2020 жылы 11 желтоқсанда Silkway Халықаралық университетінде «Жоғары білім сапасы – елдің зияткерлік дамуының кепілі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция барысында Silkway Халықаралық университеті мен Оңтүстік Американың Симон Боливар атындағы мемлекеттік жоғары технологиялық білім беру институты арасында екі жақты келісімге қол қойылды. Енді екі оқу орны білім, мәдениет, спорт салаларында жан-жақты тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын болады. Silkway Халықаралық университетінің студенттері мен магистранттары енді шетелдік үздік жоғары оқу орнында академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алмасу мүмкіндігіне ие болды.
Симон Боливар атындағы мемлекеттік жоғары технологиялық білім беру институты 1976 жылы Перу Республикасының Лима қаласында іргетасы қаланған. Бүгінде 40 жылдан астам тарихы бар.
Онымен қоса конференция барысында Silkway Халықаралық университеті және «Қырғызстан Халықаралық университеті» арасында «Аударма ісі – мәдениетаралық коммуникация» атты магистратура деңгейінде қос диплом бағдарламасын дамыту мақсатында келісімге қол қойылды.
Жоғары білім алу үшін өлкеміздің ғана емес, еліміздің әрбір өңірінен келіп, Silkway университетін таңдаған білім алушыларға мол мүмкіндіктер жасалып отыр.
«Әділет – ақпарат».