МҰҚАҒАЛИ МЕН ЗЕЙНОЛЛА (Тағдырлардың тағдыры)

26 ViewsМұқағали Мақатаевтың Зейнолла Шүкіровке арнаған өлеңі бар. Бұл бір өте қызық тақырып. Мен Зейнолла аға өмірге келген Бөген ауылынан жиырма-отыз шақырым жердегі Қаратерең деген ауылда туып-өстім. Сондықтан жас күнімізден ол кісі туралы мәліметке біршама қанықпыз. «Хабар» агенттігінде қызмет істеп жүрген кезімде Қызылордаға барып, «Көзкөрген» бағдарламасы бойынша Зейнолла Шүкіров туралы хабар әзірледім. Бұл хабарды дайындауға […]

Толығырақ

АҚЫН МЕН ӘКІМ (Эссе)

146 ViewsАқыны іздесе әкімін, Тұратын пәтері тар шығар. Әкімі іздесе ақынын, Өлеңнен хабары бар шығар. (Журналистік фольклордан) Әдетте ақын атаулы әкімқаралардан алты шақырым аулақ жүреді. Жалпы, осынау екі ұғым бір-бірімен онша үйлесе бермейді. Ақын деген – өлеңін өндірте жазып, өз бетінше тіршілік кешіп жатқан, адам баласына аса зияны жоқ пенде. Өз мінезі өзінде. Өз кейпі […]

Толығырақ

БІЗ ҮШЕУ ЕДІК

156 ViewsИя, біз үшеу едік. Кеңшілік, Серікбай және мен. Кеңшілік екеуміз бір ауылда туып өстік. Мектеп табалдырығын бірге аттадық, бір партада отырдық, бір үйде жаттық, онжылдықты бірге тәмамдадық, ақыры Алматыға келіп, университетке де бірге түстік, қаламгерлік қызметтерді де қатар атқарып жүрдік. Бір адамның ғұмырында тағдыр қосып бұлай бірге жүру кез келген адамның маңдайына бұйыра бермеген […]

Толығырақ

КҮЛКІ АСТЫНДАҒЫ АҚИҚАТ

209 Views​Сатира – жай ғана күлдіру үшін туған жанр емес. Оның түпкі мақсаты – қоғамдағы кемшілікті әшкерелеу, адамды түзеу, ұлттың мінезін сауықтыру болып табылады. Нағыз сатириктің қаруы – күлкі, ал көздегені – шындық. ​Қазақ сатирасына көз салар болсақ, Абайдың ащы мысқылынан бастау алған бұл үрдіс кейін Бейімбет Майлин, Асқар Тоқмағамбетов, Шона Смаханұлы, Оспанхан Әубәкіров сияқты […]

Толығырақ

КІТАППЕН ҚАНАТ ҚАҚҚАН ҚОС ДАРЫН

535 ViewsБүгінгі таңда «Заманауи жастар неге кітап оқымайды?», «Технология дамыған сайын руханият кейінге сырғып бара жатқан жоқ па?» деген сұрақ жиі мазалайды. Жұртшылық «смартфонға телмірген буын» деп өкпе айтып жатқанда, Орал қаласынан шыққан 14 жастағы егіз ағайынды – Арлан мен Аслан Айтқалиевтер бұл пікірдің жаңсақ екенін өз істерімен дәлелдеп, балалар әдебиетіне ерекше құбылыс болып келді. […]

Толығырақ

ҚАЗАҚЫ ҚАЛЖЫҢДАР

370 ViewsТеміржол бекетіндегі әңгіме Шымкентке бармақ болып, Алматының екінші теміржол бекетіне келдім. Кассаның алдында бес-алты жолаушы кезек күтіп тұр екен. – Шеті кім болады? – дедім орта жастағы әйелден жөн сұрап. – Кезекті сұрап тұрсыз ба? – деді әлгі әйел. – Көті менмін. – Көті сіз болсаңыз, сіздің артыңыздан тұрайын. Үлкені бар-кішісі бар біздің біртүрлі […]

Толығырақ

АНАНЫҢ ЖҮРЕКЖАРДЫ ТОЛҒАНЫСЫ

570 ViewsТәжірибелі журналист Балжан Ануарбекқызы Аринова «Әділет» республикалық қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық газетінің Астана қаласы мен Ақмола облысындағы қаласындағы арнаулы тілшісі қызметіне кірісті. Әріптесімізге шығармашылық жетістіктер мен сәттілік тілей отырып, автордың «Ана жайлы толғаныс» атты материалын назарларыңызға ұсынамыз.   ӨМІРБАЯН БЕТТЕРІНЕН Аринова Балжан Ануарбекқызы 1970 жылы 8 наурызда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл селосында дүниеге келді. Ұлты […]

Толығырақ

ӘДЕБИ МҰРА – ОРТАҚ ҚАЗЫНА

879 ViewsТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев академиялық кітапханада қонақта болды   ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы қабырғасында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы, көрнекті қаламгер Сұлтан Раевтың қатысуымен мәдени-ағартушылық іс-шара өтті. Кездесу аясында Сұлтан Әкімұлы кітапхана жұмысымен танысып, түркі халықтарының ортақ әдеби мұрасын насихаттау, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері сөз болды. Тараптар мәдени-гуманитарлық байланыстарды жаңа деңгейге […]

Толығырақ

ПОЙЫЗДАҒЫ КЕЗДЕСУ

577 Views Мен мінген Алматы – Павлодар жүрдек пойызы Үштөбе қаласындағы теміржол бекетіне аялдап, купе ішіне отыздан енді асқан төртбақ келген жігіт кірді. Менімен амандасып, төменгі қатардағы бос тұрған орынға жайғаса бастады. Ескі вагондары сырқырап, пойыз орнынан жайлап жылжығанда, жолаушы маған ұрлана екі-үш рет қарағандай болды. Купелес серігімді мен де бір жерде кездестіргендеймін, бірақ есіме […]

Толығырақ

ӨЛЕҢ ӨЛКЕСІНЕ ҚАНАТ ҚАҚҚАН ҚОС ҚАРЛЫҒАШ

1 000 ViewsЛ.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінде білім алып жүрген жас ақындар Айшагүл Кусаинова мен Анел Жамбылдың поэзия әлеміне жасаған алғашқы қадамдары жүрекке жылы әсер қалдырады. Олардың әрбір жыры – жан тербейтін нәзік сезімнің, өмірді өз өрнегімен көруге деген талпыныстың белгісі. Өлең жолдарынан поэзия атты тылсым әлемнің үнін, оның рухани […]

Толығырақ