БАЛАЛАР ЛАГЕРІ ҚОҒАМНАН ОҚШАУЛАНБАУҒА ҮЙРЕТЕДІ

Қоғам
593 Views

Балалардың жазғы демалысында қуанышты әсер сыйлау мақсатында Шымкент қаласында «Жусан» операциясымен оралған азаматтардың ұл-қыздарын жаздық лагерьлерге шақыру үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар жазғы демалыстарын осылай тиімді пайдаланбақ. лагерьде балалар көпшілікпен араласып, топ алдына қалай сөйлеуді үйренеді, бойындағы қорқыныштар мен қыспақтардан арылады. Баланың өмірге деген ынтасын арттыратын ойындар арқылы оқушылардың ой-өрісін, ойлау деңгейін арттыратын болады.

Кездесуге Шымкент қалалық білім басқармасының маманы Әшірбек Адеев, Дін істері басқармасынан Бақыт Төлемісов, «Ақниет» ҚҚ теолог маманы Файзулла Тайтелиев, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог маманы Икрам Айтаев қатысты. Кездесуде балалардың жазғы лагерьлерден алар әсері жайлы мәлімет айтты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *