Кейде жазушы бойында адам баласына байқала бермейтін болашақты болжауқабілеті де қос қабат берілетіндей болып көрінеді. Қайраткер жазушы Ханбибі Есенқарақызының «Жібек» повесі бүгінгі таңда тарихшы ғалымдардың шырақпен іздепжүрген құнды ақпаратын қамтитын қымбатты қазынамыз деп айтуға әбден лайықтыдүние.
Халықты жаппай қырып-жою саясатынан туындаған ашаршылық жылдарындағы бір адамның өмір жолы бүтін бір халықтың тарихынан хабар береді. Жазушы тілінің шеберлігі, құнарлылығы Жібек апаның бойына топтасқан сан қырлы қасиеттерде айқын аңғарылады. Қазақ халқының мақал-мәтелдер кітабында кездеспейтін мақал-мәтелдер, қанатты сөздер шығарманың тілдік-көркемдік ерекшелігін жарқырата көрсетеді. Қуғын–сүргін құрбандарын толық ақтау туралы Президент Қ.Тоқаевтың жарлығы жарияланған тұста «Жібек» повесін ел тарихына бей-жай қарамайтын әрбір азамат оқып шығуға міндетті.
Повестің алғашқы парағын ашсаңыз болды, Жібек апаның өзі қолыңыздан жетелеп, өзі өмір сүрген күрделі кезеңге қарай тарта жөнеледі.
Анар ЖАППАРҚҰЛОВА,
Шымкент қалалық Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапхана директоры,
Филология ғылымдарының кандидаты.