АУҒАНСТАНДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫ ҚАЛТ ЖІБЕРМЕЙ БАҚЫЛАУ КЕРЕК НЕМЕСЕ СОДЫРЛАР ОРТА АЗИЯҒА АУЫЗ САЛАМА?

Саясат
731 Views

2021 жылдың тамызында тәліптер Ауғанстан астанасы Кабулды басқыншылықпен алып, жаңа үкіметорнатқаны белгілі. (Қазақстанда бұл террорлық ұйымның белең алуына қатаң тыйымсалынған). Ресми мәліметтерге сүйенсек, «Талибан» радикалдықозғалысының содырлары жақын арада елде Ауғанстан Ислам Әмірлігі  құрылатынын мәлімдеді. 2015 жылыдүниежүзіндегі сарапшы мамандар «Тәлібтер Ауғанстанда халифат орнатпақ, ал ИШИМ(Ирак-Шам-Иран мемлекеті) ұйымы әлемді жаулап алуға, ғаламдық жиһад жасауғаталпынуда» деген болжам жасаған еді. Асыра сілтеп, айғайға сүрен қосқымыз жоқ,дегенмен бұл күнде ең қауіптісі тәліптер өз дегеніне жетіп отыр. Енді Орта Азияқауіпсіздігі мен тұрақтылығы жаңа сын-қатерлердің алдында тұр. Сирия мен Ирак жеріндегіжағдай әзірге біршама тұрақтанып, ендігі «ойын алаңы» Қазақстанды қамтығанаймаққа қарай жақындай түсті. Сондықтан ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан Ауғанстанда болатын өзгерістерді, ықтималқауіп-қатерлерді қалт жібермей қадағалап, аймақта сыртқы күштер қандай мақсаттақандай қадамдар жасап жатқанын бақылап отыру керекпіз. Төменде автор мақаласынасүйене отырып, тәліптермен деңгейлес ИШИМ ұйымының қауіп-қатері жайлы мағлұматбермекпіз.

ДҮНИЕНІ ДҮРЛІКТІРІП, ҚАН ТӨГУДІҢ АУЫР ТҮРЛЕРІН МЕҢГЕРГЕН

ДАИШ немесе ИШИМ (Ирак-Шам-Иран мемлекеті) бүгінгі таңда әлем қауымдастығының бас ауыртарлық мәселесі болып тұр. Аз ғана уақыт ішінде күшейіп кеткен ИШИМ терроршылары БАҚ мәліметтерінде триллиондық сумманы құрайтын байлыққа ие. Бұл байлық оларға қайдан келгені белгісіз. Белгілісі ең жаңа қару-жарақ пен техника және көзге көрінбейтін күштің қолдауымен Ирак пен Сирияның аумағын қанға бөктіруде. ИШИМ-нің «даңқы» атышулы әл-Қаидадан асып түсті.

ИШИМ сарбаздары қатыгез әрекеттерімен барша адамзаттың бойына үрей ұялатты. Белгілі бір мемлекеттерге қоқан-лоққы ретінде шығарылған бейне жазбалары ғаламторды шарлап жүр. ИШИМ-діктер үшін адам өмірінің еш құны жоқ екені осы бейне жазбалардан айқын көрінеді. Әл-Қаиданың тіпті төл баласы іспетті Бен Ладен ұйымдарын түгеліне жуық басын қосып жаңа мұрагер жетіліп, жырығын қатыгездігі жағынан әлгі аталған бүлікшіл топтардың қай-қайсысынан да асып түсіп, өздерін «ислам мемлекеті» деп жариялады да. Сондықтан ИШИМ деген атаудың өзінде «Ислам мемлекеті» деген дақ бар. Яғни бұл топ өзін ислам дінімен байланыстыра қана қоймай, оның «құрушылардың» идеясына сәйкес исламнан адамзатты бойтартуға бағытталған жоспарлар негізінде жер бетінде халифат орнатуды көздейді. Бұлар 2014 жылы 25 маусымда өздерін халифат деп жариялады.

Бұқара халық ертедегі Араб халифаты жөнінде, Осман халифаты жөнінде біледі. Ал ИШИМ әлгі тарихи фактінің өңін өзгертіп, түбірімен теріс мақсатқа құрылған өзгенің «жоспарын» орындап отырған жаналғыш топ. Шын мәнінде ИШИМ ислам әлемінің мақсат-мүддесіне қарсы күштердің қолдауына сүйеніп ислам дінін саяси құрал еткен террорлық топ.

Дәл қазіргідей аяусыз қатаң жазалар, қатаң әрекеттер ислам тарихында бұған дейін болмаған-ды. Терроршылардың қазіргі іс-қимылдары Құранға, Мұхаммед пайғамбар мен оның сахабаларының жолына қайшы. Бейбітшілікті ту еткен, мейірімділік пен сүйіспеншілікті таратқан дін ислам мен ИШИМ-нің тарихы — әлеуметтік қызметі де олардың бастау алып, жүгінер принциптері мен мақсаттары да, тіпті, шынайы құрылымы, болмысы, қалап алған жолы екі басқа. Сарапшылар ИШИМ-нің діни ғұрыптарға немқұрайлы қарайтынын тіпті, мұсылмандық пайым-парасаттың, мінез-құлық пен адами аңсардың оларда табы да жоқ екенін айтып жүр. Терроршыларда негізінен құраушылары көпке мәлім болғандай, мұсылман дінін ұстанбайтын әр түрлі елдерден жиналғандар. Олардың басым көпшілігі Құраннан, Пайғамбар сүннетінен хабарсыз жандар. ИШИМ-діктер қан төгудің аса ауыр түрлерін, зинаның адам естімеген «үлгілерін», адам саудасын, құлдыққа салу арқылы жүргізілетін қылмыстардың небір құлақ естімегендерін аяусыз, жауыздықпен жанталасып жүргізіп жатыр. Ислам тыйым салып, харам еткен амал-әрекеттердің қандайынан да бас тартпайды. Дүниені дүрліктіруде. Міне осы тәрізді дәйектер ИШИМ-нің исламға ешбір элементі, ой-мақсаты мен тегі мүлде қарама-қайшы құрылым екеніне жоғарыда жатқызған әлем куә болып отырған деректер жеткілікті мысал бола алады.

ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ ДІННІҢ ТУРАСЫ МЕН БҰРЫСЫН АЙЫРА АЛМАУДА

Ендігі кезекте мәселенің біздің елге қатысты тұсына тоқталсақ. Астана қаласының Есіл аудандық сотының 2015 жылғы 15 қазандағы шешімімен ИШИМ террорлық ұйым деп танылып, елімізде қызметіне тыйым салынды. Ресми мәлімет бойынша дәл осы террорлық ИШИМ ұйымы қатарында қазақстандық 400 шамасында азамат соғысып жүргені жайында БАҚ-да түрлі мәліметтер жүр. Олардың арасында жастар көп. Жастардың ИШИМ-ге алдануының себептерін айтқанда бірінші кезекте діни сауатсыздықты сөз етеміз. Қазақ жастары әлі де діннің турасы мен бұрысын айыра алмауда. Әлдебір діни идеологиялық топтар діни сауаты төмен жастарымызды оп-оңай өз қатарларына қосып алып жатыр. Еліміздегі діни сауатсыздық мәселесінің төркінін біз кеңестік дінсіз кезеңмен байланыстырып жатамыз. Сол кезеңде діннен хабары жоқ болып өскен буын бүгінгі күні өз ұрпағына жеткілікті діни тәрбие бере алмауда. Иә, бұл жайтты біз жоққа шығармаймыз. Дегенмен мәселеге осы жағдайдың салқыны тиді деп, өткенді кінәлап, еш әрекетсіз отыру аталған мәселенің ушығуына жол ашады. Діни сауаттылықты көтеру бойынша жүргізіліп жатқан шаралар өз деңгейінде жүруі тиіс. Ол үшін дін саласына жауапты мамандардың біліктілігі жоғары болуы, ҚМДБ имамдарының деңгейі экстремистік, сектанттық идеологтардан озық тұруы қажет. Қазір дін алаңында бәсекелі күрес жүріп жатыр. Салафилік, радикалдық, экстремистік топтар дәстүрлі ханафилік мәзһабымызда жүрген ҚР мұсылмандарын өз қатарларына тартуға барынша тырысып жатыр. Демек, жас буынның әрбір жаңа өскінін олар өз қатарына тартуға барын салады. Оған олардың қаражаты, мамандары, тәжірибесі, жетілдірілген ғылыми-методологиялық, психологиялық дайындықтары жетеді. Себебі олардың қолдаушысы – әлемді аузына қаратқан алып империялар.

Назар салып қарайтын болсақ, қазіргі жастардың өмірлік құндылықтары өзгергенін байқаймыз. Жаһанданумен бірге енген техникалық жетістіктер әлем деңгейінде үстемдік жүргізуде. Осының әсерінен жастар арасында тұтынушылық психология басым, барлығын дайын түрде қабылдауға әбден үйреніп алған. Жас буын іздеген дүниесін қысқа уақыт ішінде ғаламтордан таба салуға бейімделіп алды. Мұндай азаматтарымыз күндердің бір күнінде ойламаған жерден ғаламтордағы уағызшы-идеологтардың тұзағына түсіп қалуы мүмкін. Бір айта кетерлігі, білімі таяз азамат ғаламторды сана сүзгісінен, ой елегінен өткізе алмайды. Мұндай жастар түрлі әлеуметтік желілерде таралған ақпараттардың бәрін шынайы деп қабылдайды. Ал біздің ата-ана, мектеп, жоғары оқу орындары мен колледждер, мұғалім-оқытушы, тәрбиешілері осы майданнан «дінді өздеріне бетперде еткен» қарақшылардан құтқара ала ма? Қажет десеңіз қоғамда сондай құлық, ниет басым орын ала алып отыр ма? Әзірге ұлт ретінде, тіпті мемлекет ретінде бірлік-ынтымақты сақтау ислам ілімін аталған білім ошақтарында ел, ұлт, мемлекет, мүддесіне сай жоспарлап, негізді, іргелі ғылымдар деңгейінде іске асырмай індеттің алдын алу қиын-ақ.

АҚПАРАТ КІМНІҢ ҚОЛЫНДА — СОЛ ХАЛЫҚТЫ ӨЗІНЕ ЕРТЕ АЛАДЫ

ИШИМ ақпараттық кеңістіктің күшін өз мүддесіне өте тиімді пайдаланып жатқан террорлық ұйым. ИШИМ өздерінің интернет-ресурстары, теле-радио каналдары, баспасөз құралдары арқылы белсенді насихат жұмыстарын үздіксіз жүргізіп жатыр. Олар үгіт-насихатты әлемнің 24 тілінде таратуда. Жер бетіне «ислам мемлекетін» орнатып, «әділеттілікті» таратамыз деген ИШИМ-нің жалған ұрандары әлі буыны қатып, белі бекімеген жас ұрпаққа «мөлдір» әрі қызықты болып көрінуі мүмкін. Жас азамат олардың саяси мақсаттағы күресін жете түсіне алмай, ИШИМ-ді шынайы дінді насихаттаушылар ретінде қабылдайды. Өзі де өмірде белгілі бір тығырыққа тіреліп, сансыз сауалдарға жауап таба алмаған азамат ИШИМ-нен пана тапқандай әсерде болады. Бұл тұста тұлғаның әлеуметтенуге яғни өмірдегі өз орнын табуға деген талпынысының  апыл-тапыл қадамын аңдып отырғандар бос жібермей өз жетегіне алатыны шындық. Бұған дейін жолы болмай, сәтсіздікке ұшыраған жан ойға көп батады. Ақырында, өзінің жеке қабілеттерін шыңдап, жете алмаған жетістіктеріне Құдайдың жәрдемімен ИШИМ-де жетемін деген келте ойға тоқтам жасауы мүмкін. Бұдан соң біртіндеп жиһадшылар қатарына қосылуға икемделіп қалғанын өзі байқай бермейді. Оның соңы бұлдыр, адамшылыққа жат теріс жол екенін ажырата алудан аулақтап кететінін ойлай да қоймайды. Ең соңында мұндай азамат «Мұсылман бауырларына» жәрдем беру үшін соғыс ошақтарына аттанып кетеді. Жас азамат неліктен мұндай әрекетке барды? Әрине, бұл тұста радикалды ағымдардың халыққа жүргізген насихатының күштілігі байқалады. Осы орайда ескерілуі тиіс жайт, елімізде ақпараттық саладағы жұмыстардың қарқыны жоғары болғаны жөн. Ақпарат кімнің қолында болса, ол адам халықты өзіне ерте алады. ҚР азаматтарының ИШИМ-дік және басқа да экстремистік мазмұндағы насихаттарға ілігуі жергілікті діни насихатта әлі де әлсіздіктер барын көрсетеді. ИШИМ-діктер өзге де радикалды, деструктивті ағымдар тәрізді адам тарту әдістерін жетік меңгеріп алған. Олар адамдардың әлсіз тұстарын, өмірдегі сұраныстарын өте жақсы біледі. Әлбетте, бұл секілді ұйымдардың аяқ астынан пайда болып, бірден дамып кетпейтіні белгілі. Олардың артында үлкен мүдделі күштердің бары қазіргі кезде ешкімге жасырын емес.

ЖАСТАР АДАСПАС ҮШІН ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ҚАЖЕТ

Ғаламтордан бөлек, тәрбие мәселесі де күн тәртібіндегі маңызды мәселе     қатарында. Ата-аналардың балаларға дұрыс тәрбие бере алмауы әсерінен оларға дұрыс жол нұсқалмайды. Заман талабына байланысты қазір барлық ата-ана күнкөріс қамымен жүреді. Осының әсерінен бала тәрбиесі өз деңгейінде жүріп жатқан жоқ. Мемлекет өз тарапынан халықты түрлі зиянды әрекеттер мен идеялардан қорғаудың тетігін заңда көрсетіп отыр. Бірақ оның халық арасында тектілікті насихатталмауы сонымен қоса ата-аналардың өз ұл-қыздарына дер кезінде білім, тәрбие, ұлттық мәдениет, діни ұстаным әліппесін үйрете алмауы сан соқтырып отыр. Кейбіреулерінің түрлі жағдайлармен қоғамның ағысынан ажырап қалып, соңы әрекетсіздікке, қоғамнан өз орнын таба алмауына оларды сақтандыратыны да рас. Осыдан соң күзетшілік, даяшылық тәрізді қысқа мерзімді, уақытша күн көріс аясындағы ғана болмашы қызметтер атқаруға немесе жұмыссыз болып жүруге мәжбүр болады. Мұндай ахуалдан жастардың аулақ болуы үшін мемлекет аз қаржы бөліп отырған жоқ. Оған да ұмтылу, білім қажет екен. Енді ол өз кемшілігін өзгеден көріп, ақталу жолын іздейді. Өмірде осындай келеңсіздіктерге тап болып, іші наразылыққа толы жанды ИШИМ де, өзге діни ағымдар да өз қатарына тез тарта алады.

Жастар – аса үлкен күш. Барлық уақытта қоғамдағы өзгерісті жасайтын осы жастар. ҚР жас азаматтары өзге елде саяси құрал ретінде өмірлерін құрбан етпеуі тиіс. Ол үшін жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуіміз қажет. Тұрақты жұмыс орны, баспанасы, жеткілікті айлық табысы бар, ең бастысы Отанын, елін, мемлекетін, бейбіт заманды «бақыт ұясы» деп ұғуға ілім, білім, тәрбиесі мен құлқы жеткен азаматтар радикалды ағымдар қатарына қосылмайды. Өз еліндегі тіршілікке қанағаттанған жанның өзге елдегі мақсатсыз, баскесерлік соғысқа қатыспасы анық. «ҚР ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» деп Ата заңымызда айқын көрсетілген. Қорыта айтқанда, мәселе тек ИШИМ-ге ғана келіп тірелмейді. Біз ИШИМ-нен басқа да қауіпті діни ұйымдар қатарына азаматтарымыздың қосылуына жол бермеуге тиіспіз. Ол үшін жоғарыда айтылған мәселелерді шешуге мұқият назар аударғанымыз абзал.

Кенжебек РЫСБЕКОВ,

дінтанушы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *