«ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙТІН ЖҮКТІ ӘЙЕЛ» ЖЕҢІЛДІК МӘРТЕБЕСІН ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Қоғам
543 Views

1. Жүкті әйел адам қызметкер болып табылады, бірақ алдыңғы кезеңдер үшін берешегі бар. Мысалы, ол 7 ай бұрын жұмысқа орналасқан және сәйкесінше, осы кезеңге (7 айға) жұмыс беруші жарна төлейді. Оның 5 айға МӘМС-те қарызы бар. Сақтандыру мәртебесі болу үшін бұл әйел 5 айдағы қарызын өтеуі керек. Өйткені жұмыс істейтін жүкті әйел жеңілдік санатына жатпайды

2. Жүкті әйел БЖТ төлеушісі. Мұндай әйелдің тек алдыңғы 3 айға төлемдері болса ғана сақтандыру мәртебесіне ие бола алады. Мысалы, әйел БЖТ-ны 2022 жылдың тамыз айы мен қыркүйек айына төледі делік. Бұл әйел сақтандыру мәртебесін 2022 жылдың қазанында алады. Тек қазан айына төлеуі тиіс.

Тағы бір мысал: жүкті әйел 2022 жылдың сәуір, мамыр және маусым айларына төлеп, басқа айлар үшін БЖТ төлеген жоқ. Шілдеде бұл әйел төлемді ұмытып, тек тамыз айында төледі. Енді бұл әйел сақтандырылмаған болып шығады. Сақтандыру мәртебесін алу үшін ол барлық төленбеген кезеңдер үшін қарыз төлеу керек, бірақ алдыңғы 12 айдан аспауы тиіс.

(2021 жылғы тамыз-2022 жылғы наурыз) немесе БЖТ төлемесе оған жеңілдікті мәртебе берілгенше күту керек (егер 3-ші айға БЖТ болмаса)

3. Егер жүкті әйел жұмыс істемейтін болса, онда оны «РБЖФВ» АЖ-да деректерді енгізе отырып, жүктілік бойынша есепке қойғаннан кейін оған автоматты түрде сақтандырылу мәртебесі беріледі. Бұл жерде оның шын мәнінде жұмыс істемейтіні туралы деректерді тексеруді ҚР ЕХӘҚМ (Еңбекмині) жүргізетінін есте сақтау қажет.

Егер оның жеке кәсіпкер үшін жабық/тоқтатылмаған төлемдері немесе жарналары болса, онда мәртебе берілмейді!

Айгүл САБИЕВА,

№6 қалалық емхананың әлеуметтік қызметкері

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *