ЖАҺАНДАНУ КЕЗЕҢІНДЕГІ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАНДЫҚ

Білім
1 687 Views

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының төрінен орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Өзін-өзі дамытуға талпынған, бәсекеге қабілетті тұлға ғана терең білімді меңгере алатынын түсінді.

Қай мемлекеттің болсын даму жолы, яғни әлеуметтік-экономикалық жағдайына тікелей апарар жол – сол елдің білімінің дамуы. Яғни болашақта бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына ену міндеті бәсекеге қабілетті жас мамандарға жүктелетін абыройлы да жауапты міндет.

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай маман қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін – білім. Ал, қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау.

Бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаушы оқу ордамыз Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Жалпы психология» кафедрасы биылғы оқу жылына бакалавриат 6В03130 және магистратура 7М03130 «Психология» мамандығына 4к модуль бағдарламасына сай креативті, коммуникабельді, сыни ойлау және командамен жұмыс жасай алу қабілеті жоғары жастарды білім алуға шақырамыз.

Қазіргі таңда «психология» мамандығы әлемдегі ең танымал мамандықтардың үздік бестігіне кіреді. Психология ғылымы адам іс-әрекетінің түрлі салаларында қарқынды орын алуда. Олар: білім, бизнес, медицина, басқару, жарнама, тағы басқалар. Болашақ психолог адам өмірінің барлық саласына қатысты өндірістер мен кәсіпорындарда қызмет етеді. Себебі, қазір балабақшадан бастап, аса ірі коммерциялық ұйымдарға дейін психологты қажет етеді. Оқу орнын бітіріп диплом алған соң, түлектер практик-психолог, ғылыми қызметкер, фирмалар мен банктерде психолог-кеңесші, мемлекеттік басқару органдарында кеңесші-психолог, заң мекемелерінде психолог-сарапшы, әскери мекемелерде тәрбиеші-психолог, имиджмейкер және әртүрлі әлеуметтік саладағы психолог қызметін атқара алады.

Психология ғылымы әлеуметтік ортаның барлық салаларында кеңінен қамтылған. Жас талапкер психологияны игеру барысында білім беру жүйесінде психологиялық технологияларды қолдану, тұлғаның эмоционалды-еріктік сферасын дамыту және қалыптастыру бағытында психологиялық тренингтер өткізу, конференциялар ұйымдастыру ұдайы басшылыққа алынып отырады.

Кафедрада қазіргі уақытта 16 оқытушы жұмыс жасайды. Оның ішінде 2 профессор, 1 PhD докторы, 4 ғылым кандидаты, 9 аға оқытушы.

Ғылыми зерттеу іс-тәжірибелерін студенттер мен магистранттар төмендегі ұйымдарда өткізе алады: «Интеграция» психологиялық орталығы, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ мен Шымкент қаласындағы «Практикалық психология» орталығы.

Кафедраның ПОҚ оқыту процесін арнайы жабдықталған кабинеттерде көрнекіліктерді қолдана отырып жүргізіледі.

Қ. Е. АУЕЛОВА,

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *