ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Билік
984 Views

Д. А. САТЫБАЛДЫ – ҚР ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨТЕНШЕЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ

Елбасының Жарлығымен Дархан Аман-гелдіұлы САТЫБАЛДЫ Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып таға-йындалды.

Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды 1974 жылы 26 наурызда қазіргі Түркістан облысының Келес ауданында дүниеге келген. Сәкен Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Экономист-менед-жер, заңгер, экономика ғылымының кандидаты. «Құрмет» ордені-мен, «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, сондай-ақ Астанада өткен Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының VII Сaммитін да-йындауға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Рес-публикасы Президентьінің Алғыс хатымен марапатталған.

Еңбек жолын Келес ауданы «Коммунизм» бөлімшесінің жұмысшысы болып бастаған (1991-1996). Келес ауданы «Келес» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының аға экономисі, Ақмола облысындағы «Кураков и Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктес-тігінің бас бухгалтері (1996-1999); 1999-2011 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің мемлекеттік мекеме-лерінде бюджеттік рәсімдердің пайдаланылуын бақылау басқармасы мәдениет және спорт мекемелерінде бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау бөлімінің жетекші бақылаушы-реви-зоры; Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мекемелерінде бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылау бөлімінің бас маман-бас бақылаушы-ревизоры; референт; кеңесші; ҚР Президенті Іс басқармасы бюджеттік жоспарлау және қаржылық бақылау бөлімінің бас сарапшысы және сектор меңгерушісі; Астана қаласы тұрғын үй департаментінің «Жылу» МКК директорының міндетін атқарушы; ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің сот орындаушысы; ҚР Білім және ғылым министрлігінің Бюджет, қаржы департаменттері директорының орынбасары; ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 6-департаментінің бастығы қызметі атқарды. 2011 жылдың тамыз айында ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономи-калық бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарды.

2013 жылы 27 мамырда Шымкент қаласының әкімінің болып тағайындалды. Д.А. Сатыбалды қала мен оның тұрғындары үшін ең жауапты кезеңде қала басшысы болды. ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Шымкент Астана мен Алматыдан кейінгі үшінші миллионер қала болуы тиіс деп мәлімдеді. Осылайша Шымкентті мегаполиске айналдыру жөніндегі барлық міндеттер қала әкіміне жүктелгендіктен, бұл жолда аянбай еңбек еткенімен ерекшеленді.

2015 жылы 19 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бі-рінші орынбасары лауазымына көтерілді. Сөйтіп, қала мен облыс-тың гүлденіп, көркейіп, дамуына өзінің сүбелі үлесін қоса білді.

2018 жылдың қазан айынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болатын.

Отбасылы. Зайыбы Жанар Ахмеджанқызы Мекембаева (1981)екеуі Мәдина (2004), Аяулым (2006) Ақерке (2007), Асылхан (2014)есімді перзенттерді өсіріп, тәрбиелеуде.

Б. С. АРЫН – ҚР САУД АРАБИЯСЫ КОРОЛЬДІГІНДЕГІ ТӨТЕНШЕЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ, ҚР ИСЛАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ ЖАНЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ

Елбасының Жарлығымен Берік Сақбайұлы АРЫН Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастық Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі қызметіне тағайындалды.

Берік Сақбайұлы Арын 1969 жылы 5 маусымда Талдықорған облысында (қазіргі Алматы облысы) дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық универ-ситетін, Қазақ гуманитарлық заң универси-тетін тәмамдаған. Филолог, араб тілі мен әдебиетінің, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы, аудармашы, заңгер. Дипломаттық дәрежесі – бірінші сыныпты кеңесші.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде рефе-рент, атташе, бөлім бастығы, Қазақстан Республикасының Сауд Арабия Корольдігіндегі Елшілігінің үшінші, екінші, бірінші хат-шысы, Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Парламентаралық байланыс және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеген. 2009-2011 жылдары Сенат Аппараты Басшысының орынбасары болып қызмет атқарды. 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, 2012 жылдың сәуір айынан бастап Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымын қоса атқаруда. ТМД ПАА Құрмет грамотасымен, бір медальмен марапатталған.

Қ. Қ. ӘБДІРАХМАНОВ – ҚР ШВЕЦИЯ КОРОЛЬДІГІНДЕГІ ТӨТЕНШЕЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ

Елбасының Жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы ӘБДІРАХМАНОВ ҚР Швеция Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

1964 жылы 21 сәуірде Алматы облысының Панфилов ауданындағы Жаркент қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін, аспирантурасын тәмамдаған. Қазақ политехникалық институтының оқытушысы болған. 1993-1998 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үшінші, екінші хатшысы, бөлім меңгерушісі, Азия елдері басқармасы бастығының, Азия елдері департаменті директорының орынбасары, Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының бастығы — ІV департаменті директорының орынбасары. 1998-1999 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі III департаментінің, Екі жақты қатынастар департаментінің директоры. 1999-2001 жылдары — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі. 2001-2003 жылдары — Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2003-2006 жылдары — Қазақстан Республикасының Израильдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2006-2007 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2007-2008 жылдары — Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы Халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі. 2008-2011 жылдары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Вена қаласындағы басқа да Халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2013 жылдың 26 қарашасында Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалған. Бірнеше медальдармен марапатталған.

*   *   *

Елбасының Жарлығымен Асқар Ерлікұлы ТӘЖІБАЕВ Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *