«ҚАЗАҚ» АТАУЫ 100 ЖЫЛ БҰРЫН ҚАЛАЙ ҚАЙТАРЫЛДЫ?

Саясат Қоғам
25 Views

Осыдан 100 жыл бұрын, 1925 жылы 19 сәуірде Ақмешітте (қазіргі Қызылорда) өткен V  Бүкілқазақ съезінде қазақ халқы өзінің тарихи атауын қайтару туралы қаулы қабылдаған болатын. Орталық мемлекеттік архивінің директоры, тарих ғылымының кандидаты Сәбит Шілдебай  өзінің сұхбатында қазақтың неге  «қырғыз» атанғаны, өз атауын қалай қайтарғаны туралы айтып берді. 

Ол  бұл мәселеде «қазақ атауының» орыс тіліндегі нұсқасы қайтарылғанын ескеру керекекенін атап өтті.

«Қазақ өзатын қайтарды десек, «қазақ өз атынан айырылып қалған ба еді?» деген сұрақ тууымүмкін. Негізі қазақ одан ешқашан айырылған жоқ. Өзін-өзі қазақ деп атап жүрді.Бірақ патша өкіметі Ресей империясындағы отарланған аймақтарды бағындырып,тұқыртып ұстап отыру мақсатында құрылған казак әскерімен шатастырмас үшін біздісаналы түрде бұрмалап «киргиз-кайсак» деп атады. Ал 1822 жылы шыққан Михаил Сперанскийдің жарғысынан бастап «киргиз» деген сөзді пайдаланды», — дейдіСәбит Шілдебай. Оның айтуынша, Кеңес Үкіметінің алғашқы жылдарында да патша өкіметі кезіндегідей «киргиз» деп атала берген екен. 1919 жылы қазақ жерін басқару үшін пайда болған революциялық комитет тересми түрде Қырғыз революциялық комитеті деп аталған.

«1920 жылы қазан айында құрылған Қазақ Кеңестік  Автономиялы Социалистік  Республикасы деген атаудың қазақшасында«қазақ» сөзі болғанымен, орысша ресми құжаттың бәрінде «киргиз» деп жазылды. Бұл — метрополияның отар аймаққа және халыққа берген атауынан бас тартып,өзіміздің тарихи дұрыс атауымызды ресми түрде қайтарып, орталық билікке сонымойындатып, қаулы шығарту туралы әңгіме», —  дейді тарихшы.

Сәбит Шілдебай «киргиз» емеспіз, дұрыс атауымыз — қазақ» деп ең алғаш жазған Шоқан Уәлиханов болғанын еске салып өтті:

«Шоқан Уәлиханов ғылыми еңбектерінде бұл мәселені көтерді. Бірақ ол ештеңе талап еткенжоқ. Ғылыми тұрғыдан қарап, талдап айтты. Қарап отырсақ, қазіргі уақытта солШоқан Уәлиханов берген ғылыми тұжырымдардан алысқа ұзап кеткен жоқпыз. Оның шынмәнінде объективті түрде дұрыс ғылыми тұжырым жасағанын көріп отырмыз».

Тарихшы «қазақ» атауын қайтару жолында Сәкен Сейфуллин мен Міржақып Дулатұлының бастамасын, мақалаларын айрықша атап өткен.  Дегенмен, оның ойынша, атауды қайтарған Сәкен, Міржақып немесе съезде ұсыныс тастаған Сұлтанбек Қожанов, яки оған: «Сен ертең осылай айт», —  деп тапсырма берген Қоңырқожа Қожықов деп айту дұрыс емес:

«Бұл —  сол кездегі әр қазақтың көкейінде жүрген бүкілхалықтық мәселе тұғын. Ал жоғарыдағы аты-жөні тілге тиек етілгендер — соны айтып, жазып, ұсынысты өткізуге себепкер болған тұлғалар. Солай деп түсінгеніміз дұрыс. Ақыры, 1925 жылы 19 сәуірде, осыдан дәл 100 жыл бұрын Ақмешітте өткен V Бүкілқазақ съезінде Сұлтанбек Қожанов мәселе көтеріп, қазақ халқы өзінің тарихи атауын осы жиналыс шешімімен қайтару туралы қаулы қабылдады. Біраз уақыттан соң, 1925 жылдың 15 маусымында Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті бұл шешімді бекітіп, арнайы декрет шығарды. Сол декретпен ресми түрде атауымызды қайтарып алдық».

                                                                                                              Сұхбаттасқан

                                                                                                      Димаш ЗИЯДИН.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *