«Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің 12 сәуірдегі №10 (161) санында «Білімдегі былықтар немесеыстық тамақ орнына шикі ет берілген» атты мақаладан кейін Төле би аудандықадами әлеуетті дамыту бөлімінен жауап хат келді.
Бөлім басшысының міндетін атқарушы А.Қадырбекова аталған мәселе бойынша ішкі аудит мекемесінен тексеру жүргізіліп, құқықбұзушылықтар анықталғанын баяндаған. Сондай-ақ, бұған жол берген тұлғалардың жауапкершілігі қаралмақ және мекеме қызметкерлеріне шара қолданды. Қазір Төлеби ауданында 60-тан аса мектеп бар, соның ішінде асханасы бар 50 мектеп ыстық тамақ орнына ережені бұзып, заттай азық-түлік қабылдануына жол берді. Сондықтан алдағы уақытта 50 мектеп директоры құзырлы органдарға жауапқа тартылмақ.
Сонымен қатар мұндай құқықбұзушылық Сарыағаш ауданы мектептерінде де белең алып, Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментінің Сарыағаш ауданаралық басқармасы тарапынан қадағалауға алынды.
«Әділет — ақпарат»