САУРАНДА САПАР ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНУДА

Қоғам
396 Views

Түркістан облысы, Сауран ауданындағы Жүсіп ата кесенесінде сапар орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жоба Ескі Иқан ауылдық округі кәсіпкерлерінің бастамасымен қолға алынған. Қазіргі таңда нысан құрылысымен қатар орталық маңын абаттандыру ісі де қарқынды жүріп жатыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, ғимарат аумағында қонақтарға арналған демалыс орындары мен арнайыавтотұрақ бар. Сондай-ақ, кешеннің әкімшілік ғимараты, «Жүсіп ата» тарихы және«Өңір тарихы» музейі орналасады.

Сапар орталығында кітаптар мен ауыл тарихын көрсететін мәліметтер, суреттер қоры жиналуда. Былтыр сәуір айында басталған құрылысжұмыстары аяқталуға жақын. Алдағы уақытта Жүсіп ата кесенесін Түркістанөңірінің туристік маршрутына енетін болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *