ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Саясат Құқық
2 742 Views

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.

Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімінің 30 бабы құқыққа арналған.

Алайда қазіргі таңның өзекті мәселесі жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық фактілерінің тиылмай тұруына заң жайынан ақпарат білмеу болып отыр. Сол себепті де қаламыздың мектептерінде осы тақырып аясында ұдайы ашық сабақтар мен кездесулер өткізіліп тұрады. Осы орайда біз Шымкент қаласы БІлім басқармасының 2019 жыл мен 2020 жылдың 4 айында жастар қылмысын тыйуға бағытында атқарылған іс-шаралары туралы біліп қайттық.

Шымкент қаласындағы жалпы орта білім беретін 172 мектепте 222 037 оқушы білім алуда. Соның ішінде 147 мемлекеттік мектептерде 204 453 оқушы бар. Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасынан шыққан 30 354 бала білім алуда.

Соның:

13 841 оқушы ыстық тамақпен;

7 241 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерінде демалыспен;

9 272 оқушы «Мектепке жол» акциясы барысында көмекпен қамтылды.

Шымкент қаласында 2019-2020 оқу жылында кәмелетке толмағандар арасында 123 құқықбұзушылық оқиғасы орын алған. Аталған көрсеткіш 2018-2019 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 25 пайызға төмендеген (2018 жылы 162 құқықбұзушылық тіркелген). Ағымдағы жылы орын алған 123 құқықбұзушылықтың 32-сі колледж студенттері, 18-і мектеп оқушыларының қатысуымен орын алған (Бұл көрсеткіш 2018 жылы 23 болған). Мектеп оқушыларының қатысуымен орын алған құқықбұзушылықтарға сараптама жасау барысында 18 қылмыстың сегізі ұрлық, бесеуі дене жарақатын салу, төртеуі қорқытып біреудің мүлкін тартып алу (телефон тартып алған), біреуі алаяқтық қылмысы ретінде тіркелген. Қылмыс жасаған 18 оқушының алтауы жартылай жетім, төртеуі көп балалы отбасыдан шыққан, қалған сегізі толық отбасының балалары.

Қазіргі таңда қылмыс жасаған 18 оқушының алтауы мектеп бітірсе, екеуі кешкі мектепке ауысқан. Қалған 10 оқушы жалпы орта мектептерде білім алуда. Бұл оқушыларға мектеп әкімшілігі тарапынан арнайы тәлімгер бекітіліп, бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін түрлі үйірмелерге, спорттық секцияларға қамтылуда. Ата-аналарымен жеке әңгімелесу жұмыстары жүргізіліп, қатаң бақылауға алынған.

Жоғарыда аталған құқықбұзушылық оқиғаларына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде барлық қылмыс мектептен тыс уақытта орын алғаны анықталып отыр. Мысалы, сегіз ұрлық қылмысы дүкендерде және жеке үйлерде орын алса, бес дене жарақтын салу, төрт қорқытып біреудің мүлкін тартып алу қылмысы көшелерде, тойханаларда орын алған.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» – деп Әбу насыр Әл-Фараби бабамыз айтқандай, қазіргі таңда білім беру саласында бала тәрбиесіне қоғам болып көңіл аудару қажет. Жасөспірімдерге заң туралы ұғындыру да міндет. Сол себепті Ата Заңның құқық туралы баптарына тоқтала кетейік.

15-бап

1. Әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар.

2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.

16-бап

1. Әркім өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар.

2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы берiледi. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.

3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.

17-бап

1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.

2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.

19-бап

1. Әркім өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету — көрсетпеуге хақылы.

2. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым — қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркін таңдап алуға құқығы бар.

22-бап

1. Әркiмнiң ар-ождан бостандығына құқығы бар.

2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚЫЛМЫСТЫҚ ОҚИҒАЛАР ЖИІ ОРЫН АЛАТЫН КРИМИНОГЕНДІ АЙМАҚТАР АНЫҚТАЛДЫ

Жасөспірімдер арасында қылмыстың, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент қаласы прокуратурасының бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес төмендегідей жұмыстар атқарылуда.

Елбасының «Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру» мақаласының тұжырымдамалық идеясының негізінде жасөспірімдерді патриотизмге және ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында білім басқармасы тарапынан «2019-2020 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың» іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жоспар аясында оқушыларымыз облысымыздың тарихи-мәдени орындарына саяхат жасауда (Түркістан, Сайрам, Отырар, Бәйдібек, Қазығұрт аудандары).

Барлық білім беру мекемелеріндегі мектеп оқушылыраның өмірі және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және білім беру ұйымдарының жанындағы жолдарға бағдаршамдар орнату, жаяу жүргіншілер жолағын, жатын полиция кедергілерін салу бойынша барлық білім беру мекемелерінен сұраныс хаттар жиналып, сараптама жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта жол көлік басқармасына ұсынылатын болады.

Бүгінгі таңда №80 мектептің жанына жаяу жүргіншілер жолағы, №130 мектептің алдына бағдаршам орнатылуда.

Сонымен қатар, балалардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Абайлаңыз – балалар!» атты кең ауқымды республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға барлық мектептердің оқушылары қамтылып, жол ережесін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша берілген тапсырмаға сәйкес ата-аналармен тығыз байланысты орнату мақсатында бала сабаққа келмеген немесе сабаққа қатыспаған жағдайда ата-анасына баласының сабаққа келмегендігі туралы смс хабарлама баратын i-mektep бақылау бағдарламасы енгізілген. Бұл бағдарлама қаладағы оқушысы көп және құқық бұзушылық орын алатын 40 мектепке қосылған. Нәтижесінде, аталған жүйе орнатылған мектептерде құқықбұзушылық көрсеткіші 90 пайызға, сабақтан себепсіз қалу 22 384 сағаттан 2 189 сағатқа төмендеп, білім сапасы 12 пайызға көтерілді.

2019-2020 оқу жылының әр тоқсанында «Құқықбұзушылықтың алдын алу – басты міндет» тақырыбында онкүндік өткізілді,

Онкүндік аясында:

— «Ата-аналармен жұмыс» күні;

— «Ашық есік» күні;

— «Сенім» отбасылық құндылықтарды сақтау күні;

— «Рухани байлық» шығармашылық сайыстар күні;

— «Өмірді бағала» психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру күні;

— «Балаларды бірігіп қорғайық» мектеп инспекторларымен бірге профилактикалық іс-шаралар өткізу күні;

— «Қуаныш сыйлайық» жайсыз отбасының балаларымен жұмыс жүргізу күні;

— «Салауатты өмір салтын сақтау» күні;

— «Өзін өзі басқару» «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастыру күні;

— «Бос уақытты тиімді пайдалану» өнерлі жастардың сайыстары күні тақырыптарында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Іс-шара 10 күндік барысында 10 түрлі тақырыппен ерекшеленіп, жұмыстар жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – Кәмелетке толмаған жасөспірімдер мен Жастар арасындағы орын алып жатқан қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу және түсіндіру болды. Осының бір мысалы ретінде 2019 жылдың 4 ақпанында тәрбие маманы А.А.Тажиева, гигиена және эпидемиология, қазақ, орыс және латын тілдер кафедраларының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында өткен кездесуді айта аламыз.

Барлық оқушылар өз ойындағы сұрақтарға полиция инспекторынан тиісті жауаптарын алды. Қорытындылай келе, қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін жете түсіне отырып, құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік деп қатысушылар өз ойларын пікірлерін айтқан болатын.

Кәмелетке толмағандар арасында орын алатын қылмыстық оқиғаларға зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында жасөспірімдер арасында қылмыстық оқиғалар жиі орын алатын криминогенді аймақтар анықталды (Қайнар-Бұлақ тұрғын алабы, Самал-3, Шығыс, Зеленаябалка, сегізінші, Қазығұрт, Колос, Жұлдыз, Хамза, Сайрам шағынаудандар).

Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында әлеуметтік желілерді дұрыс пайдаланбау бала тәрбиесіне теріс әсер етіп жатқаны баршамызға белгілі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы тапсырмасына сәйкес интернет ресурстарының жасөспірімдерге тигізетін кері әсерін төмендету, интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты педагогтар, ата-аналар жауапкершілігін жоғарылату мақсатында барлық білім беру ұйымдарында «Қауіпсіз интернет» тақырыбында арнайы акция ұйымдастырылды.

Барлық білім беру мекемелеріне толық бейнебақылау камералары орнатылған. Алайда, орнатылған бейнекамералардың ескіруіне және көрсету сапасының төмендігіне байланысты арнайы зерделеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша бейнебақылау камераларының қажеттілігі анықталды. Нәтижесінде 119 мектепке 595 нүктеге қосымша заман талабына сай бейнебақылау камералары қайта орнатылды.

Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін тоғыз қосымша білім беру мекемесі жұмыс істеп, оған 19 576 оқушы қамтылды. Денешынықтыру және спорт басқармасына қарасты спорт мектептерінде 15 мыңға жуық оқушы түрлі спорттық секцияларға қамтылған. Сонымен қатар мектептер жанынан түрлі үйірмелер мен спорттық секциялар ашылып, 82 434 оқушы қамтылуда. Мұндай профилактикалық шаралардың бәрі кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға өз септігін тигізетіні белгілі.

КАРАНТИНДЕГІ ШАРАЛАР

· 2019-2020 оқу жылында Шымкент қаласындағы 169 білім беру мекемелерінде 214 236 балалар білім алуда. Оның ішінде: мектептер – 169, оқушы саны – 214 236 (орта мектеп – 133, оқушы – 199 557, кешкі мектеп – 4, оқушы – 736, мамандандырылған мектеп – 5, оқушы – 4 401, арнаулы мектеп-интернат – 5, оқушы – 836, жекем. – 22, оқушы – 8 706); Бүгінгі таңда, басқармаға қарасты мектептердің 131-і типтік ғимаратта, 6-ы ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Цифрлық білім беру ресурстарын қолдану. Қала мектептерінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану бойынша 2017-2018 оқу жылынан бастап «BilimLand» білім беру платформасына 130 мектеп онлайн режимінде 100 пайыз қосылып жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күнде, цифрлық білім беру ресурстарына қосылу үшін мектептерге 6 481 аккаунт берілген. «BilimLand» білім беру платформасы арқылы мектептер бастауыш сынып курстары, гуманитарлық циклдегі курстар және жаратылыстану бағытындағы пәндер бойныша цифрлық білім ресурстарын қолдануда. Сонымен қатар «iTest» ҰБТ дайындау бағдарламасы бойынша виртуалды кешен, «iMektep» (аудиовизаулды туынды – анимациялық фильм) анимациялық сабақтар мен ойын түріндегі тапсырмалар, «Twig» мектеп бағдарламасына негізделген фильмдер, мультимедиялық материалдар және тапсырмалар жинағын қолдануда.

· Шымкент қаласы Білім басқармасы Дарын орталығының директоры Раушан Жеренова жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысушылармен интернет-конференция өткізді. Онлайн өткізілген бұл іс-шараға «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қамбар Жани Сайдуллаұлы қатысып, оқушыларға адалдық пен парасатты қоғам идеологиясы негізінде ашықтыққа шақырып, олимпиада барысында әділдік болатынын айтып өтті. Шымкент қаласынан жалпы пәндер бойынша аталған республикалық олимпиадаға жаратылыстану-математика бағыты бойынша 37, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 31 оқушы қатысады. Интернет-конференция барысында Дарын орталығының директоры Раушан Омарханқызы оқушыларды толғандырып жүрген бірқатар сұрақтарға жауап беріп, олардың бойына жігер сыйлады. Одан бөлек, дарынды балаларға арналған Білім инновациялық лицейі мұғалімдері өздерінің олимпиадаға дайындау тәжірибесімен бөлісті. Алдағы уақытта жалпы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысушыларды қолдау мақсатында интернет-конференциялар өткізіледі.

· Сонымен қатар қаладағы соңғы қоңырау салтанаты онлайн форматта өтті. Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева бейнеконференция арқылы түлектер мен олардың ата-аналарын, ұстаздар қауымын оқу жылының аяқталуымен құттықтады. «ZOOM» платформасы арқылы байланысқа шыққан түлектерге Жанат Арысбекқызы мектеп кезіндегі өткен қызықты оқиғаларын айтып, жүрек тебіренісіне толы естеліктерімен бөлісті. Ардагер ұстаздар қауымы да онлайн жиынға арнайы қатысып, түлектерге сәттілік тіледі. Ал оқушылар алдын ала дайындалған «Ұстазыма мың алғыс!» – атты эстафеталық шеруін ұсынды.

· «Birgemiz: ТҮЛЕК-2020» ұранымен өткен соңғы қоңырауға Халықаралық, республикалық деңгейдегі олимпиадалық ғылыми жоба және спорттық, өнер сайыстарының жеңімпаздары, «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері қатысты. Еркін форматтағы кездесуде түлектер жылы лебіздерін білдіріп қана қоймай, ұстаздарына ән арнады. Айта кетейік, алғаш рет 9 және 11 сынып оқушылары емтихансыз 25 мамыр күні жылдық қорытындымен мемлекеттік аттестатқа ие болды. Биыл қалада 8 885 оқушы мектеп бітіріп отыр. Оның ішінде 546 «Алтын белгі» иегері және ерекше атестат алатын 356 түлек бар.

· Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның қатысуымен өткен баспасөз брифингте ұлттық бірыңғай тестілеу жайлы жан-жақты мәлімет берілді. Білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағын, аттестаттар мен «Алтын белгіні» тапсыру рәсімін ұйымдастыру кезінде қатаң санитарлық талаптар ескерілетенін айтты. Ал ата-аналар қауымын пандемияға байланысты мерекелеуден бас тартуға шақырды. Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, қаламыздағы 8 885 бітірушінің 6 799-ы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш тапсырған. Ал өтініш беру онлайн режимінде жүргізілген. Биыл қаламызда ұлттық бірыңғай тест 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Талапкерлер тестіні 4 ЖОО-ның ғимаратында, яғни М.Әуезов атындағы ОҚМУ (2 084 оқушы), ОҚМПИ (2 293 оқушы), SILKWAY университеті (1 446 оқушы) және Шымкент университетіндегі (976 оқушы) пункттерінде тапсырады. Олардың 5559-ы қазақ тілінде, 1211-і орыс тілінде және 29-ы ағылшын тілінде өз бақтарын сынайды. Өз кезегінде басқарма басшысы тестілеу кезінде санитарлық норма мен тәртіп қатты сақталатынын айта келе «Әрбір ата-ана баласын тек адалдыққа баулып, оқушы өз білімін пайдалануға мүмкіндік беруін ана әрі ұстаз ретінде сұранамын», – деді. Одан бөлек, Жанат Арысбекқызы кей сәттері білімді оқушы түрлі жағдайға байланысты аз балл жинап қалатынын алға тартып, мұндай кезде талапкер жігерін құм етпеуін тілге тиек етті. Өйткені бұл сынақты тамыз айында тапсыруға, егер одан да өте алмай қалған жағдайда арнайы конкурстарда оқып, қаңтар айында бағын сынап көруге болатынын айтты. Осы ретте қаланың бас педагогі карантинге байланысты жабылған балабақшалар жайын сөз етті. Егер олардың ашылуына жергілікті бас санитарлық дәрігер рұқсат берсе, арнайы алгоритм бойынша жұмыс жүргізуге дайын екендіктерін жеткізді. Оған қоса алдағы оқу жылында педагогтар мен басшылардың біліктігін тексеру барысы және осыған орай жалақыларының көтерілуі жайында сөз қозғады. Өз кезегінде келесі жылы жаңадан ашылатын мектептерді айтып, құрылыс барысын да назардан тыс қалдырмады. Брифинг соңында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына тиянақты жауап берілді.

Бетті дайындаған

Гүлнұр БАЙДУЛЛАЕВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *