«AMANAT» ҒИМАРАТЫ БОСАТЫЛУЫ ТИІС!

Саясат
438 Views

Кеше Президент Қ. Тоқаев ресми түрде партия қатарынан шықты.

Әкім-қаралар да көп ұзамай төраға деген лауазымдарын мандатымен қоса өз еріктерімен тапсыруы тиіс. «Amanat» партиясы енді биліктің партиясы емес.

Бірақ мұнымен іс бітпейді. Облыс-аудандардағы бұрынғы «Нұр Отан», қазіргі «Amanat» ғимараттарының мәселесі қалай болмақ?

Жаңа Қазақстанда еңселі ғимараттарды «иеленіп» отырған партия осы ғана. Ол үшін тиісті қаржы төлеп жатыр ма, әлде мемлекет мойнында отыр ма, көпшілігімізге белгісіз.

«Amanat» мемлекет мойнында отыра ма, әлде «өзін-өзі асырай» ма? Қазір көпшілік көкейіндегі сұрақ осы.

«Amanat»-тың өзгелерден еш артықшылығы, ерекшелігі жоқ! Халық болашағына толық және нық сеніп, соңынан ерген партия емес ол. Жалған ұран, жалған есеп, жасанды келбет… халық бұл партиядан шаршады, сенбейді!

Президенттің өзі құрамынан шыққан партияның бұдан былай мемлекет иелігіндегі ғимаратты меншіктеуге, мекендеуге құқы жоқ. Сондықтан бұрынғы «Нұр Отан», қазіргі «Amanat» ғимаратын босатсын! Басқа партиялар сияқты өз күндерін өздері көрсін!!!

Ал әр облыс, аудан, ауылдардағы анау еңселі ғимараттарды мектеп не балаларға арналған үйірмелерге берген жөн! Игілігін балалар көретін уақыт жетті.

Меруерт МАҚАЖАН

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *