25 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

Қоғам
505 Views

Облыс басшысы Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің қатысуымен өткен аппарат мәжілісінде «Жұмыспенқамтудың Жол картасы» шеңберінде іске асырылатын жобалар туралы облыстықжұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысыӘсия Темірбаева баяндады. «Жұмыспен қамтудың 2020 — 2021 жылдарға арналған Жолкартасына» сәйкес өңірде жаңа ғимараттар бой көтеріп, әлеуметтік-мәдениетнысандары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ғимараттарында жөндеу жұмыстарыжүзеге асырылмақ.

Инженерлік-көлік инфрақұрылымдарын қайта жөндеуден өткізіп, елді мекендерді абаттандыру көзделген. Осы мақсатта Түркістан облысында 460 инфрақұрылымдық жобалар бекітіліп отыр. Соның ішінде 48 нысан Түркістан қаласын дамыту жоспарына бағытталған. Ауқымды жұмыстар барысында өңірде 25 мыңға жуық уақытша жұмыс орны ашылады. Іс ілгері қадам басып, жобалар жүзеге асқан соң тағы да екі мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын құру көзделген. Азаматтардың орташа жалақысы 85 мың теңгеден төмен болмайды.

Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алудың ерекше тәртібіне сәйкес аудан, қалаларда инфрақұрылымдық жобаларды іске асыратын мердігерлерді анықтау жұмыстарын жүргізу басталды. Инфрақұрылымдық жобалардың басталуын, тиісті жұмыс орындарына жұмыссыздардың тартылуын қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Ең бастысы – жұмысшылардың қауіпсіздігін қадағалау мақсатында барлық қауіпсіздік шаралары қамтылып, залалсыздандыру жұмыстары уақытша жүргізіліп отырады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *