- Қара қытай қаптаса,
Ыслабан жиеннен жақын жоқ!»
- «Жөгіт» келсе, «Желік туды» дауыл кө- тереді!
- Ай бетінде Айдаһардың сүйегі бар.
- «¥лу жылы» істеген жақсылығың,
¥лы күндерге саналады.
¥лу жылы туғандар,
Күрең жолға бармасын!
Күлбадам атқа мінбесін!
Жұлдыздан хабар келсе,
Ілімнен қадір кетеді!»
- Диқаншылық — судың, дәннің, жердің, Нұрдың сырын білгенге қонады.
- Тәні сұлудың сәні тайса,
Ары бірге төгіледі.
Ары, жаны сұлудың,
Сәні тайса, иманы жабады!
Қазір бұл шаһардың орнындағы қала отар- шыл орыс патшасының атымен «Павлодар»
- деп аталады. Бұл Қаһарлы Қаһан асыл те- мірден сапалы бұйымдар мен қарулар жа- сайтын шеберлерді, жаңа темір үлгілерін ой- лап тапқан алымдарды қатты қолдаған Ел- басы. Бұл жасалған өнімдердің сапасын сы- нау үшін терең құдық қаздырып, оны өте қатты тастармен өргізіп, арқанға байлап құдыққа тастатқан. Егер қару-жарақ түрлері немесе бұйымдар майыспай, сызат түспей шықса «Сапалы» — деп саналып, шеберлер- ге сыйлықтар мен «Зеркер», «Дула», «Бу- ла» — деген атақтар берген. ¥лы Қаһан дү- ниеден өткен соң өзі қаздырған құдығының қасына, қазіргі ОҚО, Кентау шаһарына жақын жерге жерленген. Бұл ¥лы Текті Әулие
- Қаһанның мазаратының басына алыс- рағын жеген, ылай су ішпеген, боталаған кезде адамның көзіне түспеген. Бір адамға ғана үйреніп, бөтен пендеге жоламаған, қаһарлы келген, табаны қызған кезде 100 ша- қырымға тыным алмай шапқан. Бұл түйеге алдымен адамның мінезі сай болуы керек. Қанды жорыққа үйренген «Ой қолтық» тү- йеге бейбіт кезде қызыл көрсетпеген, себебі шайнап, таптап, қантөгіс істеуінен сақтанған.
Ал шайқасқа кірерінде аламан сарбаздар- дың алдына шығуға кимелеп ұмтылып тұр- ған. Неге үйретсең де соны тез қабылдаған. Кер Атаның тұсында осындай түйенің мой- нына, арқасына сәбилерді іліп қойған. Осын- дай әрекетке үйренген түйе бала жыласа болды, дереу анасына адаспастан алып келген. Әр ананы исінен таныған, сәбиге бөтен жанды жақындатпаған.
Ертеңіне сайыс басталардың алдында қыздың әкесінің басына, бетіне қою қара қанды жағып, бет-перде кигізіп қояды. Жігіт пен қыз екі жақтан шауып шығып бір-біріне жақындай бергенде қыз жұтына келіп бетін ашқанда, қария қыздың атын дауыстап атап, патшаның бетпердесін сыпырып алады. Қыз әкесінің түрін көріп аттан айқайлап, шалқа- лай құлайды. Қыз содан есін жинай алмай көп ай жатып, бетін әжім басып келбетіне кінарат түседі. Айша Бибі Тәңірдің ісіне тәубе жасап, тақуалық жолға мойнын бұрып, Құ- дайы беріп, бейнеті адал диқаншыға тұрмыс құрады. Күйеуі Айша Бибінің құрметіне өз қолымен ағаш отырғызады. Бұл ағаш тобыл- ғының бір әсем түрі екен. Кейін халық Айша Бибінің ағашы деп құрметпен қарайды. Сол ағаштан Айша Бибі өз қолымен аса таяқ, рухымен қарап тұрады. Омыртқаның қан тамырына ауырлық толық түседі. Бұрып айт- саң, бұрып істесең ісің де, сөзің де сұйылар. Бұлжытпай орындап, бұрмай айтсаң сәуле- сін жүрегіңе тосар, істеген ісіңе, айтқан сөзі- ңе Алланың нұры құйылар»! — депті.
Осы өсиетті Әбу Насыр Әл-Фараби Тәң- сәуір Отырар шаһарынан қуылып, шығып бара жатқанда қартайған шағында Ха-дүр Сом Тайжал Ғамсар Ғайып Ханға өз ойын айтып түйіндейді. Тараз шаһарында 68 күн болып, «Үшайғыр Тубайларға» барып, одан ары түркі әлемін аралап, зиярат жасауға аттанады.
- «Шайтан қаннан қорқады, сондықтан әруақтарға бағыштап аша — тұяқ шалып тұ- рыңдар. Жер бетінде ілімнің құдіретін шай- тан азғырып аяқасты болғанда, соғыс бола-
ды, қан төгіледі! Ілімді қадірлей біліңдер»!
* * *
- Тектінің тұқымына екі ару аз болады,
Жалғыз ару сыңары жоқ қаз болады!
Көнесі тозса, бөз болады!
Сүйегі асыл болса да
Жеңсіз көйлек кигенде
- Керей көшпейді, көршісі жылап келме- се…
Керей көшсе, дауыл тұрар!
- Қытай көршісінен қорықса,
Қорған салар!
- Сүйегім Керей болған соң,
Етімді Тұранға турап бердім!
Тұран Керей болғанда,
Жаһанды сұрар едім!
Керейдің сырттаны ұлыса,
Бөрісі сегіз туғаны!
Керейдің батыры атқа отырса,
Қытайдың батпағы көбейер!
- «Құсілімде» қынадай болдық,
«Тұңғы» белде шіріді.
Қыран тұғырдан құс алды. «Құсшөлдеген» жұт келді,
Жусандай қалдық!
Кер Атаның Керейі Жаһанды «Би Самбы» сұрады.
«Үш қаһабат» құлады!
«Дамас Тәңірқұт Көкті» келді. Бәйтеректей шайқалды.
«Баһанды» алды болды! — депті. Түсіндірме:
«Құсілім» — топан судың қайтып, тіршілік- тің жанданып қалыпты деңгейге түсуі.
Қынадай болдық — дегені тұқымымыз көп болды. Бізге тиер, қарсы шығар жау жоқ болды дегелі, Тұңғы — белде шіріді сөзі, яғни қанжар қынынан суырылмай бейбіт заман орнады дегені. «Би» дегені жеті саны, «Сам- бы» дегені қарақшыдай жау торуылдап, жер- дің бетін жеті айналып шықты, «Үш Қаһабат» — «Жұмыр Жер жаһандағы ең биік Қазығұрт тауы үш рет құлады» — дегені. «Дамас Тәңір- құт Көкті» — «Көкте бір ғана билеушінің бар екенін мойындадық!» — дегені. «Баһанды алды» — деген сөз ел болып, бір көсемге ба- ғынып, бір ілімді, яғни Исламды мойында- дық!» — деп айтқаны. «Баһан» — Елбасы, яғни «Көсем» — дегені. «Бисамбы» — Жеті қарақшы, яғни «Құсілім» заманында Жа- һанды жеті рет жаулап алған, жеті рет жұт келді» — дегені…
ҚҰЛ МӘЛІК, ҚҰМ БІЛДІДАНЫШПАН КЕРУЕН ЖЫРАУ
Осы Киелі Әулие әрі Данышпан, көңілдің қаймағын ұстаған, Алып жырау Тараз шаһарында өмір сүрген. Сары Оғлан Қарахан патшаның «Ноқталы» ұстазы бол- ған. Керей Ұлысының жеті Ордасы осы Да- нышпанның ақыл-кеңесімен жүрген. Біздің заманымызға осы Данышпан жыраудың аты тіл салтымызға еніп, таңданыс сезімінде болған кезде айтылатын: «Ой пірім-ай!» жә- не «Мен саған «Құмбіл» болдым!» — деген сөйлемдер осы Бабаның атынан бастау алыпты.
Құм Білді Данышпан, Сары Оғлан Қа- рахан патшаны таққа отырғызып, өзі баста- ған жеті Ұлысты да оның қарамағына кіргі- зеді. Өзі ¥лы Ата-бабалардың ежелгі өсиет, салт-дәстүр ізімен Жер Жаһанды кезіп, Ел аралап ¥лы Бабаларға зиярат жасап, араға 21 жыл тастап Таразға оралып, Сары Оғлан Қарахан патшаға келіп сәлем береді:
— О жалғанда, жалған, «Құмжалған»! Жер беті қанша шайқалған?! Тәңірқұттан сұрасам,
Жалғанның құлпын аш дер ем!
Амур Дария Забурым!
Суран Дария Жамұшын!
Оларда мендей ойланған!…
Уа, Жамағат, жол болсын!
Жол басында Ел болса,
Өсиет алар ¥л болсын!
Сақ Абадан қоспайын,
Етек жалғардан қозғайын,
Қаһары айбарлы хандардан,
Қаһары сел болса да,
Тектілерге келгенде,
Әділдісін көргенде,
«Тіл керуенге» байланған!
Балһары Қазақ Нұр бұлақ,
Қазақтан тарап Ту болып,
Төрт Құбыладан олжа алған! Атажұрттан қашқандар,
Атажұртқа оқ атқандар,
Ақ сүтін шенге сатқандар,
Өз босағасында құл болған!
«Үшайкер», Тараз, «Кереку»,
«Шираз», «Отбасыр», Сайрамнан,
Құл Мәлік, Құм Білді, Құл Керлер,
Маған дейін киелі толар үш болған! «Қамбалыңа» — қанағат тарт! Тартпағандар екі дүниесі қор болған! Дүниеге қыз келсе,
«Төс бұлақтың» сырын айт!
Дүниеге ұл келсе,
Қазығұртқа ақ беріп,
Кер Сақ Аб «Сансыз Бабаның»
«Төрт Құбыладағы» ізін айт!
Жұмыр Жаһанға аунаған Қазақ Қаһанның жолын айт!
Балбалыда «Құсы» қалған,
Үшбау Жәділер қаншау кім білген?!
Күн тұтылса, ай толар!
Төрт «Асарымен» жыл толар!
Төрт «Жұмазбен» ай толар!
«Қос алақан киелі жас»,
Жылым Барыс, Тайсойған!
Уа «Халпешім!»
«Уәл Баһан» Сары Оғлан! — дейді. Бұл кезде Сары Оғлан Қарахан патша 41-ге аяқ басқан шағы екен.
Ежелгі Сақ тілінде айтылып, ұмыт бо- ла бастаған сөздерге түсіндірме:
«Тәңірқұттан» — Көк Тәңірінен» — дегені. «Халпешім» — сөзі «Жағдайың қалай?» — де- гені болса, «Уәл Баһан» — жарты әлемді би- леуші, Тұран Елін тұтас біріктіруші, Елба- сы! — дегені. «Асар» — деген сөзді үш айды толтыратын «бір тоқсан» — деп түсіндік. «Жұ- мазбен» — сөзі, қазіргіше бір апта деген ұғым. «Үшайкер» -Үшайғыр Тубайлар Ордасы- бұрынғы Ақмола, қазіргі Астана шаһарының орнында болған қала. «Кереку» — Керүкі, Кер Үкітай Қаһан, Үкаш Атаның туған қаласы.
жақын жерлерден келіп зиярат етушілер жыл бойы келіп жатады. Өкінішке орай, тарих бұрмалаңының әсерінен кейбір діндәрлар Керүкі Қаһанды арабтан дін таратуға келген «батыр — абыз — бап» — деп теріс түсіндіріп келеді…
«Шираз»- бұрынғы Ясы, қазіргі Түркіс- тан шаһарының ескі аты. Ясы — ежелгі Сақ заманында бұл қаланы: «Игі жақсылардың жиналатын мекені «Сақ» шаһары» — деп атаған, алайда кейін келген арабтардың «Сақ» — сөзіне тілі келмей «Ясы» — деп кет- кен. «Отбасыр» — қазіргі Ташкент шаһары- ның ежелгі Сақ заманындағы аты.
«Құмжалған» — сөзі: «Қанша дүние-мү- лік, байлық, мал-жаның болса да бұл дүние- ден ешнәрсе әкетпейсің! Тура жолға түс!» — деген данышпандардың пенделерге айтыл- ған ескертуі. «Қамбалыңа» — патшаларға арналып айтылған: «Атқарған ісіңе, жина- ған дүниеңе қанағат ет!» — деп тұр. «Қос алақан киелі жас» — «жасым 70-ке келді» — дегені. «Төс бұлақтың» сырын айт! — бұл жерде «Бұрынғы өткен Ұлсай Емер, Бибі Фатима сияқты ¥лы, асыл, киелі Аналардың өмір-насиятын, тәрбиесін, өнегесін айт! — де- гені.
Сары Оғлан Қарахан патша — бұл қаһар- лы патшаға Алты Алаштан тараған Тұран- ның 341-Қағанат Елі қарап тұрған. Астана- сы — Тараз шаһары. Қағанаттардың Тулары «Үшай-кер»- «Үшайғыр Тубайларда» тұр- ған. ¥лы Тұранның Шығыс Құбыласы Тынық мұхиты, Батыс Құбыласы Күлтөккен (Пом- пей, Адриатика теңізі), Солтүстік Құбыласы Ала Қар Мұз қабатты (Тундра, Арктика жаға- лауы) жерлер, Түстік Құбыласы Үнді мұхиты- на дейін жеткен. «Ой пірім-ай» — бұл сөз ке- йін үндестік заңымен «Ойпырмайға» айна- лып кетті.
«Құсы» қалған — атақты, аты Төрт Құбы- лаға мәшһұр болған, таңды-таңға жалғасты- ра тарих, өсиет, насият, дастандарды жырла- ған және нақылдар мен өсиеттерін жайын тастар «Балбалыға» қашап жазып қалдыр- ған Жәдді-жыраулар санының қанша екенін ешкім білмейді дегені. Бұл Жәдділердің жайын тастарға қашап жазу жазатын, құс тұмсықты иіліп асыл темір қоспаларынан арнайы жасалған мұқалмас, өте берік, тас бетіне бедер салатын аспаптармен жұмыс жасайтын «бәдізшілік» өнері де болған.
Кейінгі қанқұйлы, Ел басына ауыр күндер туған замандарда осы ¥лы Бабалардың асыл мұралары «Тас кітабы» іспетті «Балба- лы» тастардың көбі жоспарлы түрде жойы- лып жіберілген. Кейін келген отаршылдар өз- деріне үйлер салғанда іргетастардың астына салып жіберген жағдайлар да кездескен.
ҚАРАХАН ПАТША МЕН ОНЫҢ ҚҰДАЙ ҚОСҚАН ҚОСАҒЫ ӨЗ АНАЙ ШАЙҚҰРДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ПЕРЗЕНТІ — АЙША БИБІАЙКЕРҮЛІМ ТУРАЛЫ
Тұран Елінің билеушісі — Сары Оғлан Қарахан патшаның Құдай қосқан қосағы Өз Анай Шайқұр Анамыз Айша Бибіден басқа 37 құрсақ көтеріп, 12 егіз туған.
Айша Бибі — ең үлкені, тұңғышы болған. Бұдан басқа ұл-қыздары екі-үш, әрі кетсе жеті жасқа толғанда қойнынан қара жылан шығып, бәрі де дүниеден оза берген. Тараз шаһарының айналасында орналасқан Айша Бибі мазарының төңірегінде «Қос Бармақ», «Құс қонар», «Қос бұрым», «Қос Ләйім», Алда қосар», тағы басқа осыған ұқсас аттас кішкентай зираттар болған. Осының барлы- ғы Өз Анай Шайқұрдың құрсағынан өрбіген сәбилердің моласы болған.
Қарақан патша ең соңғы туған егізін «Қос және Талма» — деп атап, жөргегін жерге тигізбей Өз Анай уыз сүтін емізіп болған соң: «Мұндай патшалығы құрысын!» — деп «Құ- йынтабан» жүйрігіне мініп, Құдай қосқан қосағын егіз ұлымен, қызметшілерімен бірге елден алып Арқаға қашады. Арқаның дала- сының шетіне жетіп, Өз Анай қос егізін еміз- гесін, екеуі де сол жерге қалжырап шаршаған соң дем алуға жата кетеді. Түсінде бір әулие аян береді:
«Ай, Қарахан! Сен ғұмырыңа жетерлік ырыс, өзіңнен аспайтын билік, терезесі тең келмейтін патшалық сұрап едің! Енді неге тағдырыңнан қашып бара жа- тырсың?! Қайт кері!!!» — деп қаһарына мі- неді. Қарахан ұйқысынан шошып оянса Өз Анай да тәтті ұйқыда екен. Қос ұлын көрсе ортасында шұбар жылан жатыр, сәбилердің денесі суып қалыпты. Сол жерде тілін кәли- маға келтіріп, Ордаға қайтып оралады. Өз Анай 37 құрсағын берсе де ешқашанда Аплаға тіл тигізбей өтіпті. Халықта мынан- дай сөз өрбіген: «Қарахан қу басы қалыпты» — деген. Бұл сол заманнан жеткен, қайғылы оқиғалардан хабардар еткен сөз екен.
Айша Бибі анасынан бұрын дүниеден озған. Өз Анай Шайқұр қызына кесене тұр- ғызғанда өзіне және Қараханға да сол жер- ден орын белгілейді.
Айша Бибінің азан шақырып қойған аты — Айкерүлім. Өз Анай — сөзінің мағынасы, қандай қайғы болса да атан өгіздей көтеріп мойымайтын азамат, деген текті ұғым. Өз Анай Шайқұр қызынан, күйеуінен кейін, 93 жасында дүниеден озады.
Қарахан патшаның азан шақырып қой- ған аты — Сары Оғлан, оның әкесі Сары Оғанақ Балқаш Гүрхан. Ал оның әкесі Бірға Таныш Таңжарық жұлдызшы, алым болған.
Түсіндірме: Сары Оғанақ Балқаш Гүр- хан — Қытай елін билеген және салық алып тұрған, Ислам дінін қолдаған азамат.
«Қалың жұрт» — қазіргі Қаңлы тайпасы.
Сары Оғанақ Балқаш Гүрхан түйенің ең жүйрігі — «Ой қолтық» тұқымын мінген.
«Ой қолтық» — түйе (бұл киелі жануар). Бұл жануардың мойны келте әрі шудалы және екі қолтығы тықыр келген. Мұндай түйе- нің тұқымын «Желмая» деп те атаған. Бұл түйенің тұқымдарының осы заманға жетпей жойылып кетуі бұл жануар тек талдың жапы-
АЙША бибінің анасының аты —
ӨЗ АНАЙ ШАЙҚҰР
Бабыр Алым Бақанастың қайратын берсін!
Өз Анай Шайқұрдың сымбатын берсін!
Таңсәуір жұлдызшы Әл-Фарабидің ілма- тын берсін!
Қарахан патшаның қайыспас ынтыма- ғын берсін!
(Дербісалдыұлы Қанай Датқаның Шалқы Биге берген батасы).
Өз Анай Шайқұр Арғұн елінің төрт тайпа- сынан құралған «¥лы Баш» — атанған: «Жеке жұрт», «Қалың жұрт», «Байқы жұрт», «Таңғы жұрттан» құралғандарды «Ұйзын» деп атап, кейінерек «Төрт Ата Айыр мүйіз» — елі аталған жұрттың қызы.
Халқының саны көбейіп, іргесі кеңейген соң «Қалың жұрт» өз алдына Ту көтеріп, Тектілерден Бата алып бөлініп шығады. Осының ізінше ағайындарына өкпелеп «Таң- ғы жұртта» өз алдына бөлініп шығып, Қара Шаңырақ «Жеке жұрт» пен «Байқы жұртқа» бұйырып «¥йзын» атанады. Бұл қазіргі — Үйсіндер.
АЙША БИБІНІҢ АНАСЫНА СҰРАҚ ҚОЮЫ
Айша бибі:
- Қандай ерге тұрмыс құрайын? — деп жеті жасқа толғанда анасына сауал қойыпты. Сонда анасы толғанып тұрып былай депті:
- Өз қатарыңды таңдасаң қадірің кіндігіңе дейін, иманың тізеңе дейін болар. Ал, өз қадірін, Ел қадірімен тең қойған, қырықтың қылышын қынабында сынаған азаматқа барсаң шашыңның ұшына дейін «Нұрлы» болады! — деп жауап беріпті.
Сондықтан да Айша Бибі өз қатарына өшпенділікпен қараған. Себебі өз қатары болғасын небір менмін деген бозбалалар екі иығын жұлып жеп, ат ойнақтатып келеді екен.
АЙША БИБІ АЙКЕРҮЛІМ ТУРАЛЫ
Айша Бибі заманында жаннан асқан, реңіне көз сүрінетін өте сұлу қыз болып өседі. Әкесі қызын кішкене күнінен бастап атқа отырғызып, еркелетіп, бес қаруды қолдану- ды да үйретеді. Айдай көркіне бойына біткен бұла күші де сай, қару қолдану мен сайыс- керлік шеберлігіне жасынан құмар болып өскен, небір мықты қылышкер, сайыскер ұстаздардан сабақ алып жаттыққан патша қызы есейе келе әкесіне: «Жекпе-жекте қандай жігіт аттың үстінен аударса сол жігітке күйеуге шығамын!» — деп шарт қояды.
Айша Бибі сұлу дидарын ешқашан да ешкімге көрсетпей жасырын ұстап, екі көзін ғана ашық қалдырып бетперде киіп жүрген. Сайысқа шыққан жігіттер мен жекпе-жекке түскенде сол ер жігітке бетін бір ғана көрсетіп өткен. Сол уақытта, көңілге жағымды, сұлу- лық сиқыры мен сұсын көрген пенденің сана- сы мен ерік жігері тұзақталып, есінен танып, буын-буыны босап, ерке қылықты айдай ару- ға күш қолдануға да дәті дауаламай, қыздан жеңіле берген.
Қыздың әкесі мұндай сынаулардан жалы- ғып ел ішінде абыройы төмендей бастайды. Бірақ келушілер неше түрлі сыйлық-тарту жасап тоқтамайды.
Арада жеті жыл өткенде бұл оқиғалар Арқаның дуалы ауыздысына жетеді. Абыз қария келіп қызға емес, әкесіне жолығады. Есен — саулық пен сауынның жайын сұрасып, солығын басқан соң ғана барып, әңгімені тың сүреннен бастап:
- Уа, туысқан! Әз қызыңа сұлусың де- ме!
Қос иығыңа шайтан мінеді!
Сүйенішім десең бойыңа иман бітеді! — дегенде Сары Оғлан (Қарахан) патша дол- данып:
- Тереңіңдегі түйінді шешіп түсіндір! Шешпесең басыңды өзім емес, тура сол қызыма алдырамын!» — дейді. Осы кезде қария патшаны сабырға шақырып, шарт қояды.
- Ертең жекпе-жектің алдында маған малдың бір тостақ толатын бауыздау қанын алдыр! Соны басыңа және бетіңе жағамын да сайыс басталғанша көрсетпеймін! Сынақ жібін үзгенде барып бетіңді ашамын. Мынау келіп тұрған жігіттердің кез-келгені жекпе- жекке шықсын, осыдан сол жігіт құласа басымды ала бер! — дейді. Патша қонағының қолқасына қатты ойланып, ақыры келісімін беріп уағдаласады.
домбыраның шанағын, келіндердің бетін ашатын таяқ істейді.
Ал осы оқиғадан кейін әкесінің азан шақырып қойылған аты ұмытылып Қарахан атанып кетеді.
Асқан сауатты әрі дәулетті болған Айша Бибі үлкен алымдардан білім алып, кейін өзге алымдармен ілім таластырады, кейін көріпкел, әулие атанады. Кітаптар жазып, мешіт ашады. «Бибі» деген сөз Ислам діні келген уақытта туындаған. Мұндай атақ білімді қыздар мен аналарға ғана берілген. Ислам діні келгеннен кейін Айша Бибі Әз Анамыздың жазған өсиет, насият, мұрахатта- рын заманында небір ұлы алымдар, ұлы қаһандар мен патшалар мойындаған. Айша Бибінің «Сұлулық пен зұлымдық» атты кітабының өзі үлкен дүние. Бұл мұрахатын 19 жылда өңдеп, жазып бітіреді. Мұқабасы мен беттеріндегі әрбір теріні бір алтын тілләға илетіп, әбден тазалап, бит тайып жығылар- дай жылтыратып өңдеген.
Айша Бибі кітап жазардың алдында түрлі бояуларды дайындап алған. Сол дәуірлерде өмір сүрген «Қос бармақ» — деген жылан- дардың уы мен тісін пайдаланыпты. Бұл жы- ландар аузын арандай ашып, жауын тілімен орап алып, таңдайындағы жабысып тұрған жалғыз тісін батырып, уын жіберіп өлтіргесін ғана барып жемтігін жұтқан. Осы жыланның тісі мен уын алып, оны қарақұрттың уымен араластырып, оған арқар мен таутекенің өтін және түрлі гүлдердің күлтелері мен сабақта- рын қосып қайнатып сұйық бояу жасаған.
Сол замандарда болған, кейін ғасырлар- да жойылып кеткен киіктің «қаранақ» — деген тұқымының мүйізін алып, өзегін суырып, өзектің орнына дайындалған сұйық бояуды құйып, мүйіздің ұшына жыланның тісін ор- натып, әрбір парақ бетіне әріп жолдарын түсіреді. Мүйіздің ұшына жыланның тісін ор- натуы, бұл тіске салмақ түспесе сұйық ерітін- ді бояу сия бөлінбейді, ал қолдың салмағы түсіп жазған соң әрбір жасалған бояу үнем- деліп, ұзаққа жеткен. Аса улы сия терінің кіші- рейіп, тозуына мүмкіндік бермейді, әрі бұл улы сияларды қолдану кітаптарды кеміргіш жәндіктерден сақтауды да қамтамасыз еткен. Бұл кітаптарды ұрлаған адам баласы да ұзаққа бармаған.
Кітаптың әрбір бетін, үшбу парақтарын «таңбалы таяқша әріптермен» жазады. Таңбалы таяқша әрпі 14 құрама әріптерден тұрған. Бұл әріптерді әлімсақтан бұрын «Құсілім» заманында пайдаланған. Айша Бибінің кітабын оқитын адам сұқ саусағына арнайы оймақ киіп парағын аударып отырған немесе қосжапсар егіз көзді таяқшамен қысып ұстап әрбір парағын осындай әдіспен оқыған.
Айша Бибі Әз Ананың өсиеттерін Жер Жаһанға таратушы Сәкүм Солай Сунақ қо- жа, Әл-Фараби, Баласағұн және Шыңғыс- ханның жаһан танушысы Дасқұт Жәдді. Мінген түйесі: «Қостана» тұқымды болған.
Айша Бибінің әулиелік сөздері:
- «Сұлулық — Құдіреттің күші, Астам- шылыққа ұрынса — Шайтанның айнасы!»
- «Қыз кезіндегі сұлулық — етегі көтерілсе төсекпен тең!»
- «Қыздың сұлуы — көңілдің шайтаны,
- «Сөздің сұлуы — иманның қаймағы!»
- «Сұлу — сұлу емес, сүйегі асыл болма-
са.
- «Сүйегі асыл — асыл емес,
Аржағында ақылы болмаса!»
- «Өрістегі айғыр жүгенсіз болса,
Байтал құлынсыз болмас!
Үйдегі қатын жүгенсіз болса,
Жүрген жері «түленсіз» болмас!».
- «Жүгенсіз жылқы адам тебеді, жүгенсіз қыз — ел өсегі!»
- «Сұлу қызға ер қызығар, ақылды қызға ел қызығар!»
- «Тектінің қызы тура қараса — Иманы- нан ұяласың,
Тексіздің қызы тура қараса — Туғанынан ұяласын?!
Сені де Ана туды ма? — деп қиналасың!»
- «Ер аяқ жау келгенде қадірлі,
Ит аяқ жалағанда қадірлі,
Ер аяқты ит аяққа теңеген әйел
Жер қауып көмусіз қалсын!»
- «Келіннің сәлемі — шаңырақтың туы!
Ердің сәлемі — елшінің жолы!»
АЙША БИБІ ӘЗ АНАНЫҢ ӨСИЕТТЕРІ
— «Киелі өсиеттерді айту оңай, «¥ялы жазудан» оқу қиын. Адам оқығанда екі көздің нұрымен бірге ой, ақыл, сана, сезім жазуға түседі. Осы кезде өсиеттің иесі жеті қадамда
Төсегін тартып қор болады!
Тектілер жарын таңдап алмайды,
Тартып алмайды, таң атқанда нұр төгілсе Тауығы өзі шақырады!
* * *
- Тектінің киелісінде үш омыртқада қа- сиеті күшті: желке және жүрек тұсында, сегіз көзінде. Тектінің жолын кеспе! ¥станың ба- сын алсаң да, қолын кеспе! ¥стаздың ілімін кеспе, ізін баспа! Көкірегі көр соқырға жол көрсетсең де, тұқымын шашпа! Тектілер еліңді шаппайды, әділін айтса, еліңді ереуіл- ге көтерер! Тектінің тектісі болады, екі дүние- де несібесін сұрар! Жүктінің де жүктісі бол- ды, екі дүниенің босағасында туар! Тектінің кедейі болмайды, Керейі болады, ерніңе тисе көмейің толады!
- Ханнан қасиет тайса,
Арысы жоғалар!
Тектіден қасиет тайса,
Арыстан намыс жоғалар!
Тектінің киелісін байқасаң,
Һаял болсаң күймелі шаңырағыңа шақыр!
Қыз болсаң түймелі бұлақтың пірі еткейсің!
Тектінің киелісі жүрген жерде,
Қан төгілмейді, дән төгілер!
Қой қозысын тоқты болсын деп тілейді,
Әр Ана баласын Текті болсын деп тілейді!
Тектілер төріңді сұрамайды, төңірегіңді сұрайды.
Тараз шаһары он түрікті шақырса
Он саусаққа бірдей несібе тиер!
Таразда озып, қалдым дегенді естімедім.
Тараз шаһарына келсең Қазымын деп айтпа
Алым данышпаннан қазынаң толар ақыл сұра!
Тектінің Ордасы «Үшайғыр Тубайларда»!
Қазыбасы Таразы шаһары!
Ілімнің Ордасы Отырар!
Құяр өзені Талас!
Шақырар бұлағы Гүрілде.
Бақытты жанмын, өңімде көрсем, ұяла- мын түсімде…
* * *
- Аяғы ауыр келіншек кез келген уақытта шомылмау керек. Ай толғанда ғана міндетті түрде шомылуы керек! Себебі іштегі сәби әр айда шапан киеді, яғни бұл қан алмасады дегені. Аяғы ауыр келіншек мезгілсіз суға шо- мыла берсе, іштегі сәби көріксіз болуы мүм- кін. Туғаннан кейін де ауруға шалдыққыш бо- лады, себебі жаңа ай туылғаннан бастап ай толғанға дейін, Алланың құдіретімен сәбидің табиғи тіршіліктегі несібесі Анасының тәні- мен беріледі. Міне, осы құбылыстар ай тол- ғанда ғана тоқтайды екен. Ал аяғы ауыр ке- ліншек бұл тәртіпті бұзбастан ұстай білсе, іштегі сәби көрікті, шыдамды, иманды, текті болып туылады екен.
Аяғы ауыр келіншек күнге шашын жайма- уы керек, іштегі сәбидің сүйегі борпылдақ бо- лады. Себебі шаш әрқашан да күн сәулесін бірінші тартады. Ал ай сәулесіне шашын жаюға рұқсат. Ай толғанда түнде көлге ері екеуі түсуге болады немесе жанында тағы
басқа жақын адамдары болса да жетерлік.
* * *
- Қыздың қылығы бойына жарасар, Әйелдің қылығы еріне жарасар!
Қыз қолына гүл ұстап жүрсе,
Жігіт жанында Нұр ұстап жүреді!
Қыздың қылығы көбейсе бойжеткені! Әйелдің қылығы көбейсе,
Босағада қазық жоқ, бос кеткені!?
Қыздың қылығын ер көтерер!
Әйелдің қылығын сор көтерер! Әйел-қызбын десе,
Қырық қадам алыс жүр!
Бәле іздегені!…
Қыз әйелмін десе,
Жетегіңе ал!
Некесіз ұл,
Тексіз пір тумасын!
Бала іздегені!
АЙША БИБІ ӘЗ АНА
- «Он үшімде Орданың гүлі болдым!
Он бесімде сұлулықтың құлы болдым! Қырық жасымда «жолы жіңішкенің» —
Пірі болдым!»
¥л туса — «босағаңның» қарауылы,
Құт — берекенің қазығы, жаудан қорғасын!
Қонақ келсе, құшақ жайып қарсы алсын!
Қыз туса, төріңнің жалауы,
Жатқа барса төркінім дейді!
Жағалай барса, жайлауың кеңиді»! «Бестаңба» — кітабынан. Түсіндірме: «Бибі» — білімді деген сөз.
Әлиасқар БАЙҒҰТҰЛЫ (22.03.1898 жыл. -21.03.1981 жыл) — Ұлы Сыпыра шежіреші. «Бестаңба», «Ізбөрі», «Ғасыр Табақ насияттары» кітабынан «Құсілім», «Қадым», «Ықылым» замандарынан қалған баға жетпес жәдігерлерді жеткізуші, басты бұлақ көзі.
Ақпантай ӘЛИАСҚАРҰЛЫ (02.02.1962 жыл. — 10.05.2009 жыл) — ерекше қабілет иесі, құймақұлақ, қазіргі заманғы «үнтаспаның» қызметін атқарып, халқына мол жәдігерлерді, мұрахаттарды жеткізіп кеткен «Екі дүниенің арасын жалғаушы «Дәнекер!» Асан ТҰРАБАЕВ — бұл ұлы мұраларды тұңғыш рет қағаз бетіне, үнтаспаға жазып алған тарих танымгері, өнертанушы.
Шежірені ғалам тарихымен салыстырып, жүйелеп, қалпына келтіріп халқымызға жеткізуші, түсіндірме жазып, ғаламторға, баспаға дайындаған Ілесбек БАЙЖАНОВ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Шымкент шаһары.