«ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ»

Рухани жаңғыру
1 588 Views

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалықмақаласында айтылған жағдаяттарды жүзеге асыру жолында Шымкент қаласындағыХакім Абай музейінің ұйымшыл ұжымы көптеген ізгілікті де игілікті шаралардыжүзеге асырып келеді.

Жақында «Жаныңда жүр жақсы адам» айдарымен «Рухани жаңғырудың бастауы – мәдениет пен өнер» тақырыбында белгілі абайтанушы ғалым,«Абайтану» ғылыми орталығының ұстазы, филология ғылымының докторы МақсатӘліпханұлымен қатысуымен арнайы іс-шара өткіздік. Мақсат – Абай Құнанбайұлыныңақындық талантын шәкірттердің жүрегіне ұялату арқылы өлеңді мәнерлеп жатқаайтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, руханитанымын кеңейту болатын.

Басқосу барысында Мақсат Әліпханұлы Абайды оқу арқылы кез келген адам өзінің ой-өрісін кеңейтіп, айналаға деген көзқарас өзгере бастайды. Оқып, білім алуға, ерінбей еңбек етуге талпыныс жасайды. Кештің қадірменді қонағы оқырмандар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, іс-шараның мазмұнды өтуіне барынша ықпал жасады.

Шымкент қаласында орналасқан Ыбырай Алтынсарин атындағы Түркістан облыстық балалар кітапханасының мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Гүлзира Тұрғынбаева өз сөзінде Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің тәлім-тәрбиелік мәніне тоқталып, көпшілікті ұлы ақынның кітаптарын оқуға шақырды.

Кездесу кешіне қатысқан №31 жалпы мектебінің ұстаздары мен оқушылары Абайдың өлеңдерін жатқа оқумен ерекшеленді. Ән-күйден шашу шашылып, көтеріңкі көңілде өткен басқосудан көпшілік ризашылық сезімде тарасты.

Айгүл АҚЫЛБАЕВА,

Хакім Абай музейінің аға ғылыми қызметкері.

Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *