Биылғы жыл біздің көп ұлтты Қазақстан мемлекеті үшін саяси, тарихи жыл болып қалады. Себебі, біз егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алғанымызға отыз жыл толайын деп отыр. Көп ұлтты қазақстандықтар тәуелсіз мемлекетімізді әлем картасына енгізген Елбасы – тұңғыш Президентіміздің саясатын толығымен қолдап келді, қолдайды да. Ал енді сабақтастық жолымен мемлекетті басқару Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа өтті. Біз бүгінгі таңда елдегі тыныштықты сақтау үшін, алдымыздағы бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ бағдарламасын жүзеге асыру аясында өздеріңіз білесіздер Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы болып Қасым-Жомарт Кемелұлы сайланды. Ал Елбасы Ассамблеясының құрметті Азаматы болып сайланды.
Мен бұл жерде айтайын дегенім, көп ұлтты қазақстандықтардың ішінен сан жағынан Қазақстан Республикасындағы өзбек ұлтының өкілдері иемденеді. Тамыры бір, ділі бір, діңгегі бір қазақ-өзбек халқының тарихы да бір. Біз қазақ-өзбек болып, бір-бір уығы болып ілінгенімізге 555 жыл болды. Сол Керей мен Қасымханның қазақ халқын, қазақ елін алып шығуы сол кездегі тарихи кезең болып есептеледі. Сол екі елдің бірлігін тарихи дәлелдермен көп жерлерде айтсақ болады. Мысалы, Мұхамед Хайдар Дулати бұл Бабырдың бөлесі. Мұхамед Хайдар туысы Бабырмен бірге болып, соның тәлім-тәрбиесін алып, ұзақ жылдар шах елі Үндістанда болып, сонда хакім болып ел басқарғанын білеміз. Ал, енді сол тарихтан төмен қарай жылжып келетін болсақ, Ұлықбектің қызы Рабия Бегім Әбілхайырдың әйелі болды. Бұл Рабия сұлтан Бегімнің кесенесі де Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңында екенін білеміз.
Елдің тыныштығы, халықтың бірлігі әсіресе көпұлтты қазақстандықтарға өте қажет. Былтыр Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын кең көлемде атап өтпесек те, онлайн режимде көптеген іс шаралар өткіздік. 1995 жылдың 1 наурыз күні Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Ассамблеяның негізгі мақсаты – қоғамдық келісімді, татулық пен бірлікті сақтап ту еті. Сонымен бірге Елбасының саясатын халықтың арасында насихаттау. Ал енді тарихқа назар тастайтын болсақ, 1991 жылдан бастап осы күнге дейін біз талай белестерді бағындырып, тар жол тайғақ кешу жолдардан өткенімізді білеміз. Бүкіл республика бойынша тоқсаныншы жылдардың басында жарықты, жылуды, суды, азық-түліктің жетіспеушілігі де алдыңғы кезектегі қиыншылықтарымыз еді. Дегенмен, біз налымадық. Бүгінгі күні дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін бәрімізге бірге әлеуметтік жағдайымыздың көтерілуіне, экономикамыздың өркендеуіне, мынау елдегі өндіріс заттарын шығаратын кішігірім зауыт-фабрикалардың ашылуы – осының дәлелі.
Мемлекеттің байлығы – халық және халықтың денсаулығы.
Отыз жылдағы жетістіктердің бірі — 2018 жылдың 27 маусым күні қазіргі Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы және Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы ұлтаралық байланыстар және шет мемлекеттерімен достық байланыстары Комитеті арасында меморандумға қол қойылды. Мұндағы келісім басымдықтарының бірі екі елдің ұлы тұлғаларының мерейтойларын өткізу, екі елдің тарихын терең білу, екі елдің мәдениеті мен достығын дамыту болып табылады. Әр жылы 10 тамызда өтетін қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығын онлайн режимде өткіздік. Тағы айта кетерлік маңызды жайт, Өзбекстанда Төле би мен Әйтеке бидің сүйегі жатыр. Ташкент қаласының жүрегінде, Шайхан тауының етегінде Төле би, Науаи облысында Тамды Үшқұдық жерінде Әйтеке бидің мазары бар. Бұл екі елдің бір-біріне жақын екенін көрсетеді. Содан кейін Шымкент қаласында 9 ақпан күні Әлішер Науаидің туған күні, 9 сәуір Сайыпқыран Әмір Темірдің туған күнінде әдеби-мәдени кештерін атап өтіп келеміз.
Айтайын дегенім, елдегі тыныштықты сақтап қалуға әр біріміз өзіндік үлесімізді қосу керекпіз. Бұқаралық ақпарат құралдарының да қосар үлесі зор. Сәбит Мұқановтың жақсы бір сөзі бар:
— Адамдардың әлемде шын достығын тілеймін,
Адамдардың әлемде тыныштығын тілеймін!
Шын достықтың әр елде, тым ыстығын тілеймін,
Бақыт, еңбек, береке, тыныштық күнін тілеймін,
Күнде думан, мереке тыныштығын тілеймін! – деген екен.
Әрқашан еліміз тыныш, халқымыз аман болсын! Әрбір өткізіп жатқан іс шарамыз халықтың бірлігі үшін өткізіледі. «Достық дастарханы» деп аталатын мерекеміз бар. Биыл 29 шілде күні Өзбекстан Республикасы «халықтар достығы» медалін тапсырды, бұл менің емес, халқымның кеудесіне таққан медаль деп білемін. Себебі, олар біздің және екі елдің тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды көрді, бағасын берді. Түркістан облысы, Сарыағаш бекетінде тұрып қалған жұмысшыларға арнап 8 мың адамға тамақ бердік, Мақтаарал ауданында судан зардап шеккен бауырларға 65 миллион көмек бердік. Арыс қаласындағы әскери бөлімде болған жарылысқа 30 миллионнан аса құрылыс материалдарына алуға көмек қолын создық. Ұлы Даланың перзенттері әрқашанда ата-бабамыздың аңсаған тәуелсіздігін келесі ұрпаққа жеткізу азаматтық парызымыз деп білеміз.
Икрам ХАКИМЖАНОВ,
Шымкент қалалық өзбек театры
директорының бас кеңесшісі,
«Дустлик» қауымдастығының төрағасы