2018 ЖЫЛҒА ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАЛДЫ

Қоғам Құқық
761 Views

Шымкент қаласы прокуратурасының 2018 жылғы атқарған жұмыстарын қорытындылау бойынша алқа мәжілісі өтті. Қадағалау органының қызмет бағыты Мемлекет басшысының және Бас прокурордың тапсырмаларынан туындайтын өңірге өзекті проблемалық мәселелерді болдырмауға, қылмыстық-құқық саланы ізгілендіруге, құқық қорғау жүйесін цифрландыруға бағытталғаны аталды.

Өткен жылы қылмысқа қарсы қабылданған шаралар және алдын алу жұмыстарының нәтижесінде қылмыстылықтың 19 пайызға төмендеу динамикасы байқалды (18,5 мыңнан 15 мыңға). Қылмыстық қудалау орбитасына заңсыз тартылған 19 жасырын дерек анықталып, кінәлі тұлғалар жазаланған. Созбалаңдыққа салынып аяқсыз қалған 14 іс бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданды. Сотталғандарды жұмыспен қамту 81,5%-ды құрап, 612 жазасын өтеуші ақылы жұмысқа орналасқан. Қоғамдық мүдделерді қорғау бағытында прокурорлармен мемлекетке 1 млрд. теңге өндіріліп, мемлекет қорына 1 млрд. теңгеге жуық 118,9 гектар жер телімі қайтарылған.

Прокурорлық әрекет ету шаралары негізінде 2000 жұмыскердің құқығы қорғалып, 98 млн. теңгеге еңбекақы берешегі өтелді. «Ақ-Сұң-қар» ШҚ-ның мемлекеттік бағдарламамен 201 млн. теңге көлемінде заңсыз субсидия алу дерегі анықталып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізілген «Борышкер» акциясы нәтижесінде, мемлекетке 26 млн. теңгеден аса қаржы өтеліп, борышкерлердің 82 автокөлігі айыптұраққа қамалған. Құқық қорғау қызметтері орталығында 6000 тұр-ғынға құқықтық қызмет көрсетіліп, оның 3000-ы прокурорлармен қабылданған. Прокуратураға түскен 2477 өтінішті қарау нәтижесімен 350 азаматтың құқықтары қорғалды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша қадағалау қызметін күшейту және алдағы жылға арналған басымдықтарды айқындау жөнінде тапсырмалар берілді.

Шымкент қаласының прокуратурасы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *