БІЗДІҢ МАҚСАТ – ЖАЗА БАСҚАНДАРДЫ ҚОҒАМҒА ҚАЙТА ТӘРБИЕЛЕУ

Қоғам Құқық
638 Views

Жазатайым қылмыс жасап, өзін өмірде қажетсіз сезініп, болашағынан үміт үзген жандар аз емес. Өкініштісі, олардың арасында кейбірі тәубесіне келіп, қателіктерін түсінсе, ал енді бірі қайта қылмысқа барып, түрменің төрінен бір-ақ шығатыны қынжылтады. Адам бармақ тістер бір жасаған ағаттығын әрі қарай қайталамас үшін мемлекет пробациялық қызмет түрін қолға алды.

Пробациялық бақылаудың мақсаты – заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындауларын бақылау арқылы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзелу жолына түсіру, қайта қылмыс жасаудың алдын алу, шартты түрде сотталғандардың жалпыға ортақ әлеуметтік, моральдік және құқықтық нормаларды сақтауы болып табылады. Шартты түрде сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің негізгі бағыттары – білім алуына, кәсіп түрлерін игеруіне, жұмысқа орналасуына, емделуіне және құқықтық кеңестермен қамтамасыз етілуіне көмек көрсету. Шымкент пробация қызметінде есепте тұратын 436 азамат бар. Осы орайда Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша №2 ші пробация қызметінің бөлімі полиция басқармасының Абай аудандық бөлімімен бірлесіп қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін республикалық учаскелік іс-шаралар өткізуде. Қаладағы сотталған азаматтарды қайта қылмыстың алдын-алу және болдырмау мақсатында кешкі уақытта үйде болу шарттарын қадағалаудамыз. Оларға әлеуметтік қызмет тұрақты көрсетіліп отырады. Яғни сотталғандарға құқықтық, психологиялық, медициналық кеңестер беріледі. Сондай-ақ олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудеміз.

Дәурен ПОШАХАЕВ,

Шымкент қалалық №2 ПҚ бөлімінің аға инспекторы,

Әділет капитаны

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *