ДАРАЛАНҒАН СОТ ДАРАБОЗДАРЫ

Қоғам Құқық
1 114 Views

Конституция – жоғары инстанция деңгейінде құқықтық бекітілген елдің Негізгі Заңы. Онда мемлекеттегі өмірді құрылымдауға көмектесетін бірқатар басты ережелер жазылған. Құжатта маңызды институттар, нормалар мен құндылықтар, сондай-ақ билік органдарының жұмысын реттеуге байланысты жайттар тіркелген. Елімізде 30 тамыз – Конституция күні тойланады. Осыған орай Шымкент қалалық сотының ғимаратында салтанатты іс-шара өтті.

Маңызды шараға сот жүйесінің ардагерлері, қалалық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, сот қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Шарада сөз алған қалалық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ербол Жанғазин жиынға қатысушыларды Конституция күнімен құттықтады. Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісі басшысы Нұрсұлтан Байтілесов құттықтау сөз сөйледі. Шымкент қалалық сотының судьясы Самат Мырзахметов арнайы баяндама жасады. Сондай-ақ, жиын барысында айтулы мерекеге орай бейнеролик көрсетіліп, мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған сот мамандарының ант қабылдау рәсімі өткізілді.

Салтанатты жиын қызмет саласында еңбегі еленген тұлғаларды марапаттауға ұласты. Ұзақ жылдар бойғы жемісті әрі мінсіз қызметі, құқықтық сот жүйесін дамытуға қосқан салмақты үлесі үшін Жоғарғы Соттың ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен Шымкент қалалық сотының судьясы Нұрлан Биболов, Жоғарғы Соттың ІІ дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Әбсаттар Шахидинов, «Үш би» Құрмет белгісімен Қаратау аудандық сотының төрағасы Ермахан Рахманберді және доғарыстағы судья Сәбит Жақсылықов, «Судьялар одағының Құрметті мүшесі» Құрмет белгісімен Қаратау аудандық сотының судьясы Момбек Әмірбеков марапатталды.

Шымкент қалалық соты төрағасының Алғыс хатымен Шымкент қалалық сотының судьялары – Тамара Смайловаға, Самат Мырзахметовке, Еңбекші аудандық сотының төрағасы Айдос Сұлтановқа, Абай аудандық сотының судьялары – Еркен Отарбаев пен Қанат Мылтықбаевқа, Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Майра Қалмұрзаеваға табысталды.

Қазақстан Республикасының Судьялар одағының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Айдос Сұлтанов Абай аудандық сотының судьясы Мейрамкүл Құдайбергенова мен Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық Экономикалық сотының судьясы Махаббат Мұздыбаеваны Құрмет грамотасымен, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы Әбинұр Қарабаев Алғыс хатпен марапаттады.

Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қабыл Дүйсенби мен Персоналды басқару бөлімінің басшысы Нұрипа Атаханова, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесінің бас маман-сот мәжілісінің хатшысы Айнұр Бердалина Жоғарғы Соттың І және ІІ дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгілерін иемденді.

Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісі басшысы Нұрсұлтан Байтілесовтің Алғыс хатымен Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі Талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Толқынай Құлтасова, Құжат айналымы және бақылау бөлімінің жетекші маманы Әлия Серманиязова, Мамандандырылған Тергеу соты кеңсесінің бас маманы Аружан Қасымбекова мен сот приставы Шалқар Алмабай, Абай аудандық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшылары – Азат Өтегенов, Нұрсұлтан Мыңбатыров, Сейітжан Исмаилов, Әл-Фараби аудандық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшылары – Сандуғаш Әбдіраимова, Асылзат Сәмбетова, Нұрғали Медетов, Еңбекші аудандық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшылары – Жанат Сарбозова, Жанат Қамбарова, Ерболат Мырзақұлов және «Integriti» бағдарламасының маманы Бауыржан Жиенбаев марапатталды. Сонымен қатар Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Ғани Байарыстан мен Абай аудандық сотының судьясы Мырзахан Тиметовке қызметтік пәтер табысталды.

Салтанатты шараның соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

Осы орайда айта кетеріміз, Конституциялық нормаларды билік етуші субъектілердің қызметіне байланысты құқықты іске асыру нысандарының бірі ретінде қолдану заң тәжірибесіндегі неғұрлым маңызды проблемалардың бірі болып табылады. Мемлекеттік органдар жүйесіндегі соттардың ерекше жағдайы сот қызметін жүзеге асыру кезінде құқықтық нормаларды іс жүзіне іске асырудың принципті маңызы туралы айтуға мүмкіндік береді.

Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттардың Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын қолдануымен байланысты құқық қолдану мәселелері қоғамдық қатынастарға конституциялық-құқықтық ықпал етудің қазіргі ерекшелігінің нәтижесінде ерекше маңызды.

Сот қызметкерлерінің Конституцияны қолдануының негіздері оның мәні тұрғысынан қарастырылған. Біріншіден, Конституция елдің Негізгі Заңы ретінде әрекет ете отырып, құқық жүйесінде ерекше мәртебеге ие. Оның құрылтай сипаты бар, одан әрі құқықтық реттеу үшін заңды базис болып табылады. Екіншіден, Конституция елдің нормативтік құқықтық актісі бола отырып, қоғамдық қатынастарды дербес реттеуге, олардың қатысушыларының нақты құқықтары мен міндеттерін белгілеуге қабілетті.

Аягөз ДҮЙСЕНБАЕВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *