумен қамтамасыз ету (2 кезең)». Жалпы сметалық құны – 608 059,0 мың теңге.

Сарқынды су

Түркістан қаласында жоба бойынша қуаттылығы тәулігіне 20 мың текше метр сарқынды су тазартатын ғимарат бар. Бүгінгі таңға пайдаланып жатқан, яғни қабылданып жатқан сарқынды су көлемі тәулігіне 4500 текше метр, толық қуатында жұмыс істеген жағдайда тәулігіне 10 мың текше метр су тазартады.

Сонымен қатар 127 шақырым сарқынды су жүйесі, 27 дана КНС бар. Түркістан қаласы бойынша орталықтандырылған сарқынды су жүйесімен қамтылу көрсеткіші 11,9 пайыз.

Электрмен қамтамасыз ету

Қала аумағында жаңа тұрғын үй массивтерін сапалы электрмен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы 2 нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде;

«ОҚО, Түркістан қаласы «Отырар» шағынауданы Түркістан-Шәуілдір тас жолы бағытындағы тұрғын алапты электрмен қамтамасыз ету құрылысы» жалпы сметалық құны – 637 ,5 млн. теңге. Абонент саны – 1230.

Бүгінгі таңда құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде, игерілген қаржы 542,647 мың. теңге. Нысан 2019 жылға өтпелі.

«ОҚО, Түркістан қаласы «Сауран» шағынауданы Түркістан-Қызылорда тас жолы бағытындағы тұрғын алапты электрмен қамтамасыз ету құрылысы» жалпы сметалық құны – 569 млн. теңге. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, игерілген қаржы 510,212 мың.теңге. Нысан 2019 жылға өтпелі.

Тұрғындарды сапалы электрмен жабдықтау көрсеткіші 99,8 пайызға жеткізілді.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің тарапынан 2018 жылы «Инвест бағдарлама» аясында тозығы жеткен жоғары және төменгі кернеулі электр желілеріне, трансформатор қондырғыларына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді, атап айтқанда:

Төменгі кернеулі (0,4 кВ) электр желілері — 3 шақырым.

Трансформатор қондырғылары (ТП,КТП) – 4 дана.

Табиғи газбен қамтамасыз ету

Жалпы, Түркістан қаласы және елді мекендерін 3 АГТС арқылы газдандыру жоспарланған (АГТС №14, №15, 16).

Түркістан қаласын газдандыруды ІІІ кезеңмен жүргізу жоспарланған. І-кезең бойынша Түркістан қаласын газдандыру 2013 жылы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ инвестициялық жобасының аясында №15 АГТС-тің (қуаттылығы 100 мың м3/сағат) және кварталішілік 126 шақырым газ жүйесі 3018 абонентке және 2015-2016 жылдары «Түркістан қаласын газбен қамтамасыз ету (І-кезең)» нысаны бойынша құрылыс жұмыстары 7500 абонентке жүргізіліп, жалпы 10518 абонент, яғни 42918-ден астам қала тұрғыны табиғи газбен қамтылып, жалпы, қала халқын газдандыру көрсеткіші 26,4% құрады.

Бүгінгі таңға қала халқын 100 пайыз газбен қамту мақсатында ІІ-ІІІ кезеңнің жобалары әзірленіп, магистралды және ішкі жүйелерге қаржы жоспарланды. Мердігер анықталған нысандар бойынша құрылыс жұмыстары басталды. Жалпы қала аумағын газдандыру бойынша құрылыс монтаж жұмыстарын 2020 жылы аяқтау жоспарлануда.

«Отырар» шағынауданына, яғни жаңадан бой көтеретін көпқабатты тұрғын үйлер, әлеуметтік және әкімшілік іскерлік орталығындағы нысандарға қажетті табиғи газ алу үшін «Түркістан қаласын газбен қамтамасыз ету» (ІІ-ІІІ кезең) магистралды жүйесінен қосылу нүктесі қарастырылған. Жалпы, осы жобаның құрылыс жұмыстарына болжамды қажетті қаржы көлемі 20,4 млрд.теңгені құрайды.

Жылумен қамтамасыз ету

Түркістан қаласында қолданыста КВ-Р-23, 26 маркалы 2 қазандық, 17 454 метр магистралдық және ішкі орамдық жылу жүйесі бар. Бұл қазандықтан 1 және 2 шағынаудандардағы 75 көпқабатты тұрғын үйлердегі 12524 тұрғын, 30 бюджеттік мекеме, 58 заңды тұлға және 56 жеке тұрғын үйлер орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілуде.

Тұрғын үй қатынастары бойынша

Тұрғын үй кезегіне тіркелген өтініштердің саны 8286, соның ішінде: соғыс ардагерлеріне теңестірілген адамдар – жоқ, әлсіз топтар – 6045, жетімдер – 186, бюджеттік сала қызметкерлері – 2048, жалғыз үйі апатты деп танылғаны – 7.

Автокөлік жолдары: Түркістандағы автокөлік жолдары мен ішкі көшелерін жөндеу жұмыстары жыл сайынғы жоспардан түскен емес, соның үстіне соңғы уақытта көлік қозғалысы да еселенуде. Қала ішінде 875 көше, 764 шақырым жол бар болса, 2018 жылы жол саласын дамыту және қала көшелеріне күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджет есебінен 1 132,2 млн теңге қаржы бөлінген. Көлік инфрақұрылымын дамытуға «Отырар» шағынауданын Кентау бағытындағы жолға қосу үшін 7,7 шқ жол құрылысы ЖСҚ, Шымкент бағытымен Шәуілдір бағытын қосуға арналған жол құрылысының ЖСҚ) 3,1 млн. теңге. Ал, 3 көшені күрделі жөндеу жұмыстарына (784,6 млн теңге), 23 көшені жөндеуге (242,1 млн теңге) орташа, 20 көшеге ағымдағы жөндеу (35 млн теңге) және 42 көшеге тас төсеу (67,4 млн теңге) жұмыстары жоспарланған, бұл жұмыстар өз кезегімен іске асырылуда. Алайда көлік қозғалысының жиілеуі, автокөліктердің уақыт өткен сайын көбеюі бұл жоспарларымызды алдағы жылдары бірнеше есеге арттырары сөзсіз. Осы орайда келер жылдары қаланың бірқатар ішкі көшелерінде құрылыс жұмыстарын жүргізу (90 шақырым құрайтын 55 көшені) және 23 шқ құрайтын басты көшелерін кеңейту, Түркістан қаласына Отырар ауданы, Кентау қаласы, Балтакөл, Қарнақ ауылдарынан кіретін республикалық және облыстық маңызы бар жолдарды толықтай күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Спорт саласы

2018 жылдың 11 айында 200 спорттық іс-шара өткізіп, оған 19080 адам қамтылды. Өткен жылмен салыстырғанда 20 спорттық іс-шараға, 922 спортшыға артты.

Жетістіктері: Хамза Дидар – дзюдодан Азия ойындарының чемпионы. Жылқыбаева Айжан – дзюдодан Азия ойындарының қола жүлдегері, Мырзабаев Нұрлан – таэквондодан Азия ойындарының қола жүлдегері, Нұрмағанбет Бек – бокстан Н.Ә.Назарбаев кубогінің күміс жүлдегері атанды.

Мәдениет саласы: Түркістан қаласында 1 театр, 1 мәдениет үйі, 1 клуб, 14 кітапхана жұмыс істейді. Есепті мерзімде, 199 мәдени іс-шара өткізіліп, оған 73 887 адам қатысты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *