Соңғы жаңалықтар

СЫРТТАЙ ОҚЫҒАН АУЫЛ МҰҒАЛІМДЕРІ ҰРПАҚТЫ САУАТСЫЗ ЕТУДЕ

1 304 Views2019-2022 жылдары мектеп мұғалімдеріне 25 пайыздан, тесттен өткендеріне 30-50 пайызға дейін жалақысына қосылғаны баршаға аян. Айлық табыстары 250-350 мың теңгеге дейін жоғарылады. Алайда ең өкініштісі, оқушылар білімі мен тәрбие беру тәсілдері жағынан даму жоқ. 2021-2022 оқу жылында облыста мектептерді тексеру жоқтың қасы. Әсіресе ауылды мектептерінде білім алатын оқушылардың білімі өте төмен. Жамбыл облысының білім […]

Толығырақ

ЖІБЕК (ДЕРЕКТІ ПОВЕСТЬ)

991 Views(Жалғасы. Басы өткен сандарда). АУҒАН КӨШ – МӘРЕГЕ ЖАҚЫНДАДЫ Алла Тағаланың кең даланы ойлы-қырлы, жоталы-сайлы етіп жаратқаны мұнша жақсы болар ма?! Қыры-төбеге шығып, айналаны шолуға, ойы – жат көзінен жасырынуға септігі тиіп жатты. Темірқұдықтан жан шақырып, азды-көпті аялдап алған көш тағы да алға қарай жылжыды. Жол мақсаты – жету. Діттеген жерге су жыландай сырғып, […]

Толығырақ

КЕК (РОМАН)

1 031 Views(Жалғасы. Басы өткен сандарда). – Ә, Адырбай, Орал, дұрыс айтасыңдар. Қашанғы тыныштық болса болды деп, қарашекпенділердің басымызға салған ылаңына, озбыршыл зұлматына шыдап жүре береміз? – Патша ұлықтары қара қазақты адам санауды қойды. Өздері сайлаған болыстарын да иттен бетер төмен ұстайды. Тек қазаққа салатын алым-салық үшін, соны жинату, орындату үшін ғана керек етеді. – Қара […]

Толығырақ

ҚАПАЛБЕКҰЛЫНА ҚАЙРАТКЕР АТАҒЫ БЕРІЛДІ

916 ViewsҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен белгілі жазушы, қоғам қайраткері Нағашыбек Қапалбекұлына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді. Н. Қапалбекұлы қазір ЮНЕСКО Мәдениеттерді жақындастыру орталығының бас ғылыми қызметкері. Ұзақ уақыт республикалық кітап музейінің директоры болып істеген. Көптеген әңгіме, повесть, роман, тарихи-танымдық ғылыми зерттеулер жазған 53 кітаптың авторы. Өткен жылы жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдық мерейтойына орай […]

Толығырақ

ОРМАН ӨРТІНЕ ЖОЛ БЕРМЕЙІК

1 171 ViewsОрманда өрт шығу себептерін сараптағанда көбінесе адамдардың өз кінәсіненболатыны анықталды. Сондықтан өрт қауіпсіздігі ережелерін үйрететін үгіт-насихат жұмыстарын тек өрт сөндіру қызметкерлері ғана емес, олармен қатарқоғамдық мекемелер де жүргізуі тиіс. Орман шаруашылығының жұмысында өрт қау­іп­сіздігі – бірінші кезектегі мәселе. Орман шаруа­шы­лықтарының барлығында орманды өрттен қорғау жоспары болады. Жоспарда орманның түрі, ортаның рельефі, су жолының, теміржол, […]

Толығырақ

ТІЛСІЗ ЖАУДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ

891 ViewsӨрт пайда болғанда сөндіруден бұрын, оның алдын алу өте тиімді. Өрттен қорғанудың ең басты тәсілі – қарапайым техникалық ұқыптылық пен тұрғындардың тұрмыстық мәдениетінің жоғары болуы. Егер әрбір тұрғын өзінің қоршаған ортасында сақтық шараларын сақтаса, өз аумағын өрттен көбірек сақтайды. Өрттің алдын алу ережелері: – Жылыту маусымы басталар алдында пештерді жөндеуден өткізіп, мұржаларды күл-қоқыстан айына […]

Толығырақ

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ АДАМ ӨЛІМІ

1 251 ViewsБасшы басымен жауап беруі тиіс! Шымкенттегі тергеу изоляторы – «ИЧ-167/11 мекемесінде» бір айға жетер-жетпес уақытта екі бірдей оқыс оқиға орын алды. Қатаң бақылауға алынған жабық мекемедегі бұл жағдай басшы құрамның қызметіне салғырт, жұмысына жауапсыз екенін анық көрсетіп берді. Тарқатып айтайық: «ИЧ-167/11 мекемесі» жұрт аузында «Сәуледегі СИЗО» деп аталады. Сәуірдің соңында осы тергеу изоляторында кісі […]

Толығырақ

«КЕДЕЙЛІК ШЕГІН ТӨМЕНДЕТУ БАСТЫ НАЗАРДА»

933 ViewsӘсия ТЕМІРБАЕВА, Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы: «КЕДЕЙЛІК ШЕГІН ТӨМЕНДЕТУ БАСТЫ НАЗАРДА» – Әсия Құралқызы, сіз бұл салада ұзақ жылдан бері қызмет атқарып келе жатқаныңызды білеміз. Осы саланың ыстық суығына мойымай, нәзік жандылар қатарының мықтылығын көрсетіп басқарма басшысы қатарына дейін жеттіңіз. Халықпен тығыз жұмыс жасайтын мекеменің бірі болған соң […]

Толығырақ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА БЕТБҰРЫС

977 ViewsМемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 5 маусымға Республикалық референдум тағайындағаны барша қазақстандықтарға белгілі. Конституциялық реформа — Жаңа Қазақстанның жарқын болашағына жасалып отырған бетбұрыс, қоғамда демократия қағидаттарын орнықтыруға жасалған қарымды қадам деп айтуымызға толық негіз бар. Ата Заңымыздың алғашқы сұлбасы 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Содан бергі 27 жыл ішінде оған Парламенттің заң […]

Толығырақ

БІР ТӘУЛІКТЕ 100-ДЕН АСА АВТОБУС ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗДЫ

854 ViewsШымкент қалалық Патрульдік полиция қызметкерлері өткен сенбіде қала аумағында «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Шара аясында тәртіп сақшылары қоғамдық көліктердегі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттарын алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтті. Осылайша мегаполисте бір тәулік ішінде қоғамдық көлік жүргізушілерімен жасалған 138 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған. […]

Толығырақ