АТА-АНА ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН АЗАМАТТАРҒА ҮЙ БЕРІЛЕДІ
Түркістан облысы Сайрам ауданында 2 қабатты тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстарыаяқталды. Аталған жұмыстарды Түркістан облысы әкімінің орынбасары СәкенҚалқаманов аралап көрді.
Ақсу ауылында орналасқан бұл тұрғын жай үй кезегіне тіркелген жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 17 азаматқа тапсырылады. Аталған ны-санды күрделі жөндеуден өткізуге бюджеттен 68 млн теңге қаржы қаралған.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Сайрам ауданында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде 184 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тіркелген.
Сондай-ақ Сайрамда мемлекеттік жекеменшік әріптестік бағдарламасы ая-сында 1200 орындық жаңа мектеп ашылды. Бұл білім ордасында 5 спорт залы, теннис корты, футбол алаңы, әртүрлі бағыттағы үйірмелерге арналған бөлме-лер, бассейн орналасқан. 74 заманауи үлгідегі интерактивті тақта, қажетті құ-рал-жабдықтарымен жабдықталған биология, химия және физика кабинеттері бар.
1200 оқушыға арналған мектепте 2400 бала екі ауысыммен оқи алады. Қазір бұл мектепте карантин талаптарын сақтай отырып, 1-3 сынып оқушылары білім алуда. Бір сыныпта 15 баладан отыратын кабинеттерде америкалық үлгімен қойылған парталар тұр. Яғни, бір партада тек бір бала отырады. Айта кетерлігі, заманауи білім ордасында оқу ақысы тегін, тек қосымша үйірмелер ғана ақылы.
Мектепті салған инвестор бұған дейін де 7 балабақша мен 2 мектепті өз қаражатына салған.
КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАР ЖЕР ТЕЛІМІН АЛАДЫ
Түркістан облысы Келес ауданына қарасты Ошақты ауылдық округінде бүгінде 400-ге жуық азамат жер теліміне кезекте тұр. Инфрақұрылым жүргізіліп, алдағы уақытта ауылда жер теліміне мұқтаж азаматтарға елді мекен аймағындағы 15 гектар жерден учаскелік жер телімдерін беру көзделіп отыр. Халық игілігі үшін келесі жылдан бастап инфрақұрылым өткізу жұмыстары жүргізіледі. Қазірдің өзінде аталған ауылдық округте 600 метр жолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Келес ауданының әкімі Ақментай Үсенұлы ауданға қарасты бірқатар ауыл-аймақтарды аралап, ондағы жол жөндеу жұмыстарының барысын бақылады. Бүгінде Бірлік, Жүзімдік және Қошқар ата ауылдық округтерінде тозығы жеткен жолдарда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
«Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар, яғни балабақша, мектеп, емхана орналасқан көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргіземіз деп шештік. Одан кейін су, газ сынды инфрақұрылым жұмыстары жүргізіліп біткен көшелер жоспарға енеді. Осылайша бұл мәселені біртіндеп шешіп, халықтың жағдайын жақсартатын боламыз», – дейді аудан әкімі.
Сондай-ақ, Келес ауданы Бірлік ауылдық округіне қарасты Жаңатіршілік елді мекеніндегі су арнасында көпірдің орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 8 метр қашықтықта орналасқан жол көпірін қараша айында пайда-лануға беру жоспарлануда. Ауданда республикалық маңызы бар А-15 трассасына айналма жолды байланыстыру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Оған қоса аудан орталығына кіріп шығатын жанама жол салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарының сапасы облыс басшылығының қатаң бақылауында.
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖАТАҚХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы «Арыстанбаб» жоғары кол-леджінде студенттерге арналған100 орындық жаңа жатақхана пайдалануға берілді. 2019 жылы заманауи үлгіде бойкөтерген жаңа нысан барлық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Екі қабаттынысанның әрбір бөлмесі төрт адамға арналған. Бөлмелердің іші жиһазбенжабдықталып, жуынатын бөлме салынған.
Ғимараттың ашылу рәсіміне арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Отаршиев жаңа жатақхананың салынуы студенттер үшін маңызды екенін айтты.
«Жаңа ғимарат студенттердің оқуына жəне өз уақыттарын жайлы жағдайда өткізулеріне мүмкіндік береді. Шалғай ауылдардан келіп білім ала-тын студенттер үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет. Оқу ордасының студенттері білімді және белді маман болатынына сенемін», – деді ол.
Айта кетейік, қазіргі таңда аталған колледжде жастар 12-гуманитарлық және медициналық мамандықтар бойынша білім алуда. Болашақта маман болатын 1141 студентке 70 оқытушы дәріс беруде.
АУДАНДЫҚ АУРУХАНА ҒИМАРАТЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ
Түлкібас аудандық ауруханасы күрделі жөндеуден өтті. Ғимараттардың ішкі және сырты әрлеу жұмыстарымен қатар есік, терезелері ауысып, жылу жүйесі толығымен жаңартылуда. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына ыңғайлы болу үшін барлық жағдайлар жасалынды. Мұнан бөлек орталық аурухананың неврология, перзентхана және гинекология бөлімдерінің ғимаратын жыл соңына дейін толығымен күрделі жөндеуден өткізіп, ел игілігіне пайдалануға беру көзделген. Аурухана 270 төсек орынмен қамтылып, үлкен көлемдегі келушілерді қабылдауға дайын.
Орталық аурухананың басты түйткілді мәселесі ауыз су құбырларының ескіру де назардан тыс қалмады. Мәселені шешу мақсатында аурухана аумағындағы барлық ескірген құбырлар жаңартылып, ауыз су жаңа жүйеге қосылып отыр.
ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Түркістан қаласындағы құрылыс жұмыстарында бүгінде 4000-нан астам жұмысшы еңбектенуде. Қара жұмыстың бар қиындығын арқалаған құрылысшылардың еңбегі ерен. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мердігер компания басшыларына құрылыс алаңдарында карантин талаптарының қатаң қадағаланып, қауіпсіздік шараларының сақталуын және құрылысшылардың қолайлы еңбек жағдайын жасауын тапсырған болатын.
Осы орайда әр азамат өз құқығын білуі тиіс деген мақсатпен, құ-рылысшыларға еңбек қауіпсіздігінің ережелері мен құқықтары және міндеттері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Жиынға облыс орталығын-дағы әкімшілік-іскерлік орталығында көпқабатты тұрғын үйлер мен әуежай, конгресс холл және тағы да басқа нысандарды салып жатқан мердігер компания басшылары мен жұмысшылар қатысты.
Облыстық еңбек инспекциясы басшысының орынбасары Б.Нұр-маханов пен мемлекеттік еңбек инспекторлары құрылысшыларға еңбек шартын жасасу, өзгерту және толықтыру тәртібі, ауысымдық жұмыс, түнгі уақыттағы және үстеме жұмыс, жалақы төлеудің мер-зімдері, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін қосымша ақы төлеу, жұмыскерлерді жазатайым оқиғадан сақтандыру, профилактикалық шараларды жүргізу туралы мәселелерді түсіндірді. Кездесу барысында мамандар жұмысшылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді. Аталмыш шара алдағы уақытта да жалғасын табады.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ АРҚАСЫНДА ШҰЛЫҚ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫП АЛДЫ
Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғыны Әлішер Ерметұлы Қарнақ ауылынан «QARNAQ TEXTILE» деп аталатын цехты іске қосты. Бүгінде кәсіпорын әртүрлі жыл мезгіліне арналған шұлықтың 20 жуық түрін жасап дайындап, сатылымға шығаруда. Жақында ғана жұмысын бастаған цех әзірге күніне 200 дана шұлық шығарумен айналысуда.
Кәсіпкер мемлекеттік бағдарламаның көмегімен 4 млн. теңге жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, сол қаржыға Қытай елінен соңғы үлгідегі шұлық дайындайтын құрылғы сатып алған. Қазіргі таңда, дайын өнімді Кентау, Түркістан базарларына шығаруда.
Кәсіпкер нарықта тауарға деген сұраныстың жоғары екенін айтады. Сондай-ақ, өнімге қажетті шикізат шет мемлекеттен тапсырыспен жеткізілетінін жасырмады. Алдағы уақытта мекеменің ауқымын кеңейтіп, қажетті заттардың барлығын өздері дайындап шығаруды жоспарлап отыр.
Одан бөлек, цех басшысы жылыжай шаруашылығын да қатар да-мытып отыр. Кәсіпкер негізінен қияр мен қызанақ егумен айналысады. Көктем айларында 20 тоннаға жуық қияр өндірген шаруа, күз мезгілінде де осы шамада қызанақ өнімін алуды жоспарлап отыр.
ТАРИХИ МЕКЕНДЕР МЕН МҰРАЖАЙЛАРҒА ОНЛАЙН САЯХАТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА
Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» жастар арасында тарихи мекендер мен мұражайларға қызығушылықтарын арттыру мақсатында тың жобасын жүзеге асыруда. Атап айтқанда, «Менмұңдаланған музейлер» жобасы аясында онлайн саяхаттары ұйымдастырылып отыр.
Онлайн саяхат барысында Отырар ауданы Шәмші ауылында жуырда ғана ашылған, қазақ ән әлемінің падишасы Шәмші Қалдаяқовқа арналған «Шәмші үйі» мұражайынан тікелей түсірілім көрсетілді. Оқырмандарға композитордың өмір жолы мен бөлмесіндегі әрбір заты туралы қызықты деректері айтылды.
Онлайн саяхатты 5000-ға жуық жас тамашалап, қызықтырған дүниелер туралы сұрақтарын қойды. Бұл бастама алдағы уақытта да жаңа форматтармен ұйымдастырылатын болады.
«Апта сайын облыстағы тарихы терең, қойнауы кең мұражайлардың ішіне саяхат жасап, ондағы құндылықтармен жекелей таныстыруды қолға алдық. Бұл жобаның бір ерекшелігі – смартфон арқылы-ақ музей ішін аралауға болатыны және ондағы ақпараттардың желіде сақталатыны», – деді Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Амалбек Өміртай.
Жоба аясында Түркістан қаласы тарихи-мәдени этнографиялық музейге қарасты Н.Оңдасынов және Н.Төреқұлов пен С.Ерубаев атындағы мұражайлардан тікелей эфир жүргізіліп, желі оқырмандарына рухани демалыс ұйымдастырылды.
730-ДАН АСТАМ АЗАМАТТАН ШАҒЫМ ТҮСКЕН
Түркістан облысында үстіміздегі жалдың 8 айында Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына еңбек шарттарына байланысты 734 азаматтан арыз-шағым түскен. Нәтижесінде мекемелер мен кәсіпорындарда барлығы 192 тексеру жүргізіліп, барлық шағымданушыларға заң аясында уақытылы тиісті жауаптар берілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте басқарма басшысы Берік Ибадуллаев мәлімдеді.
Оның сөзінше, еңбек шартының бұзылуына байланысты шағымдар саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,8 пайызға кеміген.
«Биыл келіп түскен арыз-шағымдарда көбіне жалақы төлеу мерзімінің, еңбек шартының, жұмыс уақыты нормасының бұзылуы және еңбек демалысын уақытылы бермеу мәселелері көтерілген. Жүргізілген тексерулердің нәтижесінде 208 заң бұзушылық анықталған. Оның 186-сы жойылды не заңға сәйкестендірілді. Қалғандарының орындау мерзімі бар», – деді Б.Серікбайұлы.
Сондай-ақ, 2020 жылдың қаңтар – тамыз айларында облыс мекемелері мен кәсіпорындарында жалақыны заңмен белгіленген мерзімнен кешіктіріп төлеген 5 жағдай анықталған. Бүгінгі таңда 2019 жылдан қордаланған және өтпелі жалақы қарызы бар 2 кәсіпорында 22 жұмыскер алдында 41,7 млн. теңге жалақы қарызы қалып отыр.
Ал, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы бойынша 27 жағдай тіркелген. Олардың қатарында жұмыскерлерді оқыту және нұсқама беру тәртібін бұзу, арнайы киіммен қамтамасыз етпеу, еңбекті қорғау жөніндегі құжаттарды жасамау, міндетті медициналық тексерулерді өткізбеу, еңбекті қорғау қызметін құрмау фактілері бар.
Басқарма басшысы мұндай заң бұзушылықтардың орын алуын жұмыс берушілердің және лауазымды жауапты қызметкерлерінің Еңбек заңнамасын елемеуі, оны оқып-үйренуге талпынбауы, жұмыс берушілердің осы мәселеге жеткілікті көңіл бөлмеуімен байланыстырады. Бұған, сондай-ақ, кейбір жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын қасақана бұзуы да кері әсерін тигізуде.
Бетті дайындаған
Зерек МҰРАТБЕКҰЛЫ.