«Әділет. Рухани жаңғыру»
газетінің редакциясына
Сіздің Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне 2018 жылғы 28 сәуірдегі жолдаған кіріс №ЗТ-Қ-1525 «Әділет. Рухани жаңғыру» республикалық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық газетінің 2018 жылғы 28 сәуіріндегі №11-12 (19) сандарында жариялаған «Жансейіт Түймебаевтың үкілеген авторлық жобасы айды аспанға шығаруы тиіс еді. Бірақ, Шымкенттің шыңырау шатқалдарынан шыға алмай қалды», «Тілдің құты қашып барады» атты мақалалар жөніндегі хатыңыз Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратында қаралды.
«Жансейіт Түймебаевтың үкілеген авторлық жобасы айды аспанға шығаруы тиіс еді. Бірақ Шымкенттің шыңырау шатқалдарынан шыға алмай қалды» атты мақала бойынша Астана қаласының әдісі бойынша Шымкент қаласының маңынан 2009-2015 жылдар аралығында 5064 гектар аумақта Жасыл аймақ құрылып, 4,2 миллионнан астам әртүрлі көшет егілді, оларды күтіп баптау, қорғау және өсімін молайту жұмыстары «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен атқарылуда.
Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі №1134 қаулысымен бекітілген Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес қала маңынан құрылатын Жасыл аймақтың көлемін 19 767 гектарға жеткізу мақсатында жер телімдерін бөлу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Облыс әкімдігінің бастамасымен 2016 жылы Шымкент қаласының маңайында қараусыз қалған сайларды (әрі қарай – Шатқал) көгалдандырып, қаланың экологиялық ахуалын жақсарту үшін демалыс орындарына айналдыру шарасы қолға алынған болатын. Жоғарыда аталған шаралар мен облыстың елді мекендерін көгалдандыруды жалғастыру мақсатында облыс әкімдігінің 2017 жылғы 6 қарашадағы №303 қаулысымен «Облыстың елді мекендерін көгалдандырудың 2017-2021 жылдарға арналған «Шатқал» іс-шара жоспары бекітіліп, 5 жылда облыс елді мекендерінде 36,6 мың гектар аумақта 15,4 миллион түп ағаш көшетін егу қарастырылған.
Іс-шара аясында Шымкент қаласы маңындағы 125 гектарды құрайтын 6 шатқалда 148 мыңнан астам әртүрлі ағаш-бұта көшеті егіліп, бірқатар абаттандандыру жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта шатқалдарды Шымкент қаласы тұрғындары мен қонақтарының ашық аспан астында еріксіз серуендейтін сүйікті демалыс орындарына айналдыру жоспарлануда. Мұндай шаралар әлемнің өркениеті дамыған елдерінде табиғи ландшафты сақталған деп, жоғары бағаланады.
Мақаладағы Шымкент қаласының мәселелері бойынша
Шымкент қаласы орталығындағы ескі, бей-берекет орналасқан электр бағаналары, электр желілерін қала әкімдігі мен «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і қызметкерлерімен бірлесе ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп және жеке иеліктегі электр бағаналарын, желілерін ретке келтіруге ескертпелер берілуде. Қала орталығындағы электр жүйелерінің басым бөлігі «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің меншігінде болуына байланысты аталған мекеме тарапынан инвестициялық бағдарламасы аясында жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оған қоса қала аумағында «Қазақтелеком» АҚ-ның байланыс желілерінің көбі әуе арқылы ағаш бағаналармен жүргізілген. Шымкент қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан ретке келтіруге мүмкіндігінше жер астымен жүргізуге ұсыныс хат жолданды.
Сонымен бірге Шымкент қаласының әкімі Н.Сауранбаевтың тапсырмасына сәйкес орталық Қонаев даңғылы, Тәуке хан, Бақбаев, Темірлан тас жолы, Желтоқсан және Бәйтереков көшелеріндегі жарықтандыру желілері жер астымен жүргізілген. Бүгінгі таңда жоғарыдағы аталған жұмыстарды жалғастыру мақсатында Бәйдібек би, Темірлан тас жолы жарықтандыру желілерін жер астымен жүргізу жұмыстары атқарылуда.
Бұдан бөлек Елшібек батыр, Шоқан Уәлиханов, Сайрам, Тұрар Рысқұлов көшелеріндегі жарықтандыру жүйелеріне қайта құру жобасын әзірлеп, ескі темір-бетон троллейбус бағаналарының орнына заманауи үлгідегі жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар 196 темір-бетон бағанасын орнынан алу (демонтаж) бойынша жұмыстар жалғасуда. Айта кетерлігі, ескі бағаналардағы бей-берекет ілінген коммерциялық құрылымдарға қарасты жоғары қысымды электр желілерін алдыру бойынша жұмыстар атқарылуда.
Шымкент қаласындағы бордюрлер мен тротуарлар бойынша
2018 жылы Шымкент қаласында жолдар мен жолаяқтарды іске асыруға дайын жобаларға бюджеттен қаржы қаралған. Соның ішінде:
— ұзындығы 9,18 шақырым құрайтын 3 магистралды көшені қайта құруға, құрылысын жүргізуге, орташа жөндеуге;
— 2 көпірдің құрылысына;
— ұзындығы 19,36 шақырым құрайтын 17 ішкі орам көшелерді
күрделі жөндеуге (бюджеттік өтінім берілді);
— ұзындығы 133,8 шақырым құрайтын 133 ішкі орам көшелерді
орташа жөндеуге (бюджеттік өтінім берілді);
— 79,5 шақырымды құрайтын 76 көшеде жаяу жүргіншілерге арналған аяқ жолдарды салуға (бюджеттік өтінім берілді);
— Абай ауданында–70 көше;
— Әл-Фараби ауданында –26 көше;
— Еңбекші ауданында – 54 көше;
— Қаратау ауданында –75 көше;
296,5 шақырымды құрайтын ішкі орам көшелерге шағыл тас төсеуге (бюджеттік өтінім берілді).
Жобалық-сметалық құжаттар бойынша мемлекеттік сараптаманың қарауындағы жобалық-сметалық құжаттар бойынша 2018 жылдың ІІ-тоқсанында сараптаманың қорытындысын алу жоспарланған. Соның ішінде:
— ұзындығы 9,45 шақырым құрайтын 3 магистралды көшені қайта құруға, құрылысын жүргізуге;
— 1 көпірді қайта құруға;
Сонымен қатар 2 магистралды көшені және 3 көпірді қайта құруға жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.
Атап айтқанда, Қонаев даңғылы жалғасының құрылысы,
А-2 «Алматы-Ташкент» автомобиль жолын қайта құру, Республика даңғылындағы «Қарасу» өзені арқылы көпірді қайта құру, Абай даңғылындағы «Қошқар ата» өзені арқылы көпірді қайта құру, Ленгір тас жолындағы «Сайрам су» өзені арқылы өтетін көпірді қайта құру.
4 жолайрығының құрылысына жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Атап айтқанда, Жібек жолы-Сайрам көшелерінің қиылысындағы жолайрығының құрылысы, Бәйдібек би – Кіші айналма (Қуаныш Төлеметов көшесінің) жолының қиылысындағы жол айрығының құрылысы, Бәйдібек би– Ұ.Арғынбеков– Т.Мазарбеков– Астана көшелері қиылысындағы жолайырықтарының құрылысы, Тұрар Рысқұлов – Дінмұхамед Қонаев көшелері қиылысындағы жолайрығының құрылыстары. Нысандардың шамамен қаржысы – 20,5 миллиард теңгені құрайды.
Шымкент қаласында ішкі туризмді дамыту бойынша 2018 жылға бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес Шымкент қаласында ішкі туризмді дамытуға ықпал жасау, қалалық туристік бизнес өкілдерін қаланың ішкі туризмін дамытуына үлес қосуына ықпал ету, ұлттық қолөнер бұйымдарын жасаушыларды ынталандыру, салт-дәстүр мен ұлттық мәдениетті насихаттау мақсатында «Шырайлы Шымкент-2018» қолөнер шеберлерінің туристік жәрмеңкесі және «Этно-Шымкент» туристік көрмесі, «VISIT Shymkent» жылжымалы ақпараттық туры, туристік ұйымдарда, қонақ үй бизнесінде жауапты комиссарлар мен нұсқаушыларды бекіте отырып, қызмет етушілердің барлық санаттарына стандарттарға сәйкес оқыту, біліктілігін көтеру семинарын ұйымдастырып, өткізу жоспарлануда.
2018 жылы «Гранд Шымкент» қонақ үйінің маңынан инвестиция көлемі 2 миллиард теңгені құрайтын «Фонтан» аквапаркінің және инвестиция көлемі 400 миллион теңгені құрайтын «Ramadа» қонақ үйінің іске қосылуы жоспарланып отыр. Осылайша орташа есеппен 165 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сәйкес ұлттық өнерімізді насихаттау, ел ішіндегі шеберлерді көпшілікке таныту, облыс көлеміндегі қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан туындыларын халыққа таныстыру, жас қолөнер шеберлеріне қолдау көрсету, отандық өнімдерге, соның ішінде қолөнер туындыларына деген сұранысты арттыру мақсатында қала аумағында жаяу жүргіншілерге арналған тұрақты негізде жұмыс жасайтын құны 1 467,9 мың теңгені құрайтын «АРБАТ» қолөнер шеберлері мен түрлі өнер адамдарының басын қосатын мәдени-туристік қадамдық жоспары әзірленді. Жоспар бойынша «Арбаттың» орны болып «Асанбай Асқаров» және «Бейбітшілік» көшелерінің бойы бекітілді.
Сонымен қатар туристік нысандардың инфрақұрылымын дамыту бойынша жергілікті және өзге аймақтардан көптеп келетін және қызығушылық тудыратын тарихи-мәдени туристік нысан ретінде танылған, Сайрам тұрғын алабындағы зиярат ету орындары мен кесенелердің «Ибрахим ата» мен «Қарашаш ана» және тағы басқа іргелес аумағын көріктендіру, санитарлық талаптарға сәйкестендіру бойынша жыл соңына дейін бірқатар жұмыстар атқару жоспарлануда.
2018 жылғы 22 қаңтарда Шымкент қаласы әл-Фараби ауданының әкімі Б.Қалжанов атқарған жұмыстары жөнінде халық алдында есеп берген болатын. Есепті кездесуде баяндама мен қойылған сұрақтардың жауабы тек мемлекеттік тілде жасалып, жергілікті тұрғындар тарапынан: «Орыс тілінде де сөйлесеңіз» деген ескертулер жасалды.
Жиынға қатысқан тұрғындарға айтылған ақпараттар толыққанды түсінікті болсын деген сипатта аудан басшылығына баяндаманы екі тілде жасау керектігі ескертілді.
«Тілдің құты қашын барады» атты мақала бойынша облысымыздың аудан, қалаларында орналасқан кәсіпкерлік нысандардың және тағы басқа да мекемелердің маңдайша жазулары мен көрнекі ақпараттарының сауаттылығы облыс басшылығының тұрақты назарында. Осы мақсатта облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық кәсіпкерлер палатасы мен аудандық, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту, сәулет және қала құрылысы, кәсіпкерлік бөлімдерінің, Шымкент қаласындағы Абай, әл-Фараби, Қаратау, Еңбекші аудандары әкімдіктерінің, Тілдерді оқыту орталықтарының қызметкерлері, насихат топтары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен белсенді жастар бірлесіп, тоқсан сайын «Сауатты жарнама – қала көркі» акциясын жүргізіп келеді.
Акция барысында заң бұзушылыққа жол берген коммерциялық нысандардың басшыларына түсіндіру жұмысы жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілуде. Бұдан бөлек аудандық, қалалық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндірме жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде.
Облыс бойынша жалпы саны 9963 коммерциялық нысанның маңдайша жазуларының 566-ы «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» заңнамасының талаптарын бұзып отыр. Жүргізілген түсіндіру жұмыстарының, облыстық акцияның нәтижесінде 340-ы реттелді. Бүгінде Шымкент қаласындағы 2247 коммерциялық нысанның маңдайша, жарнама жазуларының 1892-сі заңға сәйкес жазылса, 172 нысанның жарнама мәтіндері ретке келтірілді. Қалған 183 коммерциялық нысанның маңдайша жарнама жазулары заңға сәйкестендірілуде.
Көше атауларының мақалада көрсетілгендей «Байтұрсынова», «Ауезова» болып ілініп кетуі орын алмаған, себебі облысымыздағы көше атауының тақтайшалары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің бекітілген үлгісі бойынша үш тілде жазып ілінген.
Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау бойынша «Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи, рухани мұраларына арналған көптомдық» жобамыз 2009 жылғы 18 қарашада болған облыстық мәслихат шешімімен сол кездегі облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың №350 бұйрығымен бекітілген болатын. «Қазыналы Оңтүстік» атауымен, «Түркістан кітапханасы» айдарымен жоспарлы түрде орындалып отырған. Атап айтқанда, 2010 жылы – 20 том; 2011 жылы — 45 том; 2012 жылы — 65 том; 2013 жылы — 72 том; 2014 жылы — 88 том; 2015 жылы — 21 том жарияланды. Жарық көрген 311 том еңбекте фольклорлық, ежелгі дәуір әдебиетінің мұралары, Қожа Ахмет Ясауидің хикметтері, Оңтүстік Қазақстан облысының аңыз-әңгімелері, тарихи жырлары және тағы басқалар туралы шығармалар жинақталған.
Әр томы мың данадан басылып отырған кітаптар облыстағы 428 кітапхананың, 25 музейдің қорына, бұдан бөлек Астана, Алматы қалаларының кітапханаларына да таратылған. Қазіргі таңда барлық деңгейдегі оқырман қауымға қолжетімді.
Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.
Н. Наржанов,
облыс әкімі аппараты
басшысының орынбасары