ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ ҚАЙРАТ ДӘЛБЕКОВ СЫННАН СҮРІНБЕГЕН АЙБЫНДЫ БАСШЫ

Қоғам
581 Views

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы болып полиция генерал-майоры, «Даңқ» орденініңиегері Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков тағайындалды. «Батырға оң-солы бірдей»деген, бұған дейін Түркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы қызметінатқарған генералға Түркістан мен Шымкент қаласы «желіп жүрген бөкендей» жақсытаныс. Оңтүстіктің қай аймағын көз жұмып жатқа білетін тұлға ішкі істерсаласында ұзақ жылдар абыройлы да айбынды қызмет атқарып, ел алғысына бөленіпкеле жатыр.

Мәселен, жуырда ғана Сарыағаш ауданында орын алған тапсырыспен адам өміріне қастандық жасау қылмысы кезінде, журналист Амангелді Батырбековке кімдердің шабуыл жасағанын, атылған оқтың артында Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшысы тұрғанын дер шағында өте жедел, әрі кәсіби тұрғыда ашып берді. Бұған дейін де қаншама істің бетін ашқан генарал Қ.Дәлбеков өзіне тән тактикасымен жедел іздестіру жеке құрамын жұмылдыра білетін қасиеті бар. Бұл бірінші басшынының өз кәсібінің шебері екенін көрсетеді.

Қайрат Сұлтанбайұлы – аймақтағы қылмыстық ахуалды тұрақтандыру мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қаншама сынға толыоқиғалардың қиындығына қарсы тұрып, өзінің жедел әрі оң шешім қабылдай алуыныңарқасында халық арасында «жедел із кесуші», «опер» деген ат таңылып, елмәртебесіне лайықты ие болды.

Осыдан үш жыл бұрын, яғни 2019 жылы маусымда Арыс қаласындағы әскери қоймадағы жарылыс, 2020 жылы басталған пандемия, Өзбекстандағы су бөгетінің жарылуы және соның салдарынан Мақтаарал ауданындағы елді мекендердің су астында қалып, 6000-нан астам тұрғынның баспанасыз босып кетуі, Түркістан қаласында ірі қонақүйде газ цистернасы жарылып, бүкіл ғимаратты шарпыған өрт, міне осындай төтенше жағдайлар мен жайттардың барлығында полиция генералы Дәлбеков тұрды.

1963 жылы Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында дүниеге келген Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков алғашқы еңбек жолын қылмысты ашу бағытында жедел уәкіл, аға жедел уәкілдігінен бастап, Мақтаарал аудандық, Кентау қалалық ішкі істер бөлімінің басшысы, мұнан соң Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында ішкі істер басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Қайрат Сұлтанбайұлы өңірімге белгілі генерал Асқар Оспановпен бірге абыройлы қызмет атқарды. Жедел іздестіру ісінде мықты басшының әлі де елге сіңірер еңбегі көп деп білеміз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *