ШАЛЫС ҚАДАМНАН – ДҰРЫС БАҒЫТҚА

Қоғам
898 Views

Тағдырдың тәлкегіне түсіп, аяқтарын шалыс басып, темір тордың арғы жағынан бір-ақ шыққан жандар да – біздің еліміздің азаматтары болып табылады. Соңғыжылдары елімізде жазасын өтеушілерге қатысты бірқатар ізгілендіру шараларыжүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Шымкент қаласындағы ИЧ-167/3 түзеумекемесіндегі адасқан жандардың бір мезгіл еңбекке тартылып, өздерінің жүрекқалауымен жұмыс істеулеріне толық жағдай жасалған. Сабақ оқып, тіл үйренуіне,белгілі бір кәсіпті меңгеруіне, бостандыққа шыққаннан кейін оны кәдесінеасыруына кең жол ашылған. Олар саяси сабақтарға қатысумен қоса-қабат мектепбағдарламасын да меңгеріп шығады. Өз кәсібінің нағыз маманы атанған ұстаздарсабақтарын тартымды да мазмұнды өткізумен бірге адамгершілік тәлім-тәрбие дебере біледі. Нәтижесінде, ұлттық төл тілімізге деген сүйіспеншілік артыпкеледі. Тіпті, өзге ұлт пен ұлыстың өкілдері де мемлекеттік тілді меңгеругедеген ерекше ықыласын танытуда. Кітапханада сан түрлі тақырыпта іс-щаралар жиіөтеді. Құқық қорғау саласының қызметкерлері, заңгерлер мен қарымды қорғаушыларадасқан жандарға ақыл-кеңесін айтып, қызықтырған сұрақтарына жауап беріп, түзужолға түсулеріне ықпал жасауда. Әрине, мұның бәрі оларға үлкен сабақ болып,болашақта өмірден өз орындарын табуларына септігін тигізетіні анық.

Сонымен қатар олар сан түрлі спорт секцияларына қатысып, салауатты өмір салтын берік ұстанады. Өнер үйірмелеріне тартылу арқылы байқауларда бағын сынай алады. Әрине, бұл үшін олардың дені-басы сау болуы керек. Бұл бағытта үлкен және кіші медицина қызметкерлеріне жүктелетін міндет жүгі де жоғары. Осы орайда түзеу мекемесінің медицина бөлімінде 18 дәрігер мен мейірбике тынымсыз жұмыс жасауда. Олар әрбір жазасын өтеушінің денсаулығын жіті қадағалайды. Қажет болған жағдайда қаладағы медицина мекемелерінде емделіп, сауығып шығуларына барынша ықпал жасайды. Бұл бағытта Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық аурухана мен №2 қалалық емхана мен тығыз қарым-қатынас орнатылғанын тілге тиек етуге болады.

Тәуелсіз де егемен Қазақстан – демократиялық, құқықтық, зайырлы мемлекет. Еліміздің тұрғындары өздерінің нәсіліне, ұстанатын дініне, жынысына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, тең құқықты болып есептеледі. Олардың бәрі еліміздің қолданыстағы заңдары мен нормативтік құқықтық актілеріне сүйеніп, оны басшылыққа ала отырып, өмір сүреді. Қай жерде болмасын заң талаптарын мүлтіксіз орындауға талпыныс жасайды. Елімізді ертеңі кемел, өміріміз көркем болатынына сенеді. Ал үміт пен сенім бар жерде қоғам дамып, өркендей түсетіні баршаға белгілі.

Ж. ҚОШҚАРОВ,

Шымкент қаласындағы ИЧ-167/3 түзеу мекемесі медицина бөлімінің фельдшері, әділет аға лейтенанты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *