Жазушы Нағашыбек Қапалбекұлының «Ақ тулы Сіргелі Жабай батыр» атты кітабы өзбек тілінде жарық көрді.
Ақ тулы Сіргелі Жабай батыр (1728-1810) жас кезінен көзге түскен Әз Төле би оны қасына алып, Ташкентте оқытады. Ержеткен Жабай Қазыбекұлы ел қорғаған атақты батыр, кейін бүкіл Сіргелі тайпасын басқарған қолбасшы болады. Төрт қақпалы Ташкентті басқарған елбасшысы атанады. Бойына туа біткен көріпкел, әулиелік қасиеті болады.
Сіргелі Жабай батырдың бейіті Ташкенттегі Шайх Зайниддин баба қабірстанында. Өзбекстанның А.Х.Обидов, А.А. Мухаммадкаримов, З.С. Искандеров секілді белгілі ғалымдары Сіргелі Жабай батыр жайлы зерттеу еңбектерін жариялады.
Жуырда Ташкентте Сіргелі Жабай батырдың туғанына 290 жыл толуына орай жиын өткізіліп, ас берілді. Сол жиынға қатысушыларға Н. Қапалбекұлының «Ақ тулы Сіргелі Жабай батыр» атты өзбек тіліндегі жинағы тегін таратылды.
Салтанат ӘШІМОВА.