ҚҰТТЫ БОЛСЫН ЕЛУГЕ КЕЛГЕНІҢІЗ!

Құттықтаймыз
766 Views

Бостандық ауданындағы №28 жалпы орта мектебінде ұзақ уақыттан бері ұстаздық қызметін жемісті атқарып жүрген мың жылдық құдамыз – Талғат ЕСІРКЕПОВТІ Ердің жасы – Елуге келуімен шын жүректен құттықтаймыз! Жан жары Гүлчехра екеуінің ұзақ та бақытты ғұмыр кешіп, өсіріп отырған ұл-қыздары мен немерелерінің қуанышын көруіне ізгі ниеттестігімізді білдіргіміз келеді. Мерейтой иесіне өмірдегі барлық жақсылықты тілеп, мына төмендегі жыр жолдарын арнағалы отырмыз:

Бұл өмірде көп екен көргеніңіз,

Әрине аз емес қой бергеніңіз.

Талғатжан, бүгін саған айтарымыз:

Құтты болсын Елуге келгеніңіз!

Туылдың Қызыл тудың даласында,

Тәлім алдың Ангреннің қаласында.

Үйленіп математик Гүлчехраға,

Оқыттың талай қазақ баласын да.

Қос халыққа ортақ қой жеріміз де,

Шәкірттерің көп сенің елімізде.

«Ұстаздар отбасы» деп мақтанышпен

Шығарады қашанда төрімізге.

Ержан балаң өнерпаз, көрегенді,

Қарлығаштай келінің бар өнегелі.

Үй әперіп Шымкенттен тұңғышыңа,

Айданадай сүйдің сен немерені.

Досжан, Балжан – ибалы ұл-қыздарың,

Болашақ үміт күтер жұлдыздарың.

Келін ап, қыз ұзатып, той жасаңдар,

Жарасып шаңырақта дәм-тұздарың.

Нұр шашып айналаға, шартарапқа,

Кенеліңдер шаттық пенен шапағатқа.

Жеткейсіңдер аман-есен жүзге дейін,

Жан жарыңмен бөленіп махаббатқа!

Ізгі тілекпен құттықтаушылар:

құда-құдағилары – Жаңыл апа, Талғат – Гүлзахира, Әбдісаттар – Фатима, Мейірбек – Үрзада, Талғат – Зәрипа, Әтіркүл, Зәкір – Әзиза, Батыр – Бақтыгүл, Мәдина, Азамат – Жарқынай, Бақыт – Ақмарал.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *